Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Шетелдік серіктестерді іздестіру


Мемлекет экспорттаушыларға шетелдік серіктестер іздеуде көмек көрсетеді, яғни қазақстандық өңделген өнім өндірушілер келесі шараларға қатыса алады:

  • Сауда миссияилары,
  • Профиль ді көрмелер,
  • Тауар белгілерін таныстыру рәсімі,
  • Бірыңғай ұлттық стенд.

Сауда миссияилары

Шетелдерге сауда миссияларын өткізу мақсаты қазақстандық экспорттаушылар мен әлеуетті шетелдік импорттаушылар (нақты елдер бойынша) арасында тікелей байланыс орнатуға, қазақстандық өнім/қызметтерді экспорттау кезінде туындайтын мәселелерді шешуге жәрдемдесу.

Сауда миссиясын өткізетін елдер әлемдік саудаға талдау жүргізу арқылы анықталады (нақты бір елдің өнім/қызмет түрлері бойынша импорт көлемі, әлемдік импортпен арасалмағы, қазақстандық өндіріспен арасалмағы ).

Қызметтің мазмұны:

  • шетелдік компаниялар арасынан әлеуетті импорттаушылар таңдау;
  • екіжақты кездесулер ұйымдастыру;
  • қатысушылардың сауда миссиясын өткізетін елде қонақ үйде тұру ақысын төлеу;
  • логистика (визалық қолдау, қонақ үй броньдау, ел ішінде трансферт қамтамасыз ету және т.б.);
  • кездесулерде аудармашылардың болуын қамтамасыз ету.

Қатысушылар виза және әуе жолы құнын өздері төлейді.

Сіз үшін ашылатын мүмкіндіктер:

  • Әлеуетті сатып алушылармен тікелей байланыстар орнату.
  • Ел аймағына қазақстандық тауарды енгізу мәселесі бойынша шет елдердің мемлекеттік органдарымен диалогқа қатысу.
  • Шетелдік әлеуетті сатып алушылар алдында өз компанияңызды таныстыру.
  • Ұзақ мерзімді экспорттық келісімшарттарға қол қою.

Сауда миссияларына қатысуға шақырамыз. Сауда миссияларына қатысу үшін барлық сұрақтарыңыз бойынша Экспортты жылжыту департаментінің менеджері Сұлтанмұратова Айсұлуға төменгі байланыс ақпараты арқылы хабарласуды сұраймыз: 8 (7172) 79 93 93, қос. 1003, ұялы тел.: 8 702 422 0110, электрондық пошта: aisulu@kaznexinvest.kz және aisulu_22@mail.ru.

Шетелдік кәсіби көрмелерге қатысу

Шетелдік арнайы көрмелерге қатысу – өз компанияңыз бен шығарылатын өнімді, қызметтерді таныстыруға, жаңа тұтынушылар тауып, бұрынғы тұтынушылармен байланыстарды нығайтуға, бизнесті дамыту үшін жаңа серіктестер табуға, бәсекелестерді зерттеуге, бизнес пен қоғамдық қатынастарды кеңейтуге мұмкіндік беретін кәсіпорынды шетелдік нарықта жылжытудың ең тиімді каналы.

Шетелдік көрмелерді таңдауды қазақстандық кәсіпорындар өздері қазақстандық бизнестің қажеттіліктерін есепке ала отырып бірінші кезекте ел бойынша, мамандануы бойынша, ауқымы бойынша таңдайды. Қажет болған жағдайда кәсіпорынның сұрауы бойынша KAZNEX INVEST керекті көрмені таңдап бере алады.

Қызметтің мазмұны:

KAZNEX INVEST Сіздің кәсіпорынңыздың арнайы мамандандырылған көрмеге қатысу шығындарыңыздың бір бөлігін өз мойнына алады (бір жылда бір көрмеден көп емес). Соның ішінде келесі шығындар төленеді:

  • тіркеу жарнасы;
  • 12 шаршы метрден аспайтын жабдықталған көрме алаңын жалға алу;
  • көрменің ресми каталогында жарнама орналастыру;
  • қосымша жабдықтар (витрин алар, стендтар, стандарттық жиһаз, кілемдік жабу, фриздағы жазба, плазмалық монитор, проектор, түпқоймалар, DVD ойнатқыш және т.б. );
  • стендті құру және бұзу;
  • коммуникациялар жүргізу (электр қуаты, телефон, сумен жабдықтау, ғаламтор және т.б. );
  • сақтандыру сыйақысын төлеу ( көрме жабдықтарын міндетті түрде сақтандыру ).

