Колл-центр(Тегін қоңырау шалу):
1408+7 (800) 080 18 90

Франчайзингтің кемшіліктері


Бизнес концепция сияқты франчайзинг әрқашан франчайзи және франчайзер үшін де көптеген артықшылықтар ұсынады. Сонымен бірге кемшіліктері де бар. Сіз франчайзингті қарастырған кезде оның артықшылықтарын да, кемшіліктерін де қарастыруыңыз қажет! Екі тарапқа да мыналарды ескеру қажет болады.

Франчайзердің кемшіліктері

1. Жүйе ережесін қадағаламайтын франчайзимен қарым-қатынасты аяқтаудың мүмкін еместігі. Франчайзингтік шарт франчайзиды қорғайтын бірқатар қағидаларды көздейді. Бұл қағидалар франчайзер үшін франчайзимен келісімшартты бұзудың мүмкін еместігін көздейді. Алайда сонымен бірге, франчайзингтік бизнестің заңдарын орындамайтын франчайзи жүйесінен шығуды қандай қағидалар қиындатады.

2. Франчайзи франчайзердің қызметкерлері болып табылмайды. Франчайзи бизнестің тәуелсіз иелері болып табылады. Тіпті франчайзингтік шарт болған кездің өзінде өз бизнесінде франчайзиды жүзеге асыратын мәмілелерді бақылау кезінде қиыншылықтар туындауы мүмкін.

3. Жұмысты нашар істейтін франчайзингтік кәсіпорындардың ықпалы.

Көптеген тұтынушылар әрбір франчайзингтік кәсіпорынды бірыңғай тауарлық белгімен жұмыс істейтін, кәсіпорынның бір тізбегінің бөлігі ретінде қабылдайды. Егер қандай да бір франчайзи бизнесті нашар жүргізетін болса, онда бұл бүкіл франчайзингтік жүйеге әсерін тигізеді.

4. Жарнаны кем төлеу немесе кешіктіріп төлеу. Франчайзерлер әрбір кәсіпорындағы сатудың жалпы сомасына шаққандағы пайызды негізге ала отырып, ұсынылған сервис үшін төлем құрылымын белгілейді. Франчайзилар

сервиске төленетін соманы анықтау үшін франчайзерге сатудың жалпы сомасы туралы есеп ұсынуға міндетті. Франчайзер сату сомасын жасыруға және өзінің франчайзеріне жарнаны төмендету үшін толық емес есеп ұсынуға әрекет жасайды.

5. Коммерциялық құпияның құпиялылығын сақтаудың қиындығы. Кез-келген франчайзингтік жүйенің жұмысы франчайзердің зияткерлік меншігі болып табылатын қағидалар мен стандарттарға негізделеді. Бизнестің бұл қағидалары коммерциялық құпияны құрайды және франчайзингтік жүйенің табысының негізі қызметін атқарады. Франчайзи франчайзер бағдарламасы бойынша білім ала отырып, коммерциялық құпиялаларға қолжетімділік алады. Франчайзингтік шарт франчайзиға мұндай ақпаратты жариялауға тыйым салғанмен де бұл бәрібір кездеседі. Франчайзерге мұнымен күресу қиын, сондықтанда егер ол тиімді шаралар әзірлей алмаса, онда бүкіл франчайзингтік жүйе қатты зардап шегуі мүмкін.

6. Табысты жұмыс істейтін франчайзидың франчайзингтік жүйесінен шығу. Франчайзи франчайзингтік қатынастар өзіне өте үлкен шектеулер қойып отыр деп есептеуі және нәтижесінде осы бизнеске қызығушылығын жоғалтуы мүмкін. Франчайзермен келісім – шартты бұзып, ол франчайзерге тікелей бәсекелестік танытатын өзінің меншікті бизнесін ашуды қалауы мүмкін.

