Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Экспортер болу үшін не қажет. Экспорттық операциялардың негізгі кезеңдері


Өнімін/қызметін экспорттауды ұйғарған кәсіпкерге бизнесінің жағдайына талдау жасап, экспорттау процесін жоспарлауға қатысты маңызды сұрақтарға жауар бергені жөн.

Кәсіпорынның экспорттық әлеуеті

Кәсіпорынның экспорттық қызметінің әр сатысындағы тәуекелдер мен әлеуетті қиындықтарды талдау;

Бәсекеге қабілетті, керекті өнім шығару үшін қазіргі өндіріс қуатына, шикізат қорларына, мамандандырылған қызметкерлерге талдау жалдау.

Экспорт тық тауар

Тауардың дизайн, көлем, түс, қапталуы, таңбалануы, сияқты мақсатты шетел нарығының талаптарына сәйкестігі;

Тауардың СЭҚ ТН кодына сәйкес жіктелуі, осы тауарды экспорттау ережелері.

Экспортты жүзеге асыру тәсілдері

Тауарды шетелге сатудың ең қолайлы түрін таңдау – импортермен келісім-шарт жасасу арқылы, сыртқы сауда ұйымының делдалдығымен, тауар биржасы мен бірлескен кәсіпорын құру арқылы.

Экспорт тық рәсімдер

Экспорттық тауарларға қатысты ерекше ұйғарымдар; Экспорттық рәсімдерді орындаудың алгоритмі;

Экспорттық рәсімдерді орындауға кеткен шығындардың экспортты ұйымдастыру процесіне әсері;

Экспорт үшіг жеңілдікті/шектеуші жағдайлардың жүйесі (тәжірибелік қолдану, тиімділік).

Тауарлар/қызметтер экспорты бойынша құжаттар

Таңдалған елге экспорттау үшін қажетті сапа және сәйкестілік сертификаттарының, гигиеналық, экологиялық куәліктердің бар болуы, сонымен қатар құжаттарды ресімде (дана саны, көшірмелері, нотариалдық куәландыру, заң тұрғысынан дұрыс ресімделуі);

Тауарды экспорттауға рұқсат алу үшін қажетті құжаттарды жинау, сонымен қатар заңда бекітілген басқа да процедуралардан өту;

Экспорттық құжаттарды сәйкес мекемелерде ресімдеуге кететін уақыт пен шығындарды бағалау.

Серіктестер

Экпорттаушыға экпорттық процестің әр түрлі сатысында қолдау көрсететін қазақстандық ұйымдарды іздеу (байланыс ақпараты, ынтымақтастық шарттары);

Тауарды әлеуетті импорттаушылар іздеу;

Шет елдерде делдалдық, консалтингтік, өкілдік қызметтер көрсететін шет елдік ұйымдар іздеу;

Шет елдік серіктестіктермен іскерлік байланыс орнату, оны тұрақты түрде қолдау (мәдени ерекшеліктерін, іскер этикетті, шет тілінде хат жазысуды білу ).

Экспорттық операцияның басты кезеңдері

1. Келісімшарттың алдындағы дайындық, келісімшартқа қол қою

– кәсіпорынның экспорттық операцияларға дайындығын тексеру

– маркетингтік зерттеулер жүргізу

– экспорттық стратегияны анықтау және экспорттық бизнес-жоспар құру

– сауда серіктесін іздеу

– серіктестің іскерлік беделі мен төлем қабілеттілігі туралы ақпаратты тексеру

– келісімшартты дайындау және оған қол қою

2. Экспорттық операцияны дайындау

– тауардың СЭҚ ТН бойынша кодын анықтау

– тауарды Қазақстанна шығарып, экспорт еліне кіргізудің мүмкіндіктерін анықтау

– тауарды кедендік ресімдеу үшін құжаттарды әзірлеу

3. Тауарды кедендік рәсімдеу және жөнелту

– жөнелтілетін кеден органын кедендік декларация, құжаттар мен деректер жіберу арқылы хабарландыру;

– кедедік ресімдеуді жүзеге асыру;

– тауарды ҚР кедендік шекарасындағы өткізу бекетіне дейін жеткізу;

– жеткізілетін кеден органын кедендік мақсаттарға қажетті тауарлар мен құжаттарды тасымалдаушы арқылы ұсынумен хабарландыру

– тауарларды ҚР кедендік шекарасынан шығару.

4. Келісімшарттың аяқталуы

– тауар үшін төлем төлеу

– келісімнің валюталық бақылаудан өтуі

– ҚҚС өтеп алу үшін құжаттарды дайындап, өткізу