Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Жұмыс істеп тұрған бизнесті жүргізуді сервистік қолдау


1. Бағдарламаның мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді).

«Жұмыс істеп тұрған бизнесті жүргізуді сервистік қолдау» бағдарламасының көмегімен Сіз заңгерлердің, маркетологтардың, сапа стандарттарын енгізу бойынша мамандардың кеңестерін тегін алу және бизнестің маңызды мәселелерін шешу мүмкіндігіне ие боласыз.

Ұсынылатын қызмет түрлері:

1.1. Бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізуге, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасауға байланысты қызметтер, олар:

· салық салу және салықтық әкімшілендіру мәселелері бойынша консультациялар;

· салық заңнамасы саласындағы және кәсіпорынның бухгалтерлік қызметін реттейтін заңнама саласындағы консультациялар;

· бастапқы құжаттарды өңдеу бойынша консультациялар, салықтар мен бюджетке басқа да түсімдерді есептеу;

· кәсіпорынның есепке алу саясатын әзірлеу;

· бухгалтерлік есепті қалпына келтіру;

· бухгалтерлік есепті жүргізу бойында консультациялар;

· 1 С-Бухгалтерия бағдарламасымен жұмыс бойынша консультациялар;

· үлгілік банктік құжаттарды дайындау және толтыру бойынша консультация беру;

· үлгілік банктік құжаттарды дайындау және толтыру;

· салықтық есептерді дайындау және тапсыру бойынша консультация беру;

· салықтық есептерді дайындау және тапсыру;

· басқа ұйымдар қаржылық қызмет бойынша қосымша есептерді құру бойынша консультация беру;

· басқа ұйымдар үшін қаржылық қызмет бойынша қосымша есептер жасау;

· статистикалық есептерді дайындау және тапсыру бойынша консульт ация беру;

· статистикалық есептерді дайындау және тапсыру;

· электронды статистикалық есептілікті ұсыну мәселелері бойынша консульт ация беру.

1.2. Кедендік рәсімдер бойынша қызметтер, олар :

· кедендік заңнама мен кедендік рәсімдер саласындағы консультациялар;

· тауарларды декларациялау қағидалары мен тәртібі, кедендік құнды айқындау және түзету, кедендік декларацияны толтыру бойынша консультациялар;

· нақты тауарлар бойынша тарифтік және тарифтік емес реттеу бойынша консультациялар;

· сыртқы экономикалық қызметті құжаттамалық сүйемелдеу;

· сыртқы экономикалық қызмет үшін лицензиялар, рұқсаттар алу бойынша консультациялар;

· Кеден одағы шеңберінде жүктерді декларациялау бойынша консультациялар;

· сыртқы сауда келісімшарт талаптары бойынша консультациялық қызметтер.

1.3. Сапа менеджменті жүйесін енгізу бойынша консультациялық қызмет және барлық үдерісін сүйемелдеу :

· Құжаттарды халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестік сертификатына дайындау және консультация беру:

- ИСО 9001:2000 ( Сапа менеджменті жүйесі );

- ИСО 14001:2004 ( Экологиялық менеджмент жүйесі );

- ИСО 22000:2005 ( Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі менеджменті жүйесі );

- OHSAS 18001:2007 ( Денсаулық сақтау және қауіпсіздік техникаларын қорғау менеджменті жүйесі );

· персоналды сапа жүйесінің стандарттары талаптарына сәйкестікке оқыту;

· қолданыстағы менеджмент жүйелерін стандарттар талаптарына сәйкестікке талдау:

- ИСО 9001:2000 ( Сапа менеджменті жүйесі ),

- ИСО 14001:2004 ( Экологиялық менеджмент жүйесі ),

- ИСО 22000:2005 ( Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі менеджменті жүйесі ),

- OHSAS 8001:2007 ( Денсаулық сақтау және қауіпсіздік техникаларын қорғау менеджменті жүйесі );

· менеджмент жүйелерін әзірлеу және енгізу бойынша консультация беру;

- менеджменттің кіріктірілген жүйелерін әзірлеу және енгізу саласында консультация беру;

- ішкі аудитті жүргізуге консультациялық көмек;

- сертифика ттау алдындағы аудитті жүргізу бойынша консульт ация беру.

1.4. Заң консульт ациясы қызметін көрсету , олар:

· кәсіпорынды (жеке кәсіпкерді) тіркеу, қайта тіркеу, жоюға құжаттар дайындау бойынша консультациялық қызметтер;

· кәсіпорынды (жеке кәсіпкерді) тіркеу, қайта тіркеу, жоюға құжаттар дайындау;

· шарттар жобаларын әзірлеу бойынша консультация беру;

· шарттар жобаларын әзірлеу;

· азаматтық және еңбек құқығы саласындағы консультация беру;

· құжат айналымын жүргізу бойынша консультация беру;

· ұсынымдар бере отырып құжат айналымының аудиті;

· кадрлық құжаттаманы жүргізу бойынша консультация;

· ұсынымдар бере отырып кадрлық құжаттаманың аудиті;

· бизнес-жоспардан басқа кредиттеуге құжаттар пакетін дайындау бойынша консультация беру;

· бизнес-жоспардан басқа кредиттеуге құжаттар пакетін дайындау;

· құжаттардың ҚР заңнамасының талаптарына сәйкестікке тексерумен байланысты консультациялық қызметтер.

