Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Микронесиелендіру бағдарламадары


«ДАМУ Блиц» бағдарламасы бойынша қарыз беру талаптары
Бағдарламаның көмегіменекінші деңгейдегі банктер (ЕДБ) арқылы ҚР заңнамасына сәйкес тіркелген және қызметін жүзеге асыратын микрокредиттік ұйымдар (МКҰ) қаржыландырылады.
Егер Сіз моноқалада тұрып жатсаңыз, бағдарламаға қатысу Сізге шағын несие алу, сондай-ақ мынадай мемлекеттік қолдау түрлерін пайдалануға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы еліміздің агроөнеркәсіптік кешені субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және Қазақстанда жалпы ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған.
Аталған бағдарлама Сізге жаңа жұмыс орындарын құрумен, айналым қаражатын (сауда саласын қоспағанда) толтырумен байланысты ауыл шаруашылығы саласында бизнесті ашу немесе кеңейту үшін қаржыландыруды алуға көмек көрсетеді. Бағдарлама олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан, даму әлеуеті орташа және жоғары ауылдарда, қалалық әкімшілік бағыныстылықтағы аумақтарда орналасқан кенттерде іске асырылады.
Аталған бағдарлама Сізге кеңес алуға, оқуға, өз бизнесіңізді ашуға немесе кеңейтуге кредит түрінде қаржылық қолдау алуға көмек көрсетеді.
«Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы» - ҚР халқын тұрақты және өнімді жұмыспен қамтуға бағытталған, оқытуды, жұмысқа орналастыруды, өзiнiң жеке iсiн ашуға және кеңейтуге жәрдемдесуі, елдегі еңбек ресурстарының бөлінуін оңтайландыруды қамтамасыз ету бағдарламасы.
Егер Сіз ауылда жұмыс жасайтын шағын несие ұйымының өкілі болсаңыз, онда ШНҰ бағдарламасы Сізге ауыл тұрғындарына шағын несие беру үшін қосымша қаржы алуға мүмкіндік береді.