Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

«Даму-Көмек» мүгедек-кәсіпкерлерді қаржылай емес қолдау бағдарламасы


1. Бағдарламаның мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді).

Егер Сіз мүгедектігі бар адам болсаңыз, «Даму-Көмек» бағдарламасының көмегімен Сіз «Кәсіпкерліктің жедел курсы» бағдарламасы бойынша оқу, бизнесті құру мен жүргізу бойынша, соның ішінде, дистанциялық негізде білім алу, және жұмыс табу мүмкіндігіне ие боласыз. Демеушілерді тарту арқылы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін қажетті құрал-жабдықтарды және қосалқы материалдарды алу мүмкіндігіне ие боласыз. «Даму-Көмек» бағдарламасы шеңберінде мүгедек адамдар арасында өз жеке ісін құру және табысты кәсіпкерлік тәжірибесі туралы «Бірге» атты теледидар бағдарламасы жарық көрді, сонымен қатар келесі бағыттар бойынша ақпаратты құрайтын сайт құрылды:

· кәсіпкерлік негіздері бойынша оқу курстары;

· мүгедектер үшін бос жұмыс орындары туралы ақпарат;

· мүгедек-кәсіпкерлер үшін жеңілдіктер мен артықшылықтарға қатысты заңнама актілерден үзінділер;

· мүгедектігі бар еңбекке жарамды тұлғалардың орталықтандырылған мәліметтер банкі.

Бағдарламаның о ператоры:

· «Даму» Қоры.

Бағдарламаға қатысушылар:

· Екінші деңгейдегі банктер;

· Демеуші-к омпани ялар.

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды.

2.1. Сіз бағдарламаға келесі жағдайларда қатыса аласыз:

· Сіздің мүгедектігіңіз бар және бизнесті жүргізу негіздері бойынша білім алу ниетіңіз бар;

· Сіз мүгедектігі бар кәсіпкер болып табыласыз және бизнесті жүргізу үшін біліміңізді арттыру және құрал-жабдықтар алу ниетіңіз бар.

2.1. Сіз бағдарламаға келесі жағдайларда қатыса алмайсыз:

· Сіз мүмкіншілігі шектеулі кәсіпкер болып табылмасаңыз.

3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

3.1. Бірінші кезеңде «Кәсіпкерліктің жедел-курсы» бейне курсын қарап, дистанци ялық негізде негізгі білімді меңгеру қажет;

3.2. Содан соң, «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасы шеңберінде тегін курстарына қатысу ұсынылады;

3.3. Екінші кезеңде, егер Сізге бизнесті жүргізу үшін құрал-жабдықтар мен қосалқы материалдарды сатып алуға демеуші қажет болса, тұрғылықты жеріңіз бойынша «Даму» Қорының аймақтық филиалдарына Қор Менеджерлеріне «Даму-Көмек» бағдарламасына қатысу шарттары бойынша конультация және қатысушының өтінім нысанын алу үшін жүгіну қажет;

3.4. Толтырылғаннан кейін, өтінімді бағдарлама қатысушыларына қойылатын талаптарға сәйкес келуі бойынша тексеру үшін «Даму» Қорының аймақтық филиалдарына Қор менеджерлеріне жолдау қажет;

3.5. Сіздің өтініміңіз тексерістен сәтті өткеннен кейін «Даму-Көмек» сайтында демеушілерге арналған http://www.damu-komek.kz/needhelp/ бөлімде орналастырылады.

3.6. Сіздің өтініміңіз демеушіні қызықтыратын болса, Қор Менеджерлері Сізбен дереу хабарласады және демеушілік көмекті беру үшін Қор офисіне шақырады. Қор офисіне келу мүмкіндігі болмаса, көмек мекен-жайыңызға жеткізіледі.

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімнен бұрын тоқтату шарттары. Бағдарламаға қатысушылардың жауапкершілігі.

Егер де Сіз негізсіз себептермен тренинг оқу күндеріне қатыспасаңыз, Сізге курсты сәтті аяқтау туралы сертификат ы берілмейді.

5. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер.

Осы бағдарламаның шеңберінде тренинг-о қытудан өткеннен кейін Сіз «Даму» Қорының басқа да бағдарламаларына, соның ішінде «Құс жолы» ҚҚ бірлескен «Жұлдыздарға қара» - «Посмотри на звезды» жобасына қатыса аласыз. Оның шеңберінде Сіз өз бизнесіңізді дамытуға гранттар алу мүмкіндігіне ие боласыз.

6. Жиі қойылатын сұрақтар ( FAQ - парағы )

Сұрақ: « Қандай топтағы мүгедектер бағдарламаның қатысушылары бола алады ?»

Жауап: «Бағдарламаға кезкелген топ мүгедектері қатыса алады.»

Сұрақ: « Бағдарламаға қатысатын демеуші-компаниялар маған бизнесті құру үшін құрал-жабдық бөлуі үшін не істеу қажет? »

Жауап: Сізге http://www.damu-komek.kz/needhelp/ сайтына кіріп, өтінімді толтыру қажет. Содан соң, «Даму» Қорының менеджерлері Сіздің өтініміңіз бойынша демеушіні іздестіруге кіріседі.

7. Бағдарлама бойынша статистика (іске қосылған сәттен бастап қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақтар мен компаниялардың көлемі бойынша қатысушылардың статистикасы (шағын/орта/ірі бизнес).

Бағдарламаның іске асырылу мерзімі аралығында 831 кәсіпкерге көмек көрсетілді.

Олардың ішінде, 85 қатысушы ОҚО, 79 адам Алматы облысынан, 74 – Қостанай облысынан, 66 – Алматы қ., 60 - Қызылорда облысынан, 56 – Ақмола облысынан, 55 – Астана қ., 50 – ШҚО, 47 – Павлодар облысынан, 43 – БҚО, 43 – Атырау облысынан, 40 – Жамбыл облысынан, 39 – Қарағанды облысынан, 38 – Ақтөбе облысынан, 33 – СҚО, 23 – Маңғыстау облысынан.

Ең жоғары сұранысы бар қолдау түрлері – тігін құрал-жабдығы, компьютерлер және ұйымдық техника.