Осы барлық қиыншылықтардан аулақ болу үшін франчайзерлер өздері франшизалар сатуды қалайтын кәсіпкерлерді өте мұқият іріктеуі тиіс. Франчайзер франчайзидың бойында істі табысты жүргізу үшін қажетті сапалардың болуын анықтау мақсатында, әрбір кандидатпен сұхбаттасуы тиіс. Франчайзи жүйенің бір бөлігіне айналғаннан кейін франчайзер оның ісінің қалай жүріп жатқандығын бақылауы тиіс. Франчайзер пісіп-жетілген мәселелерді жылдам анықтауы және дереу шешім қабылдауы тиіс.

Франчайзер франчайзимен үздіксіз байланыста болуы және одан жаңа идеялар мен әлдеқашан бар мәселелерді шешу туралы білуі тиіс. Франчайзимен бірге жұмыс істей отырып, франчайзерлер бүкіл жүйеге

Франчайзилердің кемшіліктері

1.  Франчайзингтік шарт бойынша келісім-шарттарды орындамауы. Франчайзи франчайзингтік жүйенің ережелерін сақтауы тиіс. Бұл ережелер франчайзингтік шартта тұжырымдалған және оларды франчайзилардың барлығы бірін қалдырмай орындауы тиіс. Франчайзи өз ұсынысын енгізе алады, бірақ олар жүйені өзгерте алмайды.

2. Франчайзи бастамасын шектеуші ретіндегі франчайзингтік жүйеге көзқарас. Франчайзингтік шартқа қосымша ретінде франчайзи бизнестегі күнделікті операцияларға және франшизаның тауарлық белгісін пайдалануға қатысты арнайы ережелерге бағынуы тиіс. Осының барлығы франчайзерді оқыту бағдарламасында сипатталған. Мұндай шектеулер жұмыс сағаттарына, аумақтың шекараларына, тұтынушыларға ұсынылатын өнімдер мен қызметтер ассортиментіне қатысты. Франчайзи франчайзингтік шарт әрекет етуді бастағанға дейін осы шектеулерді қабылдауға келісімін беруі тиіс.

3. Барлық франчайзингтік жүйелердің арасында қажетті ынтымақтастық орнату. Франчайзи өз бизнесінің тәуелсіз иесін білдіретін болғанмен де, ол франшиза иелерінің желісіндегі маңызды байланыстырушы буын болып табылады. Әрбір жеке франчайзи бизнес бойынша жолдас болып табылады. Франчайзилар нарыққа бірдей тауарлар мен өнімдер шығарғанмен де, олар бәсекелес болып табылмайды.

4. Ффранчайзердің тарапынан қолдаудың болмауы. Франчайзердің менеджмент немесе жұмысты жүргізу бойынша қажетті қолдау ұсынатындығын анықтау үшін әлеуетті франчайзи франчайзинтік жүйенің жұмысымен мұқият танысуы тиіс. Франчайзердің қолдауы франчайзингтік қарым-қатынастағы маңызды аспекті болып табылады. Франчайзи келісім-шарт әрекет етуді бастағанға дейін қолдау деңгейін анықтауы тиіс. Франчайзердің тарапынан қолдаудың жеткіліксіз болуы франчайзингтік жүйенің күшіне зиянын тигізеді.

5. Франчайзердің қаржылық қуатын анықтау. Әлеуетті франчайзи франчайзердің қаржылық жағдайы туралы қолжетімді ақпаратты зерттеуі тиіс. Франчайзер банкроттық туралы хабарлап сол себепті франшизаның сатылуына немесе оның күшінің жойылуына әкелуі мүмкін болатын жағдай орын алуы мүмкін.

Франчайзингтік шартты орындауды бастамас бұрын әлеуетті франзайчи франчайзермен ұсынылған материалдармен өте мұқият танысып шығуы тиіс. Әлеуетті франзайчиға осы жүйенің басқа франчайзерімен кездесіп және франчайзердің өзінің қызмет ұсынға қатысты уәдесін қалай орындайтындығын анықтау қажет.



Назад