Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Экспортерларды қолдау құрылымы


1. «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ (KAZNEX INVEST) ұлттық даму институттарының бірі болып табылады және қазақстандық шикізаттық емес экспортты дамыту мен алға бастыруға және экономиканың басым секторларына шетелдік инвестицияларды тартуға неғұрлым жағымды жағдай жасау арқылы ұлттық экономиканы әртараптандыруға жәрдемдесу бойынша қызмет атқарады.

KAZNEX INVEST өз қызметін Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы,

010000, Астана қ., Сығанақ к. 25, "Ансар" бизнес-орталығы, 2 қабат

Тел: + 7 (7172) 79 93 93

Факс: +7 (7172) 79 93 92

Website:http://www.kaznexinvest.kz

e - mail:info@kaznexinvest.kz

call-center по вопросам экспорта: + 7 (7172) 79 93 93,вн. 1010

e - mail:export@kaznexinvest.kz

2. «ҚазЭкспортКепіл» экспорттық-несиелік сақтандыру корпорациясы» АҚ

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдинг» АҚ-ң еншілес ұйымы «ҚазЭкспортКепіл» экспорттық-несиелік сақтандыру корпорациясы» АҚ (ары қарай ҚазЭкспортКепіл) Қазақстан Республикасының экспорттық-несиелік агенттігінің қызметін орындайтын бірден-біржалғыз мамандандырылған сақтандыру ұйымы болып табылады. ҚазЭкспортКепіл еншілес ұйымы Елбасының 2004 жылғы Қазақстан халқына жолдауына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 мамырындағы № 442 Қаулысысымен мемлекеттің шикізаттық бағыттан ауытқып, экономиканың шикізаттық емес салаларында экспортқа бағытталған өндірістерді дамытуға бағытталған Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын іске асыратын жаңа даму институтының бірі ретінде құрылды.

ҚазЭкспортКепілдің міндеттері:

- шикізаттық емес тауарлар мен қызметтердің экспортын сақтандыру (қайта сақтандыру);

- шетелдерге инвестицияларды сақтандыру (қайта сақтандыру).

ҚазЭкспортКепіл сақтандыру қызметінен басқа келесі қызметтерді жүзеге асырады:

- сыртқы экономикалық қызметті сақтандыру мәселесі бойынша консультациялық қызмет;

- «жалпы сақтандыру» саласында қайта сақтандыру.

Қазақстан Республикасы,

050010, Алматы қ.,

Зенков к., 80, 2 қабат

Тел.: +7 (727) 250 00 21

Факс: +7 (727) 293 88 37

Website:www.keg.kz

E-mail:info@keg.kz

3. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдинг» АҚ-ң еншілес ұйымы. «Даму» қорының міндеті – Қазақстандағы шағын және орта бизнестің сапалы түрде дамуына көмек көрсету. «Даму» қорының кәсіпкерлікті қолдаудағы басты құралдары болып екінші деңгейлік банктер арқылы жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру, пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау, банктер алдында кепілдік ұсыну, лизингтік мәмілелерді және микрокредиттік ұйымдарды, қаржылық емес қолдау көрсету табылады. «Даму» қоры елдегі кәсіпкерлікті дамыту бойынша басты мемлекеттік даму институты болып табылады, қордың барлық 14 облыстар мен Астана және Алматы қалаларында аймақтық филиалдары бар.

Қазақстан Республикасы,

050004, Алматы қ.,

Гоголь к., 111, Наурызбай батыр к.қ.

Тел.: +7 (727) 244 55 66

Факс: +7 (727) 278 07 76

Call-центр: +7 (727) 244 55 77 (многоканальный)

Қысқа нөмір: 1408 (Қазақстан бойынша қоңыраулар тегін)

Website:www.damu.kz

E-mail:info@fund.kz

4. «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ энергетика, көлі, металлургия, химия және фармацевтика сияқты және т.б. басым салалардағы (құрылыс материалдары, туризм АӨК және басқа) ірі жобаларды іске асырумен айналысады.
ҚДБ – қызметі отандық экономиканы әртараптандыруға бағытталған Қазақстанның бірегей қаржы институты.

Банк қазақстандық өнімді жеткізуші резидентке де, қазақстандық өнімді сатып алушы бейрезидентке де қарыздарды беру жолымен бірлесіп қаржыландыруды қоса алғанда, экспорттық операцияларға несие беру қызметін ұсынады.

Қазақстан Республикасы,

010000, Астана қ.,

Есіл ауданы, Орынбор к., 10 («Қазына Тауэр» ғимараты)

Телефон: +7 (7172) 79 26 00

Факс +7 (7172) 79 26 38

Call-центр 8 800 080 555 9

Website:www.kdb.kz

5. Қазақстан Республикасының сауда-өнеркәсіп палатасы

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы – коммерциялық емес ұйым. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы  отандық бизнестің ҚР Үкіметі және мемлекеттік органдармен келіссөздер жүргізу жұмыстарының қарқынын арттыру мақсатында құрылған.  Кәсіпкерлер палатасы шағын, орта және ірі бизнес мүдделерін білдіреді және құқықтарын қорғайды. Палата өз қызметінде кәсіпкерлік саласының, оның ішінде ішкі және сыртқы сауда салаларын қамтиды.  

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басты міндеті – бизнес құқығын және мүдделерін қорғау, бизнестің қызметіне қатысты заңнамалық және басқа да нормативтік қағидаларды қалыптастыру үрдісіне барлық кәсіпкерлердің кең көлемде қамтылуы мен осы үрдістерге кәсіпкерлердің қатысуын қамтамасыз ету.  

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметі іскерлік және инвестициялық ахуалды жақсартуға, тұрақтылықты нығайтуға, елде  ұлттық, сондай-ақ  шетел инвесторларының бизнес жүргізуіне қолайлы жағдайларды дамытуға бағытталған.

ҰКП негізгі қызметтері:

  • кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау; 
  • өңірлерде кәсіпкерлік қызметке жасалынған жағдайлардың, кәсіпкерлік белсенділіктің қоғамдық мониторингін жүргізу;
  • кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға қатысу;
  • отандық өндіріске қолдау көрсету және ұйымдардың сатып алуларында жергілікті мазмұн үлесін арттыру;
  • мамандар дайындау, қайта дайындау, біліктілігін арттыру, сертификаттау және аттестациялау, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту;
  • кәсіпкерлік субъектілерді сыртқы экономикалық қызметін ынталандыру;
  • инвестицияларды тарту және экономиканы әртараптандыру.

Сонымен қоса, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы барысына отандық бизнестің барынша тартылуын көздейді. мемлекеттік мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында іскерлік орта мүддесін қорғау. ҰКП шет елдердің бизнес қауымдастықтарымен байлансты кеңейтуде және нығайтуда. Сондай-ақ Ұлттық кәсіпкерлер палатасы интеграциялық үрдістерде отандық бизнеске қолдау көрсетеді. 

 

Орталық аппараттың мекен-жайы:

Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Қонаев көш., 8,

АЗ "Изумрудный квартал",

Блок "Б", 26 қабат

Қабылдау телефоны+7(7172) 919 300  

Телефон/факс: +7(7172) 919 393

Канцелярия: +7(7172) 919 390

E-mail: info@palata.kz