Колл-центр(Тегін қоңырау шалу):
1408+7 (800) 080 18 90

Жас кәсіпкерлер мектебі алғашқы түлектерін ұшырды


Шымкенттегі жас кәсіпкерлер мектебі

Шымкентте жас кәсіпкерлер мектебі ашылды. Бұл жобаны жуырда ғана ашылған жастар саясаты мәселелері басқармасы қолға алып отыр. Бүгінгі күні «Даму» қоғамдық қорымен бірлесіп өз кәсібін дөңгелетемін деген жастарға мол мүмкіндік беріп отырғанын да айта өтейік. 17-қыркүйектен бастау алған оқу процесі ағымдағы жылдың 31-желтоқсанына дейін өз жалғасын табады деп күтілуде. Жоба шарты бойынша, жыл соңына дейін талапкер 400 жас білімін жетілдіріп, кәсіпкер сертификатын алуы қажет. Жалпы сабақ 4 сағаттан 48 сағатқа есептелген.

Екі апта бойы жүргізілген сабақ қазақ және орыс тілінде өтіледі. Сонымен қатар, жас кәсіпкер атанушы үміткерлер 18-29 жас ерекшелігінде болуы маңызды. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті магистратурасында 2-курс оқитын Айнұр Дәулетова да күн сайын осы мектепке келіп оқып жүр. Арманы асқақ ару Қазақсатанның болашыға өз үлесін қосуды көздейді.

Айнұр Дәулетова, ОҚМУ магистранты: «Қазақстанда бидай, ұн көп. Бірақ мұнайың қадірін білмеген халық көбіне ысырап қылып, өзге елдерге арзан бағамен, өзімізге қымбат бағамен ұсынады. Сондықтан, болашақтағы менің бизнес жоспарым осы тақырып төңірегінде болмақ. Әрине, 400 адамнан іріктеу кезінде тәртіптің қатаң болатынын білемін. Алайда сенім де жоқ емес. Әділ өткенін қалаймын. Себебі, көбіне таныс-тамырлар мен туыс-жекжаттық деген дүние орын алып жатады. Сондықтан күмән барын жасырмаймын. Ең бастысы, мен өзімнің біліміме, бизнес жоспарыма сенімдімін. Күн сайын оқуға келіп жатырмыз, бұл оқудың да болашақта бізге үлкен көмек болатынын білемін. Сондықтан, ұсынылған мүмкіндіктен айрылғым келмейді. Ал жыл соңына дейін білімімді жетілдіріп, бизнес жоспарымды дамыта түсемін деген ойдамын. Жастар алға дегім келеді! Себебі, бұл сәт қайта келмейді бізге! Қадіріне жете білейік».

Айта өтейік, жыл соңында оқып-дәріс алған, бизнес жоспарын жетілдірген жастар арасынан 50-ін таңдап алынады. Бұл деген осы бизнес жоспарлардың жүзеге асуы. Сондықтан, бизнес жоспардың жоғары деңгейде жазылуы маңызды. Сонымен қатар, әрбір кәсіпкерлікті меңгеріп жүрген 5 білім алушыға 1 мұғалімнен қарастырылған, әрине, жоғарғы сапалы кәсіпкерлікті үйрету мақсатында.
Қайрат Төлебаев, жастар саясаты мәселелері басқармасының бастығы: «Жастардың жалқаулығы басым дер едім. Себебі, мынадай мүмкіндіктер ұсынылып отыр ғой. Сондықтан ауыл-аудан жастарын мүмкіндігі мол шараға шақырамын! Келіп, оқып, жас кәсіпкер атаныңыздар! Егер, іріктеуден өтіп кетсеңіздер де ғажап емес қой?! Елге еңбегі сіңер кәсіпкер болады деп үміт күтіп отырмыз. Естімеген-білмеген жастар болса, біздің есігіміз ашық! Ендеше, іске сәт ЖАСТАР!»

Ұсынылған 400 кәсіпкерлік жоспар-жобадан таңдап алынған 50 жас кәсіпкердің әрқайсысы 3 миллион теңгеге ие болады. Ерекшелігі сол, бұл қаражат қайтарымсыз. Жастар үшін жасалған, қаралған ғажайып дүние! Тек тиімді әрі ұтымды пайдаланып, мақсатты жобаны іске асыру ғана қалды!

http://kz.otyrar.kz/2012/10/zhas-kәsipkerler-mektebi-alғashқy-tүlekterin-ұshyrdy/

Назад