Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

«Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламасының шеңберінде жобаларды ұйымдастыру мен іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру


1. Бағдарламаның мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді).

Мемлекеттік гранттар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімін іріктеу байқауының қорытындысы бойынша бағдарламаның аймақтық үйлестірушілері арқылы тағайындалады, оның ішінде бастауыш жас кәсіпкерлерге, бастауыш кәсіпкерлерге, сонымен қатар әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан тұлғаларға. 

Осы жобаның шеңберінде Сіз мемлекет тарапынан тегін қаржылай қолдау ала аласыз. Бағдарламаға қатысу үшін іріктеудің басты талабы – Сізде жаңа, ерекше бизнес-жоспардың болуы, бұдан бұрын қазақстандық нарықта болмаған тауарлар мен қызметтерді ұсыну ниетінің болуы.

Алынған грант қайтарылмайды ( Сіз қаражаттарды нысаналы пайдаланған жағдайда )!

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды?

2.1. Мемлекеттік гранттарды ісін жаңадан бастаған, инновацияларды енгізетін (нарыққа қажетті өнімдерді немесе қызметтерді құратын), түпнұсқалығымен және жаңалығымен ерекшеленетін бизнес-идеялары бар кәсіпкерлер ала алады.

2.2. Грант тар берілмейді, егер:

· Сіздің компанияңыз қайта құрылу, таратылу немесе банкроттық сатысында болса, сондай-ақ Сіздің қызметіңіз ҚР заңнамасына сәйкес тоқтатылған жағдайларда;

· салықтар мен мемлекеттік бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер бойынша борышыңыз болған жағдайда;

· Сіздің негізгі қызметіңіз – жылжымайтын мүлікті жалға беру.

2.3. Мемлекеттік Грантты алу шарттары:

· Сіз жоспарланған жобаны іске асыруға грант сомасынан 20 % кем болмайтын мөлшерін дербес енгізуіңіз тиіс.

· Сіз грант қаражаттарын келесі мақсаттарға пайдалануыңыз тиіс:

- негізгі құралдар мен материалдарды сатып алуға;

- материалдық емес активтерді сатып алу;

- технологияларды сатып алуға;

- бизнесті құру және жүргізу үшін басқа компанияның бизнес-үлгісін және брендті пайдалану құқығын алуға;

- зерттеу жұмыстарымен және/немесе жаңа технологияларды енгізумен байланысты шығындарға пайдалануыңыз тиіс.

Грант қаражаты жылжымайтын мүлікті, жер учаскесін сатып алуға және жалдау ақысы ретінде пайдаланылмайды.

Гранттың ең жоғары сомасы бір кәсіпкер үшін 3 000 000 теңгеден аспайды.

Компанияның құрылтайшылары бірнеше жеке тұлғалар болған жағдайда, Грант сомасы осы құрылтайшылардың санына тең 3 000 000 теңге сомасынан аспауы тиіс. Яғни, Егер Сіздің компанияңызда үш құрылтайшы болған кезде, Сіздің компанияңызға берілетін гранттың жоғары мөлшері 9 000 000 теңгеден аспайды.

3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

Бағдарламаға қатысу үшін қойылатын талаптар:

3.1. «Бизнес-кеңесші» бағдарламасы аясындағы курстарда оқуыңыз қажет; ( http://www.damu.kz/1502 )

3. 2. Конкурсты өткізу туралы хабарлама жарияланғаннан кейін конкурсты өткізу туралы хабралмасында көзделген мекен-жай бойынша конкурстық өтінімді ұсыну қажет. Конкурстық өтінімнің үлгісін «ДАМУ» Қорының уймақтық бөлімшесінде беріледі. (байланыстар http://www.damu.kz/7415 парағындағы кестеде келтірілген).

