Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Кәсіпкерлік секторды сауықтыру» екінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердегі несиелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау ережесі


1. Бағдарлама мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді).

Бұл бағдарлама Сізге 2010 жылдың 1 қаңтарына дейін алған несиеңізді өтеу кезінде банкке сыйақы төлеу шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Алайда сома бөлігін Сіз өзіңіз төлейсіз, бір бөлігін Сіз үшін мемлекет төлейді.

Бағдарламаны жүзеге асырумен айналысады:

· «Даму» қоры;

· Банктер;

· « Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министерлігі ».

ЭКОНОМИКАНЫҢ БАСЫМ СЕКТОРЛАРЫНДАҒЫ ЖОБАЛАРДЫ СУБСИДИЯЛАУ

Субсидиялау мөлшері

7% (тіркелген) * несие/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінен;

5% (тіркелген) * валюталық** бойынша несие/лизингтің сыйақы мөлшерлемесінен;

5% (тіркелген) * даму банкінің (теңгелей) несие/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінен;

4% (тіркелген) * даму банкінің (теңгелей) валюталық** бойынша несие/лизингінің сыйақы мөлшерлемесінен.

Субсидиялау мерзімі

3 жыл (6 жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен)

Қаржыландыратын саласы

«БЖК-2020» (төмендегі тізбені қараңыз) сәйкес экономиканың басым секторларын

Субсидиялау түрі

«Даму» Қорының 3 жақты келісім аясында банктермен қайтарусыз және тегін негізге дүркін-дүркін төлеуі

Несиенің мақсатты нысаны

Инвестициялауға ***;

Негізгі құрал-жабдықты жаңалауға және/немесе жаңартуға;

Айналым қаражатын толықтыруға ****.

Жобаға меншікті қатысуы

180 млн.теңгеден аса сомадағы несие(лер) бойынша кәсіпкер, жоба сомасынан 10% мөлшерде меншікті қаражатымен (ақшалай, жылжитын/жылжымайтын мүлікпен) жобаны жүзеге асыруға қатысуға тиіс.

Несие/лизингтің Max мөлшері

4,5 млрд. теңгеге дейін

Несие бойынша % мөлшерлемесі

ЕДБ үшін жылдық 19% аспайды;

Даму банкі үшін 13% аспайды.

Несие/лизинг валютасы

теңге, шетелдік валюта

Несие/лизинг беру мерзімі

жаңа несие/лизинг шарттары бойынша 12 айға дейін;

бастапқы беру күнінен 4 жылдан көп емес.

Айрықша шарттар

ӨҮК мақұлдаған жобалар бойынша банк/лизингтік компания бұрын алынған комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдерді ағымдағы қаржылық жылы қайтарады.

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды?

2.1. Сіз бағдарламаға келесі жағдайларда қатыса аласыз:

· Сіз экономиканың басым салаларында жұмыс жасайсыз және банктік несиені пайдаланасыз (http://www.damu.kz/9633);

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Тұрақтандыру және дағдарысқа қарсы бағдарламалар шеңберінде несие алсаңызда, «Банк несиелері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау» бағдарламаның қатысушысы бола аласыз.

2.2. Сіз бағдарламаға келесі жағдайларда қатыса алмайсыз:

· Сіз ішімдік, құрамында спирті бар, темекі өнімдерін шығаруды жүзеге асырсаңыз;

· Сіздің несиелеріңіз тікелей Мемлекеттің даму институттарынан болса ( Мысалы, « Қ азАгро» ҰБХ» АҚ және оның еншілес ұйымдары, сонымен қатар құрылтайшысы мемлекет болып табылатын басқа да қаржылық институттар );

· Сіздің компания салық төлеушілер сайтының тізіміне кіреді (http://online.zakon.kz/Document/?doc_id=31313739);

· Егер Сіз Ауыл шаруашылығы министрлігінің бағдарламалары шеңберінде қаржылық қолдау алып отырсаңыз;

· Сізге несие айналым қаражатын толықтыруға берілсе;

· Субсидия алғыңыз келетін Сіздің несиеңіз ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге берілсе;

.

3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

Сіз банкке сауықтыруға арналған өтінішпен жүгінесіз, оған мынадай құжаттарды қоса бересіз:

3.1. Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді өсімпұл (егер мұндай жағдай және Борышкердің кейінге шегеру ниеті болса) есептемей төлеу мерзімін ұзартуға өтініш;

3.2. Үш жылға арналған сауықтыру жоспары.

