Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелін төмендету» үшінші бағыты шеңберінде Қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау


1. Бағдарламаның мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді).

«Қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау » бағдарламасы лизингілік компаниядан кейіннен сатып алу құқығымен пайдалануға мүлік алғандарға және оны пайдалану кезінде сыйақыны төлеу шығындарын азайтқысы келетіндерге арналады. Бағдарлама шеңберінде Сіз қаржы лизингі бойынша мәмілелерді қаржыландыруға мемлекеттік субсидия ала аласыз. Сіздің әрбір жобаңызға мемлекеттік қолдау жобаның жалпы құнына және қаржы лизингі бойынша Сіз жасаған мәміленің жалпы көлеміне тәуелсіз 4,5 млрд теңгеге дейін соманы құрайды.

1.2. С убсиди я беру шарттары:

1.2.1. Сіз лизинг нысанасының құнынан құны 10 % төмен болмайтын мүлікті немесе жеке қаражатты ұсынасыз;

1.2.2. С убсиди ялау мерзімі 3 жылға дейін, және 5 жылға дейін ұзартылуы мүмкін.

Субсидиялау сыйақының номиналды мөлшері жылдық 14%-дан аспайтын банктің/лизингілік компанияның қаржы лизингі шарты бойынша жүзеге асырылуы мүмкін, оның 7 %-дан аспайтынын өзіңіз төлей сіз, ал қалған 7 %-ын мемлекет өтейді. Бұл ретте, Банк:

· өз бастама ңызбен өзгер т у г е байланысты;

· қаржы лизингі шарты бойынша Сіздің міндеттемелерді бұзуы ңызға байланысты;

· тәуелсіз бағлау жүргізу, лизинг пәнін сақтандыру, кепіл шартын тіркеу және ауыртпашылықтардан босатуға байланысты;

· кедендік қызметтерге, лизинг пәнін арнайы органдарда тіркеуге, банк қызметтеріне байланысты себетерінен алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, несиеге байланысты ешқандай комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер алмайды

1.2.3. Егер банктің/лизингілік компанияның лизингілік сыйақысы жылдық 14%-дан төмен болса, онда 7% мемлекет өтейді, ал қалған айырмасын Сіз төлейсіз;

1.2.4. Әрекет етуші қаржы лизингі шартын субсидиялау (2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап берілген) жылдық номиналды мөлшерлемесі 14% асса, онда 14%-ға дейін төмендеткен жағдайда жүзеге асырылады;

1.2.5. «Даму» қоры сыйақы мөлшерлемесінің Сізбен субсидияланбайтын бөлігі бойынша лизингілік компаниямен/банкпен жеңілдік мерзімі (несие бойынша негізгі қарыз төленбейтін қосымша уақыт кезеңі, несие төлеуді бастауды кейінге қалдыру) берілгеніне қарамастан, сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін аударуға құқығы бар.

Бағдарлама о ператоры:

· «Даму» Қоры

Бағдарлама қатысушылары:

· Банктер, лизинг ілік компани ялар.

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды?

2.1. Бағдарламаға кім қатыса алады:

Сіз бағдарламаға келесі жағдайларда қатыса аласыз:

· Егер Сіз экономиканың басым бағыттарында жұмыс жасасаңыз;

· Сіз мемлекеттің тұрақтандыру және дағдарысқа қарсы бағдарламаларының қатысушысы болсаңыз, ол Сіздің бағдарламаға қатысуыңызға кедергі болмайды;

· Сіз бен ҚР Банктер/ лизинг ілік компани ялар арасында лизингілік шарты жасалса;

· Таза лизинг жағдайында мүлікті қамтамасыз етудің барлық шығындарын мойныңызға алсаңыз;

· Толық лизинг жағдайында, шарт нысанын қамтамасыз ету бойынша барлық шығындарды банк/лизинг ілік компания өзіне алса (техни калық қамтамасыз ету, жөндеу, сақтандыру, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, қажетті шикізат тасымалдау, жарнама, маркетинг, мүліктік салық және т. б.);

2.2. Бағдарламаға кім қатыса алмайды:

Сіз келесі жағдайларда бағдарламаға қатыса алмайсыз:

· Сіз ішімдік, құрамында спирті бар, темекі өнімдерін шығаруды жүзеге асырсаңыз;

· Егер тікелей лизинг беруші банктен басқа, Мемлекеттің даму институттары болса ( Мысалы, « Қ азАгро» ҰБХ» АҚ және оның еншілес ұйымдары, сонымен қатар құрылтайшысы мемлекет болып табылатын басқа да қаржылық институттар );

· Сіздің компания ірі салық төлеушілер тізіміне кірсе;