Толық ақпарат алу үшін Басқарушы директордың экспортты жылжыту қызметінің менеджері Досқажанова Данаға келесі байланыс ақпараты бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: тел: 8 (7172) 79 93 93, қос. 1068 немесе электрондық пошта:doskazhanova @kaznexinvest.kz.

Қазақстандық тауарларды (тауарлар/қызметтер) сыртқы нарықтарға жылжыту

Осы құрал аясында KAZNEX INVEST отандық өңделген тауарлардың/қызметтердің экспорттық жеткізілімдерін қамтамасыз ету үшін әлеуетті шетелдік сатып алушыларға қазақстандық тауар белгілерін (бренд) таныстыру шараларын жүргізеді.

Қызметтің мазмұны:

  • әлеуетті шетелдік сатып алушыларға тауарлық ақпарат беру арқылы қазақстандық тауарларды шетелдік нарықтарға жылжыту бойынша жарнамалық-таныстыру шараларын ұйымдастыру;
  • өнім мен қызмет каталогтарын әзірлеу және тарату;
  • қазақстандық өнімдерді/қызметтерді шетелдік нарықтарға жылжыту үшін отандық компаниялардың шетелдік көтерме-сауда компанияларымен, сауда жүйелерімен және тағы басқа әлеуетті сатып алушылармен екі жақты кездесулер ұйымдастыру;
  • отандық кәсіпорындар өкілдерінің баратын елге ұшу және қайтып келу шығындарын төлеу;
  • шетелдегі қонақ үйде тұру шығынын төлеу.

Сіз үшін ашылатын мүмкіндіктер:

  • Сыртқы нарықтарда өз өніміңіздің танымалдығын арттырып, беделін көтеру
  • Шетелдік әлеуетті сатып алушыларды өз өнімдеріңіздің тұтынушылық қасиеттері туралы хабарландыру.
  • Әлеуетті сатып алушылармен тікелей байланыстар орнату.
  • Ұзақ мерзімді экспорттық келісімшарттарға қол қою.

Барлық сұрақтар бойынша Басқарушы директордың экспортты жылжыту қызметінің бас маманы Исекеев Мәдимен келесі байланыс ақпараты бойынша хабарласуыңызды өтінеміз: тел. 8 (7172) 79 93 93, қос. 1060, ұялы тел. +7 701 227 8886 немесе электрондық пошта Issekeyev@kaznexinvest.kz .

Бірыңғай Ұлттық стенд

Ұлттық стенд ұлттық экспортты жылжытудың тиімді құралдарының бірі болып табылады. Бұл шара – белгілі бір саладағы бәсекеге қабілетті қазақстандық өндірушілердің өнімдерін/қызметтерін халықаралық, мамандандырылған көрмелерде ұжымдық таныстыру болып табылады.

Сонымен қатар, KAZNEX INVEST ұлттық экспортты тиімді жылжыту мақсатында өзіне ірі қазақстандық өндірушілердің қатысуын қамтамасыз ететін шоғырландырушының рөлін алады.

Қызметтің мазмұны:

KAZNEX INVEST кәсіпорындардың ұлттық стендке қатысуы бойынша келесі шығындарын өз мойнына алады:

  • Тіркеу жарнасы;
  • 25 шаршы метрден кем емес жабдықталған көрме алаңын жалға алу;
  • көрменің ресми каталогында жарнама орналастыру;
  • қосымша жабдықтар (витрин алар, стендтар, стандарттық жиһаз, кілемдік жабу, фриздағы жазба, плазмалық монитор, проектор, түпқоймалар, DVD ойнатқыш және т.б. );
  • көрмелік стендтің дизайн-макетін (эскизін) әзірлеу, көрмелік стендтер мен жылжымалы конструкцияларды құрастыру, стендті құрау және бұзу;
  • коммуникациялар жүргізу (электр қуаты, телефон, сумен жабдықтау, ғаламтор және т.б. );;
  • сақтандыру сыйақысын төлеу ( көрме жабдықтарын міндетті түрде сақтандыру );
  • жарнамалық-таныстыру материалдарды тасымалдаумен байланысты шығындарды төлеу.

Толық ақпарат алу үшін Басқарушы директордың экспортты жылжыту қызметінің бас маманы Бейсеков Әнуармен келесі байланыс ақпараты бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: тел: 8 (7172) 79 93 93, қос. 1060 немес электрондық пошта: т beisekov@kaznexinvest.kz