Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Басқа да мүгедектерді қолдау бағдарламалары


Азия-Тынықмұхиттық аймақтарындағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға тең мүмкіндіктер ұсынатын компаниялар үшін «ЭСКАТА-Сасакава» сыйлығы.

БҰҰ ЭСКАТО, Nippon Foundation (TNF) жапондық қайырымдылық қоры, Азия-Тынықмұхиттық ООН Награда, созданная совместно ЭСКАТО ООН, Азия-Тынықмұхиттық мүгедектік мәселелері бойынша даму орталығы (APCD) ұйымдарымен тағайындалған сыйлық мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолайлы еңбек жағдайларын жасайтын, инклюзивті өнім шығарып, қызмет көрсететін, мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа тартуда инновациялық тәсілдерді ұстанатын компаниялардың әрекеттерін құрметтеу үшін тапсырылады.

Қазіргі таңда аумақта 650 миллионнан астам мүмкіндігі шектеулі адам бар, бұл еуро аймағы нарығынан екі есе көп. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағыт ала отырып, компаниялар нарқытағы үлестерін көбейтіп, едәуір сатып алушылық қабілеті бар жаңа әлеуетті тұтынушылар тарта алады. Қызметкерлер ретінде де мүмкіндігі шектеулі тұлғалар компаниялар үшін клиенттік базаны кеңейтуге мүмкіндік беретін ерекше сарашылық әлеуеті мен айрықша білімдері бар. Осылайша, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларына қатысты бәрін қамтитын тәсілмен жасалатын бизнес-әрекет қайырымдылық емес, екінші кезектегі емес, табысты бизнес-модельдің негізгі бөлігі болып табылады.

«ЭСКАТО-Сасакава» сыйлығы мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға тең мүмкіндік ұсынатын қоғамды дамытудағы жекеменшік саланың маңызды рөлін есепке ала отырып:

Өз қызметтерінде мүмкіндігі шектеулі адамдардың қажеттіліктерін есепке алудың табысты тәжірибесін көрсететін компаниялардың еңбегін көпшілікке танымал етіп, ынталандыру үшін;

Мүмкіндігі шектеулі адамдарды тиімді қызмет етуге тарту бойынша жекеменшік сектордың мүмкіндіктері туралы хабарлауды жоғарылату;

Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін тең мүмкіндіктер ұсынатын бизнес-әрекетті жүргізудегі Азия-Тынықмұхиттық аймақтың көшбасшылығын жандандыру үшін тағайындалған.

Компаниялар келесі санаттарда сыйлық алуға үміткер бола алады:

мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін тең мүмкіндік ұсынатын көпұлттық кәсіпорын;

мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін тең мүмкіндік ұсынатын ұлттық кәсіпорын;

мүмкіндігі шектеулі адамдарға тең мүмкіндік беру қағидасын есепке ала отырып жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызмет.

Барлық жеңімпаздар мүмкіндігі шектеулі адамдарға тең мүмкіндік ұсынатын бизнесті жүргізудегі жаңашылдық тәсілдері және жетістіктері үшін көпшілікке танмал болады. «Мүмкіндігі шектеулі адамдарға тең мүмкіндік беру қағидасын есепке ала отырып жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызмет» санатындағы жеңімпаз 50 000 –нан 100 000 дейін АҚШ доллары көлемінде ақшалай сый алады. Алғашқы Сыйлық 2013 жылдың 3 желтоқсанында – Халықаралық мүгедектер күнінде тапсырылады.

Толық ақпаратты мына вебсайттан табасыз: www.di-business-award.com/ru

Германиядағы мүгедектерді қолдау заңдары мен бағдарламалары

Германия конституциясында келесі сөздер бар: «Ешкімді өзінің мүгедектігіне байланысты кемсітуге болмайды», барлық азаматтарға «сауықтары және қалыпты өмірге қосылу құқығына» кепілдік берілген. Конституцияға сәйкес заң шығарушы және атқарушы билік пен Германияның сот органдары федералды деңгейде, жерлер мен қауымдастықтар деңгейінде, сонымен қатар, басқа да мекемелер мен қоғамдық билік ұйымдары барлық топтардағы мүгедектерді «қалыпты тіршілікке қосу мүмкіндігінше» жағдай жасауы керек. Азаматтық құқықта жеке тұлғалар арасындағы қатынаста зиян келтіруге тыйым салынған. Дегенмен, Германия конституциясы бірдей өмір сүру жағдайларын жасау немесе бірдей мүмкіндік беру үшін мүгедектерге көмек көрсету немесе артықшылық беруге талап қоймайды. Бұл мәселелер «жай» заң шығарушы құзыреттілігіне жатқызылған және олар «әлеуметтік мемлекет ұстанымдарын ескере отырып, өз мүмкіндіктері шеңберінде» шешуі тиісті.

Мүгедектік қаупі бар тұлғаларды қоғам өміріне кіріктіруді мақсат ететін нормалар мен ережелер жинақтары бар. Оларда мүгедектікті ұғым ретінде бөліп көрсету мүгедектердің идеологиялық немесе әлеуметтік кемсітуге алып келмеуі керек екені, тек олардың мәселелері мен мүмкіндіктерін атап көрсету үшін қажет екені айтылған. Германияда «Дене қабілеті төмен тұлғалардың еңбегі туралы» арнайы заңнама бар. Олар үшін квоталы жұмыс орындары ұйымдастырылып, жұмысқа орналасу барысында ерекше жеңілдіктер қарастырылған.

«Еңбекке орналастыруға көмек көрсету туралы» заңға сәйкес мүгедек адамдар дені сау адамдармен бірдей көмек алады, алайда егер мүгедектігіне байланысты қайта даярлау қажет болса, ол кәсіби оңалту шаралары кешеніне жатқызылып, тиімді шарттармен және неғұрлым көп көлемде беріледі.

Германияда мүгедектер туралы заңнама негізінде мүгедектерді оңалту мен одан кейінгі еңбекке орналастыру оларды зейнетақы және жәрдемақымен тұрақты қамтамасыз етумен салыстырғанда неғұрлым тиімді деген идея жатыр. Мүгедектік деңгейі ауыр тұлғалар үшін Германияның федералды жұмыспен қамту бағдарламасы бар, ол кәсіпкерлерге, жұмысқа орналасатын мүгедектерге әр түрлі жеңілдіктер мен субсидияларды қарастырады.

«Әлеуметтік құқық кодексі» бар, ол Германиядағы мүгедектерге көмек көрсету және саясатты анықтау барысында басшылыққа алатын басты ереже болып табылады. «Әлеуметтік құқық кодекстерінің» басты ұстанымы: кез келген мүгедекке немесе мүгедектік қаупі бар тұлғаға себебіне тәуелсіз барлық көмек түрлерін қарастыру; мүгедектік салдары ауқымын азайту үшін шара қолдануға ерте кезеңнен араласу; нақты мүгедектің қажеттіліктеріне бағытталған жеке көмек көрсету ұстанымдары.

«Оңалту қызметтерін теңестіру туралы, «Әлеуметтік көмек көрсету туралы» заңдардың нормалары мүгедектерді сақтандыру механизмдерін қолдану арқылы оңалтуға бағытталған. Осы заңдарға сәйкес мүгедектерді еңбек өміріне кіріктіру үдерісін қаржыландырудың зейнетақыны қаржыландырумен салыстырғанда басымдылыққа ие болады. Сонымен қатар, «зейнетақы тағайындауға дейін оңалту» ұстанымы да бар.

Мүгедектерді әлеуметтік өмірге тарту және еңбекке орналастыру бойынша әлемдік тәжірибе

Еуропа мемлекеттерінің көпшілігінде кәсіпорындарда жұмыс орындарының санына мүгедектерге квота беру жүйесі енгізілген. АҚШ, Ұлыбритания, Скандинавия елдері, Канада секілді мемлекеттерде керісінше, мүгедектерге арналған квоталардан бас тартқан, алайда, бұл елдерде жұмыс берушілерден жұмысқа денсаулық мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды қабылдауды талап етеді, жұмыс орындарын жабдықтауға ерекше талаптар қояды.

Францияда мүгедектер ұзақ уақыт жұмыссыз отырған адамдарға арналған жалпы бағдарламаларға қатысып және арнайы институттардың оқыту курстарына бара алады. Мұнда екі жұмыс орнында кәсіби оқытуға арналған орталықтар жұмыс жасайды: Жұмыскерлерді дайындау орталығы (ЖДО) және мамандарды дайындау орталығы (МДО). Осы ұйымдардың мүгедектерді қолдауға бағытталған қызметтерін Мүгедектерді әлеуметтендіру қорының басқаруымен Ассоциация қаржыландырады. Жұмыс берушілер жұмыс орнындағы мүгедектерді оқыту келісім-шарттары үшін жылына 1527 евро мөлшерінде ақшалай қаражат алады.

Германияда ақыл-ой кемістігі бар кейбір мүгедектер мүгедектерді бастапқы оқытуға арналған ондаған институттарға қабылдануы мүмкін (Berufsbildungswerke). Олар білімдерін мүгедектерді жалғастыра оқыту институттарында жалғастыра алады.

Ұлыбританияның әлеуметтік қызметтерінде мүгедектерді жұмысқа алу бойынша арнайы қызметтер бар. Оларға сәйкес мүгедектерге жұмыс іздеу барысында көмек көрсетіледі, арнайы көлік үшін төлем жасауға арналған жәрдемақы бөлінеді, жұмыс орны қажетті құрылғылармен жабдықталады. Ұлыбританиядағы мекемелер мүгедектерді жұмысқа қабылдаған жағдайда арнайы техника (мүгедектер арбасы, мүгедектерге арналған лифт) сатып алу үшін бір айлық жәрдемақы алады. Науқасы ауыр мүгедектер жұмысты үйде жасай алады және осы мақсатта оларға арнайы компьютерлік құрылғылар бөлінеді. Көзі толық немесе жартылай көрмейтін мүгедектер үшін оған оқып беретін адамға төлем жасауға арналған жәрдемақы беріледі. Англиядағы мүгедектер жұмысқа сынақ мерзімімен қабылданады (алты ай), бұл жағдайда оларға субсидия төленеді.

Еуропа мемлекеттерінде мүгедектерді позитивті кемсіту жүзеге асырылады. Ол халықтың аталған әлеуметтік санатына ерекше жағдайларға байланысты басқа қоғам өкілдерімен салыстырғанда қандай да бір жеңілдіктер берілуіне негізделеді. Мұндай тұжырымдама заңнамаға мүгедектерді әлеуметтік қорғау позициясын нығайтуға мүмкіндік береді және ол тек дамыған елдерде ғана емес, дамушы мемлекеттерде де жүзеге асырылады.

Мүгедектер құқықтары туралы конвенцияның негізгі мақсаттары

Мүгедектер құқықтары туралы конвенция және оның Факультативті хаттамасын 2006 жылы 13 желтоқсанда Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясы қабылдаған және 2007 жылы 30 наурызда қол қою үшін ашқан. Конвенцияға 82 тарап, ал Факультативті хаттамаға 44 тарап қол қойған. Осылайша, Конвенцияға қол қойған күні оған БҰҰ конвенцияларға қол қою тарихындағы максималды тараптар саны қатысқан. Ол ХХІ ғасырдағы адам құқықтары саласындағы алғашқы жалпыға  ортақ келісім-шарт түрінде болады. Аталған конвенция мүгедектермен жұмыс жасауға қатысты «парадигманың алмасуы» түрінде болады. Бүгінгі таңда конвенцияға 153 мемлекет, Факультативті хаттамаға 90 мемлекет қол қойған.

Конвенция адам құқықтары бойынша құжат ретінде әзірленген және мұнда әлеуметтік даму аспектісі нақты қалыптасқан. Құжатта мүгедектерді санаттары бойынша жалпы жіктеу берілген, мүгедектік формалары бар барлық тұлғалар адамың құқықтарымен және негізгі бостандықтарын пайдалануы тиіс екені көрсетілген. Конвенцияда құқықтардың барлық санаттарын мүгедектерге қалай қолдану керек екені, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға өз құқықтарын тиімді жүзеге асыруға жағдай жасайтын өзгерістер енгізуді қажет ететін салалар көрсетілген және олардың құқықтары бұзылатын, қорғауды нығайту қажет салалар көрсетілген. Мүгедектер құқықтары мен артықшылықтарын қорғау туралы жалпыға ортақ және бірыңғай Конвенцияның арнайы комитетінің төрағасы Дон Макай айтып кеткендей, «Конвенцияның мақсаты мүгедектердің құқықтарын толық мазмұндау мен оларды жүзеге асыру тәртібін анықтау» болып табылады.

