Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Өнімділікті арттыру құралдары


Еңбек өнімділігінің артуына қалай қол жеткізуге болады?

Еңбек өнімділігі – кәсіпорын қызметкерлерінің жұмыс тиімділігінің көрсеткіші,олардың өндірістік қызметінің өнімділігі. Бұл көрсеткіштің артуы мынадай әдістермен жүзеге асырылады:

Еңбекті капиталмен ауыстыру. Бұл әдіс өндірісті техникалық қайта жарақтандыру, жаңа тиімді жабдықтар мен технологияларды қолдану арқылы іске асырылады.

Еңбекті қарқындату. Бұл әдіс кәсіпорын қызметкерлерінің жұмыстарын орындауын жеделдетуге бағытталған бірқатар әкімшілік шараларды қолдану арқылы іске асырылады.

Еңбекті ұйымдастыру тиімділігін арттыру. Бұл әдіс өндірістік шығындарға әкеліп соғатын барлық факторларды белгілеуді және жоюды, еңбек тиімділігін арттырудың ұтымды тәсілдерін анықтауды, сондай-ақ кәсіпорында өндірістік процестерді ұйымдастырудың тиімді жолдарын дамытуды көздейді.

Кәсіпорындарда еңбек өнімділігін артуы келесі түрде анықталады:

• уақыт бірлігінде сақталған сапамен шығарылған өнім санын ұлғайту ;

• бір уақыт бірлігінде шығарылған өнімнің санын өзгертпей оның сапасын арттыру;

• өндірілетін өнім бірлігіне еңбек шығындарын азайту;

• өнімнің өзіндік құнында еңбек шығындарының үлесін азайту;

• өнімнің өндіру және айналу уақытын азайту;

• пайда нормалары мен массасын ұлғайту.

Қызметкерлердің тиімділігін сапалы басқару үшін оны бүкіл кәсіпорын ауқымында дұрыс бағалау және сараптау білу қажет. Өндірісті ұйымдастыру жүйесінің нәтижелілігін 7 түрлі өлшеммен анықтайды:

1. Пәрменділік –кәсіпорын алдына қойылған мақсаттарға жету дәрежесі.

2. Үнемділік –кәсіпорынның қол жетімді ресурстарды пайдалану дәрежесі.

3. Сапа – кәсіпорынның талаптарға, күтулерге мен ерекшеліктерге сәйкестік дәрежесі.

4. Пайдалылық – жалпы кірістер мен шығындардың ара қатысы.

5. Өнімділік – кәсіпорынның өнім саны мен сол өнімді өндіруге кететін шығындардың ара салмағы.

6. Еңбек өмірі сапасы – кәсіпорынның таңдаған жолы мен оның әлеуметтік-техникалық аспектілеріне қызметкерлер қандай пікір білдіреді   .

7. Жаңашылдықтарды енгізу – қолданбалы шығармашылық.

Егер байқасаңыз, кезінде сіздің компанияңызда жұмыс істеген қызметкер, ал кейін өзге компанияға ауысып, сонда өзін тек жақсы жағынан өзін көрсетіп отыратын, бұйрықты тез орындайтындарыда жиі кездесіп отырады. Неліктен? Ол жұмыскердің профессионалдығына байланысты емес, ол көңіл-күйге байланысты, оның ішінде жалақыға, бастықтың қарым-қатынасына. Кез-келген өндіріс орындары үш сатыдан тұрады ол адам, өнім өндіретін құралдар, өнімнің өзі.

Адам - сол компанияда жұмыс істейтін қызметкер, ол өз жұмысын жақсы жасауы тиіс. Сонымен қатар жұмыскердің жұмыс істеу деңгейін қарастырған жөн. Яғни жалақысының аз болуын. Жалақысын көтеру үшін ол компанияға жатпай тұрмай қызмет көретуі қажет.

Еңбек өнімділігі және оны арттырудың факторлары

 Кәсіпорында еңбекті ұйымдастыру деп адамның еңбек етуі үшін қалыпты жағдай жасауды айтады және бұл кәсіпорынның табысын жоғарылататын факторлардың бірі.

Тиімді еңбек жағдайын жасау үшін еңбек үрдісін реттеу қажет, ол үшін еңбек өнімділігінің және жұмыс уақытының шығыны талданады.

Еңбек өнімділігі өнімді өндіру үрдісінде еңбектің тиімділігін және оның нәтижелігін білдіреді. Еңбек өнімділігінің деңгейі уақыт бірлігінде өндірілген өнім санымен көрінеді.

Еңбек өнімділігі экономикалық көрсеткіш, тек жеке адам жұмысының нәтижелігі ғана емес, тұтас ұжымның іс-әрекетінің нәтижесі.