3.2.1. Несие сомасы (негізгі борыш бойынша қалдығы) 750,0 млн. теңгеге дейін болған жобалар бойынша:

· Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы:

· Жобаңыздың қысқаша сипаттамасы;

· қызмет түрі, сондай-ақ Борышкердің қызметінің кіші саласын көрсету (ЭҚЖЖ кодын көрсетумен);

· оған орай несиені өтеу бойынша Борышкердің міндеттемелерді орындамауы себептерін сипаттау;

· Сіздің тарапыңыздан сауықтыру жөніндегі іс-шаралар: олардың арасында: 1) 3 жыл ішінде жұмыс орнының санын ұлғайту жоспары (жылға бөліп көрсету); 2) бюджетке салықтық аударымдардың жоспарланған өсімі;

· Банкі тарапынан Сіздің бизнесіңізді сауықтыру жөніндегі іс-шаралар:1) айыппұлдарды және өсімпұлдарды есептен шығару; 2) негізгі борышты өтеу бойынша мерзімін кейінге қалдыру; 3) сыйақы мөлшерлемесін төмендету.

· Жобаның нәтижелерін болжамды бағалау: сауықтыру нәтижесінде жоспарланған өсім көрсеткіштері (қуаттылық, шығарылатын өнім көлемі, табыс, бюджетке аударымдар және т.б.);

· субсидиялау мерзіміне арналған ақша қаражатының қозғалысы туралы болжамды есеп (тоқсан сайын);

· 2010 жылға және 3 жылға арналған субсидиялау мөлшері мен мерзімі.

3.2.2. Қарызы 750,0 млн. теңгеденасатын жобалар бойынша сауықтыру жоспары үш жылға жасалып, келесі мәлеметтерді мазмұндауы тиіс:

· Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы:

· Ж оба ңыздың қысқаша сипатта масы;

· Қызмет түрі, сонымен қатар қызметтің кіші саласын көрсету ( ЭҚЖЖ кодын көрсетіп );

· Сіздің мәртебеңіз - шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі, ірі кәсіпкерлік субъектісі;

· Борышкердің қатысушылары /акционерлері туралы мәліметтер (үлестерге бөле отырып);

· Қолданыстағы несиелер туралы ақпарат:

- несиені беру күні, несие сомасы, негізгі борыш бойынша берешек қалдығы, несие мерзімі, несие бойынша қолданыстағы сыйақы мөлшерлемесі;

- несие бойынша негізгі борышты және сыйақыны өтеу бойынша берілген мерзімін кейінге қалдыру туралы не жеңілдік кезеңі туралы ақпарат;

- сауықтыруға арналған өтінім беру күніне арналған несиені өтеу бойынша мерзімі өткен күндерінің саны (болған жағдайда);

- өтінім беру күнінен айыппұлдар, есептелген өсімпұл көлемі (болған жағдайда);

· Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесін бекіту жөнінде» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысымен бекітілген Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережелеріне сәйкес субсидиялауға арналған өтінім беру алдында соңғы есепті күнге несиенің жіктемесі ( http://www.nationalbank.kz/cont/publish562289_8863.doc ) қараңыз;

· М індеттемелерді орындамауы себептерін сипатта ңыз.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттау: еңбекақы төлеу бойынша берешекті (болған кезде) қоса алғанда, үшінші тұлғалар (контрагенттер, басқа Банктер, өзге де қаржы мекемелері, бағалы қағаздардың ұстаушылары және т.б.) алдындағы берешек туралы ақпарат; алдыңғы қаржы жылында және ағымдағы жылғы есептік кезеңде төленген салықтар және бюджетке төленетін және басқа да міндетті төлемдер туралы ақпарат.

· Сіздің тарапыңыздан сауықтыру жөніндегі іс-шаралар: олардың арасында: 1) 3 жыл ішінде жұмыс орнының санын ұлғайту жоспары (жылға бөліп көрсету); 2) бюджетке салықтық аударымдардың жоспарланған өсімі;

· Банкі тарапынан Сіздің бизнесіңізді сауықтыру жөніндегі іс-шаралар:1) айыппұлдарды және өсімпұлдарды есептен шығару; 2) негізгі борышты өтеу бойынша мерзімін кейінге қалдыру; 3) сыйақы мөлшерлемесін төмендету.

· Жобаның нәтижелерін болжамды бағалау: сауықтыру нәтижесінде жоспарланған өсім көрсеткіштері (қуаттылық, шығарылатын өнім көлемі, табыс, бюджетке аударымдар және т.б.);

· субсидиялау мерзіміне арналған ақша қаражатының қозғалысы туралы болжамды есеп (тоқсан сайын);

· 2010 жылға және 3 жылға арналған субсидиялау мөлшері мен мерзімі.

3.2.3. Борышкердің құрылтайшы құжаттарының көшірмелері (Жарғы, Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәлік, Жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік (жеке кәсіпкер үшін), Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік, Қосылған құн салығы бойынша есепке қойылғаны туралы куәлік);

3.2.4. Салық органдары растаған алдыңғы есепті кезең үшін бухгалтерлік теңгерімнің, пайдалары мен залалдары туралы есептер мен ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есептің (салық заңнамасына сәйкес болған кезде) көшірмелері;

3.2.5. Айналым қаражатын толықтыруға берілген несиелерді қоспағанда, несиенің нысаналы пайдаланылуын растайтын құжаттардың көшірмелері (Банктің, Даму Банкінің мөрімен расталған) қоса берілуі тиіс.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ !!! Құжаттар пакеті нөмірленген және әр бетіне бұрыштама қойылып, тігілген және Банктің мөрімен расталған түрде тізімдемесімен құжаттар топтамасы түрінде ұсынылады (қатаң келтірілген тәртіппен) !

