Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» бірінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердегі несиелерін және өзге де мемлекеттік қолдау шаралары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау ережесі


1. Бағдарламаның мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді).

Субсиди ялау – бұл құрал Сізге ҚР Екінші деңгейлі банктері (ЕДБ)/Даму Банкі/Лизингілік компаниялары несиелері бойынша пайызды төлеу кезінде мемлекеттің көмегін пайдалануға мүмкіндік береді. (ЕДБ)/Даму Банкі/Лизингілік компаниялар сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жаңа инвестициялық жобаларды, сонымен қатар өндірістерді жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілген жаңа несие/қаржы лизингі шарттары бойынша жүзеге асады. Сонымен қатар, жаңа несиелерге жаңа инвестициялық жобаларды, сонымен қатар экономиканың басым бағыттарындағы (қараңыз: (http://www.damu.kz/9633) өндірістерді жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жаңа жобаларды іске асыру үшін Банктермен/Даму Банкімен берілген ӨҮК-ке шығарылғанға дейін кемінде 6 ай бұрын алынға несиелерде жатады.

Субсидиялау жүзеге асырылатын несиенің сомасы Кәсіпкердің әрбір жеке Жобасы бойынша 4,5 млрд. теңгеден аспайды.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Сіз Жобаны іске асырудың жалпы құнының 10 %-нан төмен емес деңгейде өз ақшалай қаражатыңызды Жобаны іске асыруға қатысуын не Жобаны іске асырудың құнының 20 %-нан төмен емес деңгейде өзініңіздің жылжымалы/жылжымайтын мүлкіңізбен Жобаны іске асыруға қатысуын қамтамасыз етуіңіз тиіс. Егер несие бойынша міндеттемелерді орындауда жобаны іске асыруға тікелей қатыспайтын жылжымалы/жылжымайтын мүлкімен қамтамасыз етілсе, онда аталған мүліктер жобаға жеке қатысуы ретінде қарастырылмайды.

МОНОҚАЛАЛАР, ШАҒЫН ҚАЛАЛАР МЕН АУЫЛДЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕГІ ЖОБАЛАРДЫ СУБСИДИЯЛАУ

Субсидиялау мөлшері

10% (тіркелген) * несие/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінен.

Субсидиялау мерзімі

3 жыл (6 жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен)

Қаржыландыратын саласы

Салалық шектеусіз

Субсидиялау түрі

«Даму» Қорының 3 жақты келісім аясында банктермен қайтарусыз және тегін негізге дүркін-дүркін төлеуі

Несиенің мақсатты нысаны

Инвестициялауға **;

Негізгі құрал-жабдықты жаңалауға және/немесе жаңартуға;

Айналым қаражатын толықтыруға ***.

Жобаға меншікті қатысуы

180 млн.теңгеден аса сомадағы несие(лер) бойынша кәсіпкер, жоба сомасынан 10% мөлшерде меншікті қаражатымен (ақшалай, жылжитын/жылжымайтын мүлікпен) жобаны жүзеге асыруға қатысуға тиіс.

Несие/лизингтің Max мөлшері

750 млн. теңгеге дейін

Несие бойынша % мөлшерлемесі

ЕДБ үшін жылдық 19% аспайды;

Даму банкі үшін 13% **** аспайды.

Несие/лизинг валютасы

теңге

Несие/лизинг беру мерзімі

жаңа несие/лизинг шарттары бойынша 12 айға дейін;

бастапқы беру күнінен 4 жылдан көп емес.

Айрықша шарттар

ӨҮК мақұлдаған жобалар бойынша банк/лизингтік компания бұрын алынған комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдерді ағымдағы қаржылық жылы қайтарады.

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды?

