Колл-центр(Тегін қоңырау шалу):
1408+7 (800) 080 18 90

Табыстылар тағылымы


Қазы табыс көзіне айналды

Ұлттық тағамның қадірі артып, сұраныс ұлғайып келеді. Шетелдің жартылай піскен тағамдарынан бас тартып, мал бағу, ет және ет өнімдерін жасау жолға қойылды. Ақтөбелік кәсіпкер ысталған қазы жасап, оны «Саржайлау» атады. «Жергілікті кәсіпкерлер жылқы етін тапсырып үлгерсе» дейді Данат Шұраханов. Ол алдағы жылдары қазы айналдырудың түрлі тәсілін пайдаланып, тіл үйірер тағамның бірнеше сортын жасауды көздеп отыр.

Қазының дәм-тұзы ерекше. Әсіресе, сүрленген тағам тіл үйіріп, «жесең тісіне, жемесең түсіңе» кіреді. Соғымға жылқы сойғанның дастарқанынан табылатын қазы қазір базарда самсап тұр. Тек таңдап, нағыз тағамды ажырата білу қажет. Ақтөбелік кәсіпкер Данат Шураханов шағын қазы цехын озық технологиямен жабдықтады. Мұнда 10 жұмысшы тәулігіне 500 келі ұлттық тағам әзірлейді. Басты мақсат қазының құндылығын жоғалтпай көпшілікке ұсыну, дайындау технологиясын сақтау. Ол үшін жылқы етін дәстүрлі әдіспен айналдырады. Әзірге қазының екі түрі ғана шығарылады.Кәсіпкер Д.Шураханов: «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының көмегі тиді. Шетелден өндіріске қажет құрылғылар алу үшін несие алғанбыз. Оның 70 пайызына «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры кепілдік берді. Субсидияға ілігіп, несиенің 7 пайызы мемлекеттің көмегі ретінде төленіп отыр» дейді. Өндіріс орны жылына 120 тонна жылқы етін өңдейді. Мұнда шетел құрал-жабдықтарымен жұмыс жасайтын мамандар да оқытылды. Сапаға ден қойған өндіріске мемлекеттің бақылауы да, қолдауы да мықты.

Ұлттық тағамның қадір-қасиетін жетік білетін қазы айналдырушы Алма Тәженова анадан қалған әдісті пайдаланады. «Кішкентай кезімнен көрген жұмысым, әдіс-тәсілім. Әке-шешеміз де мал бакты. Бұл — анамыздың көрсеткен үлгісі. Сондықтан қазыны айналдырғанда тиімді, дәмді болғанын ойлаймыз, — дейді ол. Қазы айналдыратын цех мамандары «Әріптестік байланыс» бағдарламасы бойынша Германияда шеберліктерін шындады. Негізгі ой —. дәстүрлі ұлттық, тағамды әлемдік нарыққа халықаралық талаппен шығару. Мұнда етті өзің таңдап, қазыны қалауыңша айналдырып алуға болады. Алдағы жылы цехта шығарылатын ұлттық тағамның түрі көбейтіледі. Қоректік қуаты жоғары, дәрумені мол қазақтың қазысы — Кедендік одаққа енген көрші елдерге де экспортталады.

Шағын цех 40 миллион теңгеге салынды, тең жартысы. — кәсіпкер қаржысы. Қазір мұнда жеткізу кызметідебар. Арнайы жүк көлігі тапсырысты уақтылы орындайды.


Раздел не найден.