Еңбек өнiмдiлiгi адамдардың өндiрiстiк iс-әрекетiнiң өнiмдiлiгiн бiлдiредi, бiр өнiмге келетiн жанды және заттанған еңбек шығынының шамасын анықтайды. Еңбек өнiмдiлiгiнiң өсуi тек тұтынылатын ресурстардың (ағымдағы шығындардың) қолданылуын көрсетедi, ал өндiрiс тиiмдiлiгi барлық шығындардың (ағымдағы және бiр мезгiлдiк) қолдануын бiлдiредi.

Еңбек үрдісі әрдайым белгілі бір уақыт ішінде жүреді, жұмыс уақыты еңбек шығынының өлшемі болып табылады.

Еңбек үрдісінің нәтижесі – осы үрдісте жасалынған өнімнің саны. Еңбек үрдісінің тиімділігін анықтау үшін сол үрдісте өндірілген өнім саны мен жұмыс уақытының шығынын салыстыру қажет. Белгілі бір жұмыс уақытының шығынында жасалған өнім саны еңбек өнімділігінің көрсеткіші болып есептеледі.

Жұмыс уақытының шығыны мен өндірілген өнім санының арасындағы қатыстың өзгерісі еңбек өнімділігінің қозғалысын көрсетеді.

Егер берілген өнім саны аз жұмыс уақыты шығынында өндірілсе, онда еңбек өнімділігі артады және керісінше, сол өнім санына кеткен жұмыс уақыты шығыны көбейсе, онда еңбек өнімділігі төмендейді.

Сонымен, еңбек өнімділігінің өсу үрдісінің экономикалық мәні мынада: белгілі бір уақыт бірлігінде өндірілген өнім санының артуы немесе өнім бірлігін жасауға кеткен жұмыс уақытын үнемдеу болып табылады.

Еңбек өнімділігі деген ұғыммен қатар еңбек интенсивтілігі деген бар. Егер еңбек өнімділігі уақыттың бір өлшемі ішіндегі өндірілген өнім мөлшерімен өлшенсе, еңбек интенсивтілгі өндіріс үрдісіндегі уақыттың бір өлшемі ішіндегі еңбек шығыны мөлшерімен сипатталады, яғни адамның дене – бұлшық ет, ақыл-ой, жүйке энергиясын жұмсауы.

Қалыпты еңбек интенсивтілігі адамның дене және жүйке күштерін дұрыс жұмсай білуі. Еңбек интенсивтілігін қоғамдық қалыпты деңгейде ұстау еңбек өнімділігін жүйелі арттыруға ықпал етеді, материалдық игіліктердің өндірісін өсіреді, айналып келгенде жұмыскерлердің қажеттіліктерін қанағаттандырады.

Еңбектің өндіргіш күштерін жоғарылату нәтижесі болып табылатын еңбек үрдісіндегі өзгерістер оның элементтерінің күрделі де өзара іс – қимыл сипатына ие болады. Еңбек үрдісінің элементтері – жұмыс күші, еңбек құралы, еңбек заты.

Еңбек өнімділігінің жеке және қоғамдық деген екі ұғымы бар. Жеке еңбек өнімділігі – бұл жанды еңбек шығынының тиімділігі болса, ал қоғамдық еңбек өнімділігі жанды және затқа айналған еңбектің жиынтық үнемделуін айтады.

Еңбек өнімділігін арттыруды қоғамның экономикалық дамуының жалпы заңы деп қарастыруға болады. Еңбек өнімділігінің өсу қарқыны өндірістің қажетті шарты, қоғамның экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени прогресінің маңызды алғы шарты болып табылады. Еңбек өнімділігін арттырудың әлеуметтік-экономикалық мәні бар:

1.Еңбек өнімділігін арттыру өндіргіш күштерін дамытумен тығыз байланысты және ол тұрғындардың тұрмыс дәрежесін жақсартуға әкеледі, өйткені біз материалдық және мәдени игіліктерді неғұрлым көп әрі арзан, сапалы, өндіретін болсақ, оларды көп тұтына аламыз.

Бір жағынан, еңбек өнімділігі өндіргіш күштері дамуының нәтижесі және маңызды көрсеткіші. Өндіріс құрал-жабдықтарын жаңартып, жақсарту, жұмыскерлердің мәдени-техникалық деңгейін өсіру, олардың біліктілігін көтеру еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Екінші жағынан, еңбек өнімділігін үздіксіз өсіру өндіргіш күштерін әрі қарай дамытудың көзі болып табылады. Ол өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын дамытуға, тұрғындарға қызмет көрсету салаларын – денсаулық сақтау, оқу-ағарту, коммунналдық-тұрмыстық шаруашылық, мәдениет, ғылым т.б. кеңейтуге ықпал етеді. Ең соңында тұрғындардың материалдық және мәдени, тