Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

«Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» бірінші бағыты шеңберінде Қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау


1. Бағдарламаның мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді).

«Қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау» бағдарламасы, егер мүлік кейіннен сатып алу құқығымен алынған жағдайда, лизингтік төлемдер бойынша шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Сіздің әрбір жобаңыз бойынша мемлекеттік қолдау көлемі, жобаның жалпы құнына және Сіздің қаржылық лизинг бойынша жасасқан мәмілелердің жалпы көлеміне қарамастан, 4,5 млрд теңгеге дейін құрауы мүмкін.

1.2. С убсиди яларды беру шарттары:

1.2.1. Құны лизинг мәні құнының кемінде 10% тең болатын мүлікті немесе жеке қаражатты ұсынуыңыз қажет.

1.2.2. Субсидиялау мерзімі 3 жылға дейінгі мерзімді құрайды және 5 жылға дейін созылуы мүмкін.

1.2.3. Субсидиялау бастапқы сыйақы мөлшерлемесі жылдық 14% аспайтын лизингтік компаниялардың/банктердің қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылуы мүмкін, олардың 7% аспайтын бөлігін Сіз төлейсіз, ал мемлекет 7% өтейді. Бұл орайда лизингтік компания/банк келесілермен байланысты қандай-да комиссияларды ұстамайды:

1.2.4. Келесілерді қоспағанда, қаржылық лизинг шартын жасасумен байланысты:

· Сіздің бастамаңызбен байланысты өзгерістер,

· тәуелсіз бағалауды жүргізумен, лизинг мәнін сақтандырумен, кепілдік шартын тіркеумен және ауыртпалықтарды шешумен байланысты;

· кедендік қызметтермен, лизинг мәнін арнайы органдарының тіркеу қызметтерімен, банктер қызметтерімен байланысты;

· қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемелерді бұзуыңызбен байланысты болса;

1.2.5. Егер де лизингтік компаниялардың/банктердің лизинг сыйақылары жылдық 14% кем болған жағдайда, 7% мемлекет өтейді, ал айырмашылығын Сіз төлейсіз;

1.2.6. Бастапқы мөлшерлемесі жылдық 14% жоғары болған қолданыстағы қаржылық лизинг шарттарының (2010 жылғы 1 қаңтарынан бастап берілген) субсидиялануы жылдық 14% дейін төмендетілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады;

1.2.7. «Даму» Қоры, Сіздің сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігін төлеу бойынша лизингтік компаниямен/банкпен жеңілдікті кезең ( ішінде кредит бойынша негізгі борыш сомасы өтелмейтін қосымша уақыт мерзімі; кредит өтеуді бастау мерзімін кейінге қалдыру ) ұсынылған жағдайларда да, субсидияланатын сыйақы мөлшерлемесінің бөлігінде субсидиялардың аударуын жүзеге асыруға құқылы.

Бағдарлама о ператор ы:

· «Даму» Қоры;

Бағдарламаға қатысушылар:

· Б анк тер, лизинг тік компани ялар.

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды.

2.1. Бағдарламаға кім қатыса алады:

Сіз бағдарламаға келесі жағдайларда қатыса аласыз:

· Сіз экономиканың басым салаларында жұмыс істеген жағдайда ( экономиканың басым салалары тізілімі көзделген тармаққа сілтеме );

· Сіз мемлекеттің тұрақтандырушы және дағдарысқа қарсы бағдарламаларына қатысқан жағдайларда да, ол осы бағдарламаға қатысу үшін кедергі болмайды;

· Сіздің лизинг шартыңыз ҚР лизингтік компаниялары/банктері мен Сіздің араңызда жасалған жағдайларда;

· мүлікке қызмет көрсету бойынша барлық шығыстарды Сіз өзіңізге алатын кездегі таза лизинг жағдайларда;

· шарт объектісіне қызмет көрсету (техникалық қызмет көрсету, жөндеу, сақтандыру, білікті қызметшілерді дайындау, қажетті шикізатты жеткізу, жарнама, маркетинг, мүлік салығы және т.б.) бойынша барлық шығыстарды лизингтік компания/банк өзіне алатын кездегі толық лизинг жағдайларда;

2.2. Бағдарламаға кім қатыса алмайды:

Сіз бағдарламаға келесі жағдайларда қатыса алмайсыз:

· алкоголь, спирт құраушы, темекі өнімдерін шағаруды жүзеге асырсаңыз;

· тікелей лизинг беруші, банктен басқа, Мемлекеттік даму институт тары ( мысалы, «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдинг» АҚ және оның еншілес ұйымдары, сонымен қатар, құрылтайшысы мемлекет болып табылатын басқа да қаржылық институт тар ) болған жағдайларда;

· Сіздің к омпания ңыз ірі салық төлеушілер тізіліміне кіретін болса;

· Ауыл шаруашылық министрлігі бағдарламалары шеңберінде қолдау алып жатқан жағдайларда;

· лизингтік компания/банк Сізге мүлік, Сіз кейіннен оны осы лизингтік компанияға/банкке жалға бересіз деген шартпен сатылатын қайтарымды лизинг кезінде;

· лизингтік компания/банк меншігіндегі мүлік басқа клиентке пайдалануға берілетін қайталама лизинг кезінде;

· мүлікті пайдалану құқығы үшінші тұлғаға берілетін судлизинг кезінде бағдарламаға қатыса алмайсыз.