3.3. Бан к Сіздің сауықтыру өтінішін қарайды, қателіктер туралы Сізге хабарлайды және «Қазақстан Қаржыгерлер Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне Сіздің берген өтінішіңіз туралы жазбаша түрде хабалама жібереді;

3.4. ҚҚҚ Сіздің құжаттар пакетін жібереді және Сіздің компания туралы а қпаратты толық ашу туралы келісімге Банк және Сіз қол қо ясыз;

3.5. Егер Сіз бірнеше банктерге қарыз болсаңыз, онда несие комитет і сол банктердің өкілдерінен құрылады. Егер бір банкке қарыз болсаңыз, онда шешімді Сіз қарыз болған банк қабылдайды;

3.6. Оң шешім қабылданған жағдайда Сауықтыру жоспарын, нақты Кредитор банкпен келісіледі және бұл туралы ақпарат Кредиторлар комитетінің отырысында хабарлануы тиіс;

3.7. Теріс шешім қабылданған жағдайда ҚҚҚ және Борышкер себептері көрсетіліп қабылданған шешім туралы хабардар етіледі. Мұндай жағдайда, Сіз бағдарламаның екінші бағытына қатыса алмайсыз;

3.8. Әрбір Кредитор банк Борышкердің Сауықтыру жоспарын алдын ала жеке мақұлдағаннан кейін Кредиторлар комитетінің отырысында құжаттар пакетін 30 (отыз) күн ішінде қаралуы тиіс;

3.9. Кредиторлар комитеті Борышкер берген барлық құжаттарды қарағаннан кейін қабылданған шешімді Кредиторлар комитетінің мушелері мен Борышкер (Борышкердің өтінішінің қанағаттандырылғанына немесе бас тартқанына қарамастан) қол қоятын тиісті хаттама нысанында ресімдейді. Бас тартқан жағдайда Борышкер Бағдарламаның екінші бағытына қатысу кұқығын жоғалтады.

3.10. Кредиторлар комитетінің қабылданған шешімінде Борышкерді қаржы-экономикалық сауықтырудың ұсынылатын барлық тәсілдері - Борышкердің несилерлері бойынша субсидиялау және/немесе Борышкерге өсімпұлды есептемей бюджетке салықтық берешегін (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа) өтеу бойынша мерзімін ұзарту және/немесе Борышкерді сауықтыру үшін қажетті басқа да нақты іс-шаралар көрсетіледі.

3.11. Сіздің өтініші ңізді қанағаттандыру және Сауықтыру жоспарын бекіту туралы шешім қабылдағаннан кейін ҚҚҚ Борышкерге және Қаржы агентіне мынадай құжаттарды жібереді:

- Кредитолар комитетінің хаттамасы;

- Ө тінішті және Сауықтыру жоспарын қарау шеңберінде Борышкер берген құжаттар;

- Кредиторлар комитетімен келісілген Борышкердің Сауықтыру жоспары.

3.12. «Даму» қоры Сіздің құжатты қарайды, субсидиялау жөніндегі өз ұсыныстарын енгізеді және оларды субсидия ұсыну туралы шешім қабылдайтын «ҚР Экономикалық даму және Сауда министрлігіне» жібереді;

3.13. Сіз Банкпен (тер) (мен) Борыштық міндеттемелері бойынша шарттарды қайта жасайсыз;

3.14. Банк және «Даму» қорымен субсидиялау шартын жасайсыз, онда Сіз Банкке сыйақы мөлшерлемесінің субсидиялауына жатпайтын бөлігін өзіңіз төлейтініңіз, ал «Даму» қоры - сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін төлейтіні қарастырылады.

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату талаптары. Бағдарлама қатысушыларының жауапкершілігі.

«Даму» қоры Субсидиялауды тоқтату ға құқығы бар, егер:

· Субсидиялау жүзеге асырылатын несиені мақсатсыз пайдаланса;

· Сіздің шоттары ңызға тыйым салу және/немесе сот талқылаулары жүргізі лсе;

· Банк алдындағы төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді 3 (үш) ай қатарынан орындамасаңыз;

· Сауықтыру жоспарын орындамасаңыз;

· Сіздің мәртебеңіз және жобаңыз бағдарлама талаптарына сәйкес келмесе (2.1. және 2.2 т. қараңыз ).

5. қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер.

Сіз бизнесіңізді жалғастыра отырып, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қарастырылған кәсіпкерлікті қолдаудың өзге де нысандарын қолдана аласыз.

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парақ)

7. Бағдарлама бойынша статистика (басталған сәттен бастап қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақ бойынша қатысушылар статистикасы және компаниялардың шамасы (шағын/орта/ірі бизнес).