1.5. Маркетинг мәселелері бойынша қызметтер, олар :

· баға саясатын әзірлеу бойынша консультация;

· нарықты, сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың, ұлттық компаниялар мен ұқсас тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары қорытындылары мен жоспарларын ескере отырып нақты тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша баға саясатын әзірлеу;

· бизнес-жоспарды әзірлеу және екінші деңгейлі банктерде қарауға дайындау бойынша консультация беру;

· бизнес-жоспарды әзірлеу және екінші деңгейлі банктерде қарауға дайындау;

· кәсіпорынның (жеке кәсіпкердің) маркетингтік стратегиясын әзірлеу бойынша консультация беру;

· кәсіпорынның (жеке кәсіпкердің) маркетингтік стратегиясын әзірлеу;

· кәсіпорынның (жеке кәсіпкердің) маркетингтік стратегиясын бағалау және талдау бойынша консультация беру;

· кәсіпорынның (жеке кәсіпкердің) маркетингтік стратегиясын бағалау және талдау;

· тауарларды және/немесе жұмыстарды және/немесе қызметтерді жылжытуды талдау;

· тауарларға және/немесе жұмыстарға және/немесе қызметтерге сұраныстың типін зерделеу бойынша консультация беру, ұсынымдар немесе қорытындылар бере отырып тауарларды және/немесе жұмыстарды және/немесе қызметтерді жылжытуды талдау, тауарларға және/немесе жұмыстарға және/немесе қызметтерге сұраныстың типін зерделеу;

· бәсекелес ортаны талдау бойынша консультация беру;

· нарықты, сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың, ұлттық компаниялар мен ұқсас тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары қорытындылары мен жоспарларын ескере отырып бәсекелес ортаны талдау;

· сауда маркаларын, жарнамалық компанияларды әзірлеу бойынша консультаци я беру;

· сауда маркаларын, жарнамалық компанияларды әзірлеу.

1.6. Ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу саласындағы консультациялар:

· ғаламтор-ресурстарды әзірлеу және қолдау;

· есептерді электронды тапсыру бағдарламаларын орнату және қолдау;

· «1 С-Бухгалтерия» бағдарламасын орнату және қолдау;

· кәсіпкерлік субъектілерінің қажеттіліктері бойынша ақпараттық технологиялар саласындағы басқа да қызметтер.

1.7. Мемлекеттік сатып алулармен, ұлттық компаниялардың және жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларымен байланысты қызметтер, олар:

· конкурсқа/тендерге қатысу үшін өтінім дайындау;

· конкурсқа/тендерге қатысу үшін өтінімдердің сараптамасын (аудитін) жүргізу;

· интернетке қосу – Қазақстанның сатып алулары бойынша бірыңғай құрылымдық ақпараттық базаны қамтитын көзді;

· сатып алулардың мемлекеттік және өзге түрлерінің мәселелері бойынша консультациялық қызметтер;

· кәсіпорынның/жеке кәсіпкердің құжаттамасын мемлекеттік және өзге де сатып алуларға қатысуы үшін жетілдіру мүмкіндігінің мәніне сараптау (аудит);

· сатып алуларды ұйымдастырушылардың әрекетіне/әрекетсіздігіне шағымдану;

· қазақстандық қамтудың есебі;

· сатып алудың жылдық жоспарлары негізінде Қазақстанның мемлекеттік және өзге сатып алуларының нарық сыйымдылығы бойынша талдамалық есептер беру;

· қоршаған ортаны басқару менеджменті жүйесін сертификаттау.

Бағдарлама о ператор лар ы:

· «Даму» Қоры;

· сервис тік компани ялар.

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды

2.1. Бағдарламаға кім қатыса алады:

· Шағын және орта бизнес субъектілері

2.2. Бағдарламаға кім қатыса алмайды:

3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

Сервистік қызметті алу үшін Сервис тік компанияға жүгіну қажет немесе қоңырау шалу қажет:

· «Даму» Қорына 1408 нөмірі бойынша ( Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін );

· «Даму» Қорының Оқыту және сервис тік қолдау Департаментіне 8 (727) 244-55-66 ( ішкі 2104).

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімнен бұрын тоқтату шарттары. Бағдарламаға қатысушылардың жауапкершілігі.

5. Бағдарламаның жаңа қатысушылары алдында ашылатын алдағы мүмкіндіктер.

Сервистік қолдау көмегімен Сіз:

· негізгі бизнес- міндеттерді шешу;

· алған білімді жұмыс үдерісіне енгізу мүмкіндігіне ие болсаыз.

6. Жиі қойылатын сұрақтар ( FAQ - парағы )

7. Бағдарлама бойынша статистика (іске қосылған сәттен бастап қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақтар мен компаниялардың көлемі бойынша қатысушылардың статистикасы (шағын/орта/ірі бизнес).

Орта шамамен, 2011 жылы бір сервистік қызметтің (қолдаудың) құны – 81 063 те ң ге ні құраған. 2011 жылы, республик а бойынша 10 000 астам кәсіпкерлерге 18 000 астам сервис тік қызмет көрсетілген. Көмек 60 сервистік компаниялармен көрсетілген.


Назад