Кәсіпкерлер үшін сервистік қолдау
КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН СЕРВИСТІК ҚОЛДАУ
Сервистік қолдауды іске асыру аясында кәсіпкерлер мына мәселелерді жолға қойып және сервистік қызметтердің келесі түрлерін ала алады:
1
Салықтық заңнама және кәсіпорынның бухгалтерлік әрекетін реттейтін заңнама;
Бастапқы құжаттарды өңдеу, салықтар және өзге де бюджет аударымдарын есептеу;
Бухгалтерлік есепті қалпына келтіру;
Бухгалтерлік есепті жүргізу;
«1С-Бухгалтерия» бағдарламасымен жұмыс;
Салықтық және статистикалық есепке дайындық және өткізу;
Шеттегі ұйымдардың қаржылық әрекеті бойынша қосымша есептеме құру;
Электронды статистикалық есептілікті ұсыну.
2
Тауарларды декларациялау тәртібі мен ережелері, кедендік құнды анықтау мен түзету жасау, кедендік декларацияны толтыру бойынша кеңес беру;
Нақты тауарлар бойынша тарифті және тарифсіз реттеулер бойынша кеңес беру;
Ішкі экономикалық әрекеттерді құжаттық ілеспе қызмет көрсету;
Лицензия, сыртқы экономикалық әрекетке рұқсат алу үшін кеңес беру;
Кедендік Одақ аясында жүктерді декларациялау бойынша кеңес беру;
Сыртқы сауда келісім-шарты шарттары бойынша кеңес беру қызметтері.
3
Қызметкерлерді стандартты сапа жүйелерінің талаптарына сай оқытуды;
Қолданыстағы менеджмент жүйелерін ИСО 9001:2000 (сапа менеджментінің жүйелері), ИСО 14001:2004 (экология менеджментінің жүйелері), ИСО 22000:2005 (Азық-түлік өнімдердің қауіпсіздік менеджментінің жүйелері), OHSAS 8001:2007(денсаулық сақтау және қауіпсіздік техникалары менеджментінің жүйелері) және басқа да стандарттар талаптарына сай саралауды;
Менеджмент жүйелерін әзірлеу мен енгізуді;
Біріктірілген менеджмент жүйелерін әзірлеу мен енгізуді;
Ішкі аудитті өткізуге көмектесуді;
Сертификаттылық алды аудит өткізу бойынша кеңес беруді;
Қоршаған ортаны қорғау басқармасы менеджемнітінң жүйелерін сертификаттауға.
4
(жеке кәсіпкердің) кәсіпорнын тіркеуге, қайта тіркеуге, таратуға құжаттар даярлау;
Жоба шарттарын әзірлеу бойынша кеңес беру;
Жоба шарттарын әзірлеу;
Азаматтық және еңбек құқығы саласында кеңес беру;
Құжат айналымын жүргізу бойынша кеңес беру;
Ұсынылған мінездемемен құжат айналымын аудиттеу;
Бизнес-жоспардан басқа несиелеуге құжаттар пакетін дайындау бойынша кеңес беру;
Бизнес-жоспардан басқа несиелеуге құжаттар пакетін дайындау;
Кадрлық құжаттамаларды жүргізу бойынша кеңес беру;
Ұсынылған мінездемемен кадрлық құжаттамаларды аудиттеу;
ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес құжаттарды тексеруге байланысты кеңес беру қызметтері.
5
нарықты есепке ала отыра нақты тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бойынша баға саясатын әзірлеу, сонымен қатар мемлекеттік сатып алулар, ұлттық компаниялар мен ұқсас тауарлар бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары, жұмыстар мен қызметтердің жоспарлары мен қорытындысын талдау;
бизнес-жоспар әзірлеу мен екінші дейгейлі банктердің қарауына дайындауға кеңес беру;
бизнес-жоспар әзірлеу және екінші дейгейлі банктердің қарауына дайындау;
кәсіпорынның маркетингтік стратегиясын әзірлеу бойынша кеңес беру;
(жеке кәсіпкердің) кәсіпорынның маркетингтік стратегиясын әзірлеу;
(жеке кәсіпкердің) кәсіпорынның маркетингтік әрекетін бағалау мен талдау жасау бойынша кеңес беру;
(жеке кәсіпкердің) кәсіпорынның маркетингтік әрекетін бағалау мен талдау жасау;
Тауарларды жылжыту жоспарын және/немесе жұмыс және/немесе қызметті талдауға, сұраныстағы тауар түрлерін және/немесе жұмыс және/немесе қызметтерді зерттеуге кеңес беру;
Мінездеме немесе тұжырымдама берілген тауарларды жылжыту жоспарын және/немесе жұмыс және/немесе қызметті талдауға, сұраныстағы тауар түрлерін және/немесе жұмыс және/немесе қызметтерді зерттеуге;
Бәсекелі ортаны талдау бойынша кеңес беру;
нарықты есепке ала отыра нақты бәсекелі ортаны талдау, сонымен қатар мемлекеттік сатып алулар, ұлттық компаниялар мен ұқсас тауарлар бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары, жұмыстар мен қызметтердің жоспарлары мен қорытындысын талдау;
жарнама компанияларының сауда таңбаларын әзірлеу бойынша кеңес беру;
жарнама компанияларының сауда таңбаларын әзірлеу.
