Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

КӘСІПКЕРЛЕРЛЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ


КӘСІПКЕРЛЕРЛЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ (КҚКО)

КҚКО – бұл бизнесті жүргізудегі өзекті мәселелер бойынша оқытулар, шеберлік сабақтары мен семинарларды «бір терезе» қағидатымен толық консалтингтік қызмет көрсететін пакет.
Және мұның барлығы - тегін!

1 МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ҚҰРАЛДАРЫ МЕН ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША КОНСАЛТИНГ:
«Даму» Қорының бағдарламалары мен құралдары бойынша кеңестер, сонымен қатар өзге де кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары;
Қажетті құжаттар тізбесімен субсидиялар, кепілдіктер және гранттар алу үдерісі бойынша қадамдық нұсқау;
Мемлекеттік қолдау алу үдерісіндегі КҚКО кеңесшілерінің ілеспе қызметі;
Заңдық мәселелер бойынша кеңестер;
Бухгалтерлік және салықтық есептер бойынша кеңестер;
Екінші деңгейлі банктердің бағдарламалары бойынша кеңестер;
Бизнес жоспарды құру мен әзірлеу.

2 ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰРҒАН КӘСІПКЕРЛІК ІСІН ЖҮРГІЗУГЕ СЕРВИСТІК ҚОЛДАУ БЕРУ:
Бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізуге байланысты, сонымен қатар статистикалық есеп-қисап құрудағы қызметтер;
Кедендік рәсімдер бойынша қызметтер;
Менеджмент жүйесін енгізудің барлық үдерісіне толық ілеспе қызмет көрсету мен кеңес беру;
Заңдық қызмет көрсету;
Маркетинг мәселелері бойынша қызметтер;
Ақпараттық технологиялық қызмет көрсету саласына кеңес беру;
Мемлекетітк сатып алулар, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларына байланысты қызметтер;
Менеджмент мәселелері бойынша қызметтер;

3 ОҚЫТУ МЕН БІЛІКТІЛІКТІ КӨТЕРУ (МІНДЕТТІ СЕРТИФИКАТТАУМЕН):
«Іскерлік байланыстар» құралына, «Шағын және орта кәсіпкерлік топ-менеджментін оқыту» Компоненті мен «Аға Сеньорлар» Компонентіне қатысу үшін өтінімдер жинау;
Бейінді бағыттар бойынша тренингтар мен семинарларда оқыту;
«Даму-Көмек» Бағдарламасына қатысу үшін өтінім жинау;
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың Бірыңғай бағдарламасы аясында басқа да бағдарламаларға қатысу үшін өтінім жинау.

4 СЕРІКТЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ КЕҢЕС БЕРУЛЕРІ:
Екінші деңгейлі банктер: несиелік ресурстарды тарту бойынша кеңестер;
Қаржылық институттар: мемлекеттік қолдау құралдары мен бағдарламалары бойынша кеңестер;
Халыққа қызмет көрсету орталығы: EGOV.KZ порталымен анықтамалар мен құжаттар беру;
Жеке сектор компаниялары: бизнесті жүргізудегі түйткілді мәселелер бойынша кеңес беру, рұқсат етілген құжаттарды рәсімдеуге көмек беру.

Назад