Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Экспортерларды қолдау бағдарламалары


Егер сіз сыртқы нарықтарда экспорттау бизнесін жүргізу бойынша проблемалық мәселелерге тап болсаңыз, ҚР Инвестиция және даму министрлігі мекен-жайы бойынша экспорттаушылар кеңесіне хабарласа аласыз.

Экспорттаушы Кеңестің қызметі экспорттаудың дамуына кедергі келтіретін қазақстандық өнімдерді экспорттауды қолдау және жүйелік, әкімшілік және бюрократиялық бөгеттерді жою бойынша мемлекеттік органдарды координациялауға бағытталған.
Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссиялар Қазақстанның шет елдермен сыртқы экономикалық қарым-қатынастарын дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған
Мемлекет отандық өңделген өнімді ілгерілетумен байланысты шығынның 50%-ын өтеу арқылы өндірушілерге қолдау көрсетеді. Нәтижелер жайлы толығырақ.

Шығындардың қандай түрлері өтеледі?
КҚКО – бұл бизнесті жүргізудегі өзекті мәселелер бойынша оқытулар, шеберлік сабақтары мен семинарларды «бір терезе» қағидатымен толық консалтингтік қызмет көрсететін пакет.
Және мұның барлығы - тегін!
«Жұмыс істеп тұрған бизнесті жүргізуді сервистік қолдау» бағдарламасының көмегімен Сіз заңгерлердің, маркетологтардың, сапа стандарттарын енгізу бойынша мамандардың кеңестерін тегін алу және бизнестің маңызды мәселелерін шешу мүмкіндігіне ие боласыз.
Кәсіпкерлердің құзірет орталықтары арқасында Сіз консультациялық, сервистік қызметтер ала отырып, облыс орталықтарында және аймақтарда қажетті оқуларды оқи аласыз.
Өндірістік кооперация жүйесі – субконтарктация Сіздерге жаңа серіктестер (жаңа тапсырыс берушілер немесе сіздердің тапсырыстарыңызды орындаушылар) табуға көмектеседі. Бұл құрал әртүрлі кәсіпорындарды біріктіріп, ірі компанияларға тапсырыстың бөліктерін шағын компанияларға жүктеуге мүмкіндік береді.
Профильді көрмелер сізге өткізу мен сатылымды ұлғайтудың жаңа нарығын табуға, жаңа серіктестермен қарым-қатынас орнатуға көмектеседі. Көрмеде сіз бәсекелестеріңізді зерттеп, бизнесті дамытуға қызықты идеялар таба аласыз. KAZNEX INVEST шет елдегі профильді көрмеге қатысуға көмектеседі.
«Гуманитарлық көмек нарығына жылжыту» бағдарламасына қатысу Сізге өніміңізді халықаралық гуманитарлық ұйымдарға сату мүмкіндігін береді. БҰҰ немесе Қызыл Крест тұрақты түрде әр түрлі тауарларды сатып алады (азық-түлік, дәрі-дәрмектен бастап, құрылыс материалдарына дейін). Мемлекеттік қолдаудың осы түрі мелекеттік «Экспорт 2020» бағдарламасынынң аясында көрсетіледі.
Шет елдердегі сауда миссияларына қатыса отырып, Сіз өз тауарыңызды таныстырасыз және өткізудің жаңа нарығын табасыз. Жоба аясында Сіздің өнімдерге қызығушылық танытқан сатып алушылармен кездесу және келіссөздер жүргізесіз. Сіздің серіктестер таңдау мен сапарыңызды KAZNEX INVEST агенттігінің мамандары ұйымдастырады. Іскерлік сапарға лайық елдер бұл мемлекеттердің импортын талдау негізінде таңдалады. Сауда миссиялары шет елдерде тауарды жылжыту және серіктестіктер іздестірудің тиімді құралдарының бірі.