Біраз уақыт бойы мүгедектер мәселесі оларда физикалық, психикалық, зияткерлік және сенсорлық бұзылулардың болуының  табиғи және қайтымсыз салдары ретінде қарастырылып келді. Мүгедектер құқықтары туралы конвенцияны және Факультативті хаттаманы қабылдау мүгедектерге қазіргі көзқарасты түбегейлі өзгертуге жағдай жасайды. Конвенцияда денсаулықтың бұзылуы кемшілік ретінде қарастырылатын адамның «қателігіне» баса назар аударылмайды. Керісінше, мүгедектік мәселесін Конвенцияда «қоғам патологиясы» ретінде, яғни қоғамның барлығын тұтас қамти алмауының, дербес айырмашылықтарды жаба алмауының салдары ретінде қарастырылады.

Финляндиядағы мүгедектерді оңалту бағдарламасы

Финляндияда мүгедектерді оңалту жүйесін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ауқымды заңнамалық база әзірленген. Заңнамалық деңгейде халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, әлеуметтік сақтандыру, білім беру салаларына оңалту қызметін кіріктіру бекітілген, сонымен қатар, олардың серіктестігі мен кооперациясы механизмі қалыптасқан.

Финляндия заңнамасында мүгедектерді кәсіби оңалтуға баса назар аударылған, ол оқытудың, кәсіби білім беру мен мүгедектерді қайта даярлаудың, жұмыс орнында оқыту мен кәсіби бағдардың үш деңгейлі жүйесі түрінде берілген, сонымен қатар, кәсіптік бағдар мен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, кәсіби даярлау мен оңалту нәтижелерін бағалау қарастырылған.

Заңнамалық тұрғыда мүгедектерді жұмыспен қамтуды қолдау қамсыздандырылған: мүгедекті жұмысқа қабылдау кезінде жұмыс берушіне субсидия беру, муниципалды қызметтер мен мүгедектерге арналған мемлекеттік орындарды ұйымдастыру жолға қойылған.  

Ерекше нормативті актілермен мүгедектерді оңалтудың ғимарат құырылысын жоспарлау, қозғалысты ұйымдастыру, мүгедектерді тасымалдау, оларға үйде қызмет көрсету, аудармашымен қамтамасыз ету, жұмыс орнын қамсыздандыру және мүгедектерді жұмыспен қамтуды субсидиялау қамтамасыз етілген.

Ұлттық зейнетақы актісіне сәйкес Финляндиядағы оңалтуды қаржыландыру әлеуметтік сақтандыру институты есебінен жүзеге асырылады. Сақтанушылар оңалту қызметі актісіне сәйкес оңалту қызметтерін алады.

Оңалтудың сақтандыру өтемақысы туралы акті жұмыста немесе көліктегі жазатайым жағдайлардан сақтандыруды қамтиды. Сақтандыруда әлеуметтік, медициналық және кәсіби оңалту қарастырылған.

Финляндиядағы мүгедектерді оңалту саласындағы заңнаманы жүзеге асыруды қамтамасыз ететін орган - Әлеуметтік іс және денсаулық министрлігі. Әр түрлі деңгейдегі қызметті үйлестіру үшін Оңалту бойынша ұлттық үйлестіру комитеті құрылған. Ұлттық үйлестіру комитеті, муниципалдық кеңестер, серіктестік топтары – провинциялық деңгейде жұмыс істейді.

Елдің негізгі заңына сәйкес әлеуметтік қызмет көрсету, мүгедектерді оңалту және оларға медициналық қызмет көрсету мәселелері жергілікті билік органдарының құзыретінде, алайда мемлекет олардың шығынының бір бөлігін өтейді.  Жеке оңалту қызметтерін дамытуға арналған құқықтық база құрылған, олар көп жағдайда мемлекеттік тапсырыс үшін пайдаланылады.

Оңалту барысында мүгедектерге әлеуметтік сақтандыру қаражаты есебінен оңалту жәрдемақысы төленеді.

Жеке нормативті актілермен жекелеген мүгедектер санаттарына – соғыс мүгедектеріне, дене кемістіктері бар мүгедектерге, есту және көру кемістіктері бар мүгедектерге ерекше оңалту қызметтерін көрсету реттелген. Мүгедектердің әлеуметтік белсенділігін арттыратын шараларға баса назар аударылған, оның ішінде, оқу немесе жұмыс орнына дейін төленген жолақысын, тұрмыстық тәуелсіздік үшін арнайы құрылғылар алу қарастырылған.