6
(жеке кәсіпкердің) кәсіпорынның сайт-визиткасын құру;
Интернетте бизнесті құру мен жүргізу;
Электронды есепті тапсыру бағдарламасын орнату мен қолдау;
«1 С-Бухгалтерия» бағдарламасын орнату мен қолдау.
Байқау/тендерге қатысу үшін сараптама (аудит) өтінімін жүргізу;
Қазақстандағы мемлекеттік сатып алулар бойынша бірыңғай құрылымдалған ақпараттық базаға, интернет-дерек көзіне қосылу;
Мемлекеттік және басқа да сатып алуларға қатысу үшін кәсіпорынның/жеке кәсіпкердің құжаттамаларын жетілдіру мүмкіндігін талдау;
Сатып алуды ұйымдастырушылардың әрекетіне/әрекетсіздігіне шағымдану;
Қазақстандық маңызын есептеу;
Жылдық сатып алулардың негізінде Қазақстандағы мемлекеттік және басқа да сатып алулардың нарық сыйымдылығы бойынша талдамалық есебін ұсыну.
Кәсіпорынның стратегиялық даму жоспарын (стратегиясын) әзірлеу бойынша кеңестер;
Кәсіпорынның стратегиялық даму жоспарын (стратегиясын) әзірлеу;
Корпоративтік саясатты әзірлеу, корпоративтік басқару мәселелері бойынша кеңестер;
Халықаралық нарыққа шығу стратегиясын әзірлеу бойынша кеңестер;
Жобаларды басқару мәселелрі бойынша кеңестер;
Жобаның қаржылық-экономикалық және техникалық негізде әзірлеу бойынша кеңестер;
8
Кәсіпорынның кадрлық саясатын әзірлеу бойынша кеңес;
Кадрлық іс жүргізу бойынша кеңес;
Қызметкердің еңбегін төлеу мәселесі бойынша кеңес;
Қызметкерді ынталандыру, бағалау және уәждеудің кешенді жүйесін әзірлеу бойынша кеңес;
Қызметкерді ынталандыру, бағалау және уәждеудің кешенді жүйесін әзірлеу;
Кәсіпкерлерді жекешелендіруге қатысуға дайындау.
СЕРВИСТІК ҚОЛДАУ ЖАЙЛЫ НЕНІ БІЛУ ҚАЖЕТ
Моноқалалар, шағын қалалар мен аудан орталықтарының тұрғындары сервистік қызметтерді Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарына барып, сондай-ақ аудандық және аймақтық Қазақстан Республикасының кәсіпкерлер палатасынан ала алады.
Ауылдық елді мекен тұрғындарына кеңестер мен сервистік қызметтерді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен түскен өтінімдер көлемі бойынша жолға шығып іске асыратын Кәсіпкерлікті қолдаудың мобильді орталығы көрсетеді.
Сервистік қолдау алу үшін сауалнамалық-өтінімді толтыру мен шағын және орта кәсіпкерлікке жататындығын растайтын құжаттарды ұсыну қажет.
Кәсіпкермен қызмет көрсету жөнінде Шарт жасалынып, қызмет алынған соң орындалған жұмыстың Актісіне қол қойылады.
Сауалнамалық-өтінімде келесі мәліметтер көрсетіледі:
заңды тұлғаның/жеке тұлғаның (ЖК) атауы;
заңды мекен-жайы, байланысу мәліметтері;
басшының тегі, аты, әкесінің аты;
әрекеттің негізгі бағыты;
ШОК субъектісіне қажет қызметтер тізбесі;
«Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың Бірыңғай бағдарламасының «Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлікті жүргізуге сервистік қолдау көрсету» құралы аясында экономиканың барлық секторларындағы жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілеріне қайтарымсыз негізде (тегін) жекелей кеңестер мен мамандандырылған қызметтер ұсынылады.