3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

Бағдарламаға қатысу үшін, Сіз келесі әрекеттерді жасауыңыз қажет:

3.1. лизинг тік компанияға /банк ке:

· қаржылық лизингтің жаңа шарты бойынша қаржыландыруды ұсыну туралы өтініммен;

· 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін алынған қаржылық лизингтің қолданыстағы шарты бойынша, лизинг тік компанияны /банк ті субсидияны алу ниетінің болуы туралы хабарлайтын және бастапқы мөлшерлемені төмендету өнінішін білдіретін өтініммен жүгіну қажет.

3.2. Лизинг тік компания/банк жобаның тиімділігін бағалайды және Сізге қаржы лизингі шартын жасасу дайындығы туралы хат жолдайды.

3.3. Лизинг тік компания/банк оң шешімімен келесі құжаттар қосымша ретінде ұсынылған Сіздің өтініш-сауалнамаңызбен жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісіне жүгінеді ( байланыстарды «Даму» Қорының филиалдарынан анықтай аласыз ):

· Кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (Сіздің қолыңызбен/мөріңізбен расталған көшірмесі);

· Лицензия – қызмет түрі лицензияланатын жағдайда (Сіздің қолыңызбен/мөріңізбен расталған көшірмесі);

· Жарғы, құрылтай шарты (жалғыз құрылтайшы болған жағдайда, құрылтай шарты талап етілмейді). Акционерлік қоғам қосымша акциялар эмиссиясының проспектісін және акционерлер тізілімінен үзінді ұсынады (Сіздің қолыңызбен/мөріңізбен расталған көшірмесі).

· Жүгінген күнге дейінгі 30 күнтізбелік күннен кешіктірілмей берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша борыштың болмауы туралы салық органының анықтамасы;

· Соңғы қаржылық жыл бойынша қаржылық есептер және олардың көшірмелері;

· Соңғы қаржы жылындағы салық декларациясының көшірмесі қоса берілген, қаржы есептері және/немесе ғаламтор-ресурстарға орналастырылған дебиторлық және кредиторлық берешегі таратып жазылған қаржы жағдайы туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін ақпарат (Сіздің қолыңызбен/мөріңізбен расталған көшірмесі);

· Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін шарттарда кредит/лизинг беру мүмкіндігі немесе кәсіпкердің сыйақы ставкаларын төмендету туралы банктің/лизингтік компанияның оң шешімі бар хаты.

3.4. Жергілікті деңгейдегі бағдарламаны үйлестіруші кәсіпкерден өтініш-сауалнаманы алғаннан кейін құжаттарды тексеріп, оларды өңірлік үйлестіруші кеңеске жібереді (ӨҮК, байланыстарды«Даму» Қорының филиалдарынаннақтылай аласыз);

3.5. ӨҮК Сіздің бағдарламаға қатысу мүмкіндігінің болуы немесе болмауы туралы шешім қабылдайды. Бас тартқан кезде себебін көрсетеді;

3.6. Жергілікті деңгейдегі бағдарламаны үйлестіруші ӨҮК мүшелерімен хаттамаға қол қойылғаннан кейінгі 1 жұмыс күн ішінде хаттаманы Банкке және «Даму» Қорына жібереді.

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімнен бұрын тоқтату шарттары. Бағдарламаға қатысушылардың жауапкершілігі.

«Даму» Қоры субсидиялауды келесі жағдайларда тоқтатуға құқылы:

· субсидиялау жүзеге асырылатын қаржы лизингі шарты бойынша лизингтің нысанын алмасаңыз;

· Сіздің шоттарыңызға тоқтату салынған және/немесе сотта қарау жүргізілген жағдайда;

· лизинг бойынша борыштарды уақытылы төлемеген жағдайда.

Мынадай жағдайларда субсидияларды төлеу тоқтатылады, ал субсидиялау шарты бұзылған деп танылады:

· лизинг шарты бойынша төлемдерді толығынан өтегенде;

· субсидиялау шартын бұзу туралы бастамасы бойынша.

5. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер.

6. Жиі қойылатын сұрақтар ( FAQ - парағы ).

7. Бағдарлама бойынша статистика (іске қосылған сәттен бастап қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақтар мен компаниялардың көлемі бойынша қатысушылардың статистикасы (шағын/орта/ірі бизнес).


Назад