2.1. Сіз бағдарламаға келесі жағдайларда қатыса аласыз:

· Сіз экономиканың басым бағыттарында жұмыс жасайсыз ( http://www.damu.kz/9633);

· Сіз банктен жаңа инвестициялық жобаларды, сонымен қатар экономиканың басым бағыттарындағы өндірістерді жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жаңа жобаларды іске асыру үшін несие алсаңыз;

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Бұрын, Сіз мемлекеттің тұрақтандыру және дағдарысқа қарсы бағдарламаларының қатысушысы болсаңызда, «Банк несиелері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау» бағдарламасына қатыса аласыз;

2.2. Сіз бағдарламаға келесі жағдайларда қатыса алмайсыз:

· Сіз ішімдік, құрамында спирті бар, темекі өнімдерін шығаруды жүзеге асырсаңыз;

· Сіздің несиелеріңіз тікелей Мемлекеттің даму институттарынан болса ( Мысалы, « Қ азАгро» ҰБХ» АҚ және оның еншілес ұйымдары, сонымен қатар құрылтайшысы мемлекет болып табылатын басқа да қаржылық институттар );

· Сіздің компания салық төлеушілер сайтының тізіміне кіреді (http://online.zakon.kz/Document/?doc_id=31313739);

· Егер Сіз Ауыл шаруашылығы министрлігінің бағдарламалары шеңберінде қаржылық қолдау алып отырсаңыз;

· Сізге берілген несие, несиенің жалпы сомасынан 30% артық емес көлемде негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе өндірістерді жаңғыртуға және/немесе кеңейтуге бағытталған несие шеңберінде айналым құралдарын қаржыландыруды қоспағанда, айналым қаражатын толықтыруға берілсе,

· Субсидия алғыңыз келетін Сіздің несиеңіз ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге берілсе ( бұл жағдайда ҚАЗАГРО БАҒДАРЛАМАСЫНА СІЛТЕМЕГЕ көңіл аударыңыз ).

3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

Егер Сіз жаңа несие алып және оның сыйақы мөлшерін субсидиялағыңыз келсе, онда Сіз:

3.1. Банкке несие алу туралы өтініш бересіз.

3.2. Әрі қарай банк Сіздің жобаңыздың қаржы-экономикалық тиімділігіне бағалау жүргізеді.

3. 3. Банк оң шешім қабылдаған жағдайда, өтініш-сауалнама және құжаттар топтамасымен бірге Әкімдіктің Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына жүгінесіз:

Кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (Кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірмесі);

2) лицензия — егер қызмет түрі лицензияланатын болса (Кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірмесі);

3) жарғы, кұрылтай шарты (бір құрылтайшы болған жағдайда құрылтай құжаты талап етілмейді). Акционерлік қоғам қосымша акциялар эмиссиясының проспектісін және акционерлер тізілімінен үзіндіні (Кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірмесі) ұсынады;

4) өтініш берілетін күнге дейін 30 күннен кешіктірмей берілген салық комитетінен бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқтығы туралы анықтама;

5) Кәсіпкердің соңғы қаржы жылындағы салық декларациясының көшірмесі қоса, қаржы есептері және/немесе \WEB-сайттарға орналастырылған дебиторлық және кредиторлық берешегі (оның ішінде берешектің сомасы, пайда болған күні және өнімдердің/тауарлар мен қызметтердің атауы) таратып жазылған қаржы жағдайы туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін ақпарат (Кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірмесі);

6) Банктің, Даму Банкінің Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін шарттарда Кәсіпкерге несие беру/ несие бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хаты.

3. 4. Ж обаны Әкімдіктің Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы Өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауына жолдайды, олар субсидиялау мүмкіндігі туралы шешім шығарады.

3.5. Оң шешім қабылданған кезде Сіз, Банк және «Даму» қоры арасында субсидиялау шарты жасалады.

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату талаптары. Бағдарлама қатысушыларының жауапкершілігі.

Субсидиялауды тоқтату және қайта калпына келтіру туралы шешімді Ө ҮК «Даму» қорының хабарламасы негізінде қабылдайды, егер:

1) Субсидиялау жүзеге асырылатын жаңа несиені мақсатсыз пайдалан саңыз;

2) Сіздің шоттары ңызға тыйым салу және/немесе сот талқылаулары жүргізілсе;

3) Сіз 3 (үш) ай қатарынан банкке несие бойынша төлем жасамасаңыз;