· Егер Сіз Ауыл шаруашылығы министрлігінің бағдарламалары шеңберінде қаржылық қолдау алып отырсаңыз;

· Егер қайтарымды лизинг жағдайында лизинг ілік компания/банк Сізге мүлікті кейін лизинг ілік компания ға /банк ке жалға беру талабымен берсе;

· Егер қайталамалы лизинг жағдайында лизинг ілік компания/банк меншігіндегі мүлік басқа клиент пайдалануына берілсе;

· С ублизинг жағдайында мүлікті пайдаланудың қайта беру құқығын үшінші тұлғаға берсе;

3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

Бағдарлама қатысушысы болуы үшін, Сізге қажет:

3.1. Л изинг ілік компани яға /банк іге лизинг беру туралы өтініш беру,

3.2. Л изинг ілік компания/банк жоба тиімділігін бағалайды және лизинг беру немесе лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін азайту туралы оң шешім қабылдаса, Сізге қаржы лизингі шартын жасауға дайындығы туралы хат жібереді.

3.3. Л изинг ілік компания/банк оң шешіммен жергілікті деңгейдегі бағдарлама үйлестірушісіне, Сіздің өтініш-сауалнамаңызбен жүгінеді, ал Сіз келесі құжаттарды ұсынуыңыз керек:

1) Кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (Кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірмесі);

2) лицензия - егер қызмет түрі лицензияланатын болса (Кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірмесі);

3) жарғы, құрылтай шарты (бір құрылтайшы болған жағдайда құрылтай құжаты талап етілмейді). Акционерлік қоғам қосымша акциялар эмиссиясының проспектісін және акционерлер тізілімінен үзіндіні (Кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірмесі) ұсынады;

4) өтініш берілетін күнге дейін 30 күннен кешіктірмей берілген салық комитетінен бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқтығы туралы анықтама;

5) Кәсіпкердің соңғы қаржы жылындағы салық декларациясының көшірмесі қоса, қаржы есептері және/немесе Web-сайттарға орналастырылған дебиторлық және кредиторлық берешегі (оның ішінде берешектің сомасы, пайда болған күні және өнімдердің/тауарлар мен қызметтердің атауы) таратып жазылған қаржы жағдайы туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін ақпарат (Кәсіпкердің мөрімен/қолымен расталған көшірмесі);

· Лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін азайту/қаржы лизингілік шартын жасау мүмкіндігі туралы оң шешімі қосымша жалғанған Л изинг ілік компания/ Б анк хаты;

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!Егер Сіз экспорттаушы болып табылсаңыз, онда келесі құжаттарды қоса тіркеңіз:

  • экспорт режиміндегі тауардың/өнімнің өндірісін жасайтын кедендік органның белгілері бар жүк кедендік декларациялар;
  • Қазақстан Республикасының кедендік шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан кедендік органның белгісі бар тауар растаушы құжаттар;
  • соңғы есепті кезең үшін статистика органдарына ұсынылғандарды қоса алғанда тауарлардың/өнімдердің жалпы өндіріс көлемін растаушы құжаттар.

3.5. Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушісі өтініш -сауалнаманы алғаннан кейін құжаттарды тексереді және ӨҮК жібереді;

3.6. ӨҮК Сіздің бағдарламаға қатысу немесе қатыса алмау мүмкіндіктері туралы шешім көрсетеді. Бас тартқан жағдайда себебін көрсетеді;

3.7. Жергілікті деңгейдегі Бағдарлама үйлестірушісі ӨҮК мүшелері хаттамаға қол қойғаннан кейін 1 жұмыс күн ішінде Банкке және «Даму» қорына хаттаманы жолдайды.

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату талаптары. Бағдарлама қатысушыларының жауапкершілігі.

«Даму» қоры субсидиялауды тоқтатуға құқылы, егер:

· Сіз субсидия жасалатын лизинг пәнін алмасаңыз;

· Сіздің шоттары ңызға тыйым салу және/немесе сот талқылаулары жүргізіл се;

· Сіз өз уақытында лизинг бойынша қарыздарды төлемесеңіз.

Келесі жағдайларда субсидия төлеу тоқтатылады, субсидиялау шарты бұзылады:

· егер Сіз лизинг бойынша төлемді мерзімінен бұрын толық төлесеңіз;

· егер Сіз субсидиялау шартын бұзу туралы бастаманы өзіңіз көтерсеңіз.

2. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер.

3. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парақ)

7.Бағдарлама бойынша статистика (басталған сәттен бастап қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақ бойынша қатысушылар статистикасы және компаниялардың шамасы (шағын/орта/ірі бизнес).

Назад