Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Инновациялық гранттар


Гранттар түрлері

"Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 09 қаңтардағы № 534-IV Заңының 20-бабының 3-тармағына сәйкес инновациялық гранттардың тоғыз түрі бар, олар мынадай мақсаттарға беріледі:

1 Технологияларды коммерциаландыру
бірінші кезең - тәжірибелік зертхана үлгісін жасау үшін грант қаражаттың 95%-ын, соммасы 5 млн. теңгеден аспайтын мөлшерде қамтамасыз етіледі, екінші кезең - тәжірибелік өндіріс үлгісін жасап шығару үшін грант қаражаттың 80%-ын, соммасы 50 млн. теңгеден аспайтын мөлшерде қамтамасыз етіледі, үшінші кезең - сынақ партиясын жасап шығару мен іске асыру үшін қаражаттың 60%-ын, соммасы 100 млн. теңгеден аспайтын мөлшерде қамтамасыз етіледі.

2 Шетелде инженерлік-техникалық персоналдың біліктілігін арттыру
грант өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыру үшін мамандардың жаңа білімдер, машықтар мен тәжірибе алуы үшін беріледі. 10 адамнан артық емес, шығындардың 40% өтейді, 2 млн. теңгеден артық емес.

3 Жоғары білікті шетелдік мамандар тарту
технологиялық үдерістерді жетілдіру, жабдықты пайдалану, тиімділігін арттыру үшін беріледі. Шетелдік маман көрсететін қызметтер шығынының 40% өтейді. Жылына бір маманға 9 млн. теңгеден артық емес. Жылына 3 маманнан артық болмауы тиіс.

4 Консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тарту
грант консалтингілік ұйымдар қызметтеріне кеткен шығынның 40% өтейді. Бірақ, 5 млн. теңгеден артық емес, жобалық және инжинирингтік ұйымдарға жұмсалған шығынның 30% өтеу үшін беріледі және 30 млн. теңгеден артық емес.

5 Басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізу
грант басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізу шығындарын өтеуге беріледі .15 млн. теңгеден артық емес, кеткен шығынның 40% мөлшерінде беріледі

6 Технологияларды сатып алу
грант патент және/немесе лицензия сатып алуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін беріледі. Патент және/немесе лицензия құнының 50% мөлшерінде, бірақ 150 млн. теңгеден артық емес көлемде.

7 Өнеркәсіптік зерттеулер жүргізу
грант кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға отандық және/немесе шетелдік ғылыми-техникалық ұйымдарды тарту үшін беріледі. Сұратылған шығындардың 40% мөлшерінде, бірақ 30 млн. теңгеден артық емес.

8 Дамудың бастапқы сатысында жоғары технологиялық өнім өндіру жөніндегі қызметті қолдау

грант ҚР заңнамасында бекітілген тізбеге сәйкес жоғары технологиялық өнім өндіруге беріледі. Сұратылған шығындардың 70% мөлшерінде, бірақ 50 млн. теңгеден артық емес көлемде.

9 Шет елдерде және (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеу
грант халықаралық өтінім беруге, шетелде патент алуға және патентке үш жыл бойы үш елде қолдау көрсетуге беріледі. Сұратылған шығындардың 95% мөлшерінде, бірақ 6,25 млн. теңгеден артық емес көлемдеде.



Назад