Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Қазақстан импортының талдауы


Қазақстанның тәуелсіз дамуының басынан-ақ ашық экономика старетигиясы жүзеге асырылуда. Елдің сыртқы саудасы тиімділігінің талдауы сауданың жалпы экономикалық өсу қарқынына әсерін көрсетеді. Көптеген сарапшылардың пікірінше жоғары экономикалық көрсеткіштерге жетуге көбінесе шикізат экспорты мен әлемдік нарықтардағы қолайлы бағалық жағдаят әсер етті.

Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігінің деректері бойынша 2012 жылы елдің сыртқы сауда айналымы көлемі 132,7 млрд. АҚШ долл. құрады, бұл көрсеткіш былтырғы жылдан 6,5% жоғарырық. Сыртқы сауда айналымының серпіні соңғы 20 жыл бойы өсу үрдісін көрсетіп тұр. Жаһандық экономикалық дағдарыс салдарынан сыртқы сауда айналымының көлемі 34% төмендеген 2009 жылды ғана қоспағанда. 2010 жылдан бастап сыртқы сауда айналымының көлемі қайтадан өсе бастады. Көбінесе бұл еліміздің басшылары қолданған дағдарысқа қарсы шаралардың нәтижесі еді.

Сыртқы сауда айналымы көлемінің және импорт үлесінің серпіні

Сыртқы сауда айналымының ішіндегі импорт үлесінің серпінінде соңғы 15 жыл ішінде қысқару үрдісі байқалады. 1998 жылы импорт үлесі 45% құраса, 2012 жылы оның деңгейі 35% дейін төмендеді. Осыған сәйкес сыртқы сауда айналымындағы экспорт үлесі өсті. Осы оң серпін сыртқы әлемдік жағдаяттың (шикізат қорларының әлемдік бағаларының өсуі) әсер ету нәтижесі. Экспорттың жалпы көлемінің 75% минералдық өнімдер құрайды.

Сонымен катар, ел Үкіметінің де экономиканың өңдеуші саласындағы экспортқа бағытталған өндірістерді дамытуды қолдау бойынша әрекеттерді жандандыруын атап өтуіміз жөн. Осылайша, «KAZNEX INVEST» Экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігінің деректері бойынша Үдемелі индустриалдық инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасы мен «Экспорт-2020» бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде Қазақстанда соңғы жылдары өңделген өнімдердің экспорты едәуір өсті.

Соңғы 15 жыл ішіндегі импорт пен экспорт көлемінің серпінінде өсу үрдісі байқалады. 1998 жылмен салыстырғанда импорт көлемі 11,5 есе, экспорт көлемі 17,2 есе өсті. Сонымен қатар, 2009 дағдарыс жылымен салыстырғанда импорт деңгейі 1,6 есе, экспорт деңгейі 2 есе өсті.

Импорт және экспорт көлемінің серпіні, млрд. теңге

Қазақстан импортының географиялық құрылымында соңғы ғ жыл бойы өзгерістер болды. Осылайша, ТМД елдерінен импорт үлесі 2012 жылы 2007 жылмен салыстырғанда і пайыздық тармаққа өсіп, 48% құраса, басқа әлем елдерінен импорт көлемі 52% дейін төмендеді.

Қазақстанның 2007 жылғы және 2012 жылғы импортының құрылымы

ТМД елдерінен импорттың үлкен үлесін Кедендік Одаққа мүше-елдердің тауарлары құраса, импорттың жалпы көлеміндегі Ресей мен Беларусьтың үлесі 2012 жылы 2007 жылмен салыстырғанда 3 пайыздық тармаққа төмендеп, 80% құрады. Бұл Украинадан импорттың өсуі салдарынан баолды – осы елдің үлесі 2012 жылы 13% өсті.

Қазақстанның ТМД елдерінен импортының құрылымы, 2007 және 2012 жылдар.

Басқа әлем елдерінен импорттың үлкен үлесі Қытайға бұйырады, сонымен қатар соңғы бес жыл ішінде осы елдің үлесі 19%-дан 31% дейін өсті. Екінші орында Германия, оның Қазақстан импортындағы үлесі басқа елдермен салыстырғанда 2 пайыздық тармаққа өсіп, 2012 жылы 16% құрады. Үшінші орында АҚШ импорт алады, дегенмен, осы елдің үлесі 2007 жылмен салыстырғанда өзгермей, 9% құрап тұр.

Басқа әлем елдерінен импорт құрамы, 2007 және 2012 жылдар.

ТМД елдерінен өнім импорты

2012 жылы Қазақстан нарығына тауарды басты жеткізушілер болғандар: Ресей (мұнай, бензин, құбыр өнімдері және т.б.), оның үлесі Қазақстанның жалпы импортының 38% құрады; Қытай (электроника, вагондар, телефондық аппараттар және т.б.) – оның үлесі 17% құрады.

2012 жылғы Қазақстан импортының құрылымында «машиналар, жабдықтар, көліктік құралдар, аспаптар мен аппараттар» тауарлық тобы басым, оның үлесі 39% құрады. Минералдық өнімдер 15%, химиялық және онымен байланысты салалардың өнімдерінің импорты 13% құрады.

Қазақстанның басты тауарлық топтар бойынша импортының құрылымы, 2013 жыл.

Дайын азық-түлік тауарлары мен малдық және өсімдіктік өнімдер ерекше топты құрайды. Қазақстан 2012 жылы азық-түлік импортына 4 млрд. АҚШ долл. аса қаржы жұмсаған. Әрине, барлық импортты отандық тауарлармен алмастыруға болмайды, сонымен қатар азық-түлік импорты біздік агро-өнеркәсіптік кешеніміздің дамуына қатер төндіріп тұр. Еуропа Одағы қолдау көрсететін шетелдік фермерлармен бәсекеге түсу өте қиын. Күнделікті өмірде біз бұл туралы ойланбаймыз, бірақ осының салдары көп кешікпей пайда болады.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбековтің айтуынша, Қазақстан өзін тек 60% ғана өз ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етеді, қалған 40% импорт үлесінде. А.Мамытбеков атап айтқандай, өңдеуші өнеркәсіпті дамытудың басты мақсаты өндірістің өзіндік құнын төмендету және өндірілген өнімнің ішкі және сыртқы нарықтарда басекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. Сонымен қатар, мемлекет өңдеуші кәсіпорындарға жағдай жасауы керек, яғни олар ары қарай мемлекеттің қолауынсыз-ақ өзін-өзі қамтитын және басекеге қабілетті кәсіпорындар болып қалатындай деңгейге көтеру қажет. Қойылған мақсатқа жету үшін, министрдің айтуынша, өңдеуші кәсіпорындарды шикізатпен, жоғары технологиялық өндіріс пен дайын өнімдерді өткізуді қамтамасыз ету керек.