3.3. Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісіне жүгініп (облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп Басқармалары – Басқармалар байланыстарын әкімдіктердің сайттарынан табуға болады) және келесі құжаттарды ұсыну қажет:

· гранттарды ұсыну бойынша конкурстық іріктеуге қатысу туралы өтінім;

· заңды тұлғаны (жеке кәсіпкерді) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

· салық органында есепке қою туралы куәліктің (хабарламаның) көшірмесі;

· салықтар, алымдар мен салымдар бойынша бюджетпен есептесулер жағдайы туралы анықтама;

· басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен бекітілген, өтінімді тапсыру сәтіндегі жалдамалы жұмысшылардың орташа саны туралы анықтама;

· бизнес-жоба;

· кәсіпкердің "Бизнес кеңесші" жедел курстарында қысқа мерзімді оқытудан өткендігін растайтын құжаттың көшірмесі;

· заңды тұлғалар үшін жарғының көшірмесі (болған жағдайда);

· қызмет түріне лицензия көшірмесі (лицензияланатын қызмет түрімен айналысқан жағдайда);

· кәсіпкер атынан өтінімді тапсыру құқығына сенімхат, сенімді тұлға төлқұжатының көшірмесі (заңды тұлға атынан – заңды тұлға бекіткен).

Бағдарламаға қатысу шартында «БЖК-2020» бағдарламасы аясында оқыту курсына қатысқандығы жөнінде сертификаттың болуы міндеттелген.

3.4. Содан соң қатысу өтінімімен Қонкурстық комиссияның Жұмыс органына жүгіну қажет (Сіздің аймағыңыздағы байланыстарды «ДАМУ» Қорынан біле аласыз, 3.3. т. қараңыз).

3.5. Сіз өз бизнес- жобаңыздың тұсаукесерін Конкурс тық комисси я отырысында жүзеге асырасыз.

3.6. Конкурс тық комиссия грант беру туралы шешім қабылдаған жағдайда, ол құжаттарды Өңірлік үйлестіруші кеңеске (ӨҮК) жібереді.

3.7. ӨҮК шешім қабылдайды және ол туралы Сізге және «Даму» Қорына хабарлайды.

3.8. «Даму» Қоры 15 күн ішінде бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісімен және кәсіпкермен грант ұсыну туралы шартқа қол қояды.

3.9. Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі ақшалай қаражатты Сіздің ағымдағы банктік шотына аударуды жүзеге асырады.

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімнен бұрын тоқтату шарттары. Бағдарламаға қатысушылардың жауапкершілігі.

Егер де Сіз шарттың талаптарын сақтамасаңыз, шар бұзылуы мүмкін. Бұл ретте Сізге грант беруден бас тартылуы немесе пайдаланылған қаражатты қайтаруды талап етілуі мүмкін.

Мұндай жағдайларға жол бермеу мақсатында шарттың қоданылу шеңберінде Сізге қойлатын талаптар:

· бизнес-жобада көзделген міндеттерді уақытылы орындау;

· «Даму» Қорының талап етуі бойынша грантты пайдалану кезіндегі кемшіліктерді жою;

· Грант бойынша бөлінген қаражаттарды нысаналы емес пайдалануға жол бермеу;

· «Даму» Қорының талап етуі бойынша 3 жұмыс күн ішінде Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын растайтын материалдарды және жазбаша түсініктемесін ұсыну;

· «Даму» Қорының Шартты орындаумен байланысты құжаттарға қол жеткізуін қамтамасыз ету;

· Компанияның жауапты тұлғасы ауысқаны туралы «Даму» Қорына дереу хабарлау;

· кезкелген салық төлемдері бойынша борыштың болмауына кепілдік беру;

· Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін грант қаражаттарының пайдаланылмаған бөлігін қайтару туралы талап етуді алғаннан кейін 3 жұмыс күн ішінде оны қайтару.

· «Даму» Қорына шарт жасасқаннан кейін 10 күн ішінде: байланыс ақпаратты, алдағы жылдың жұмыс жоспарын, қаржылық есепті, қызмет туралы есепті электрондық нысанда ұсыну және оларды тоқсан сайын жаңарту.

5. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер.

Егер де СІз Осы Бағдарламаның шеңберінде жобаны сәтті іске асырсаңыз, Сіз «Несиелерді субсидиялау», «Несиелерге кепілдік беру» бағдарламаларына қатыса аласыз ( Осы Бағдарламаларға гранттық қаржыландыру бағдарламасына қатыспаған, ісін жаңадан бастаған және әрекет етуші кәсіпкерлер қатыса алады ).

6. Жиі қойылатын сұрақтар ( FAQ - парағы )

7. Бағдарлама бойынша статистика (іске қосылған сәттен бастап қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақтар мен компаниялардың көлемі бойынша қатысушылардың статистикасы (шағын/орта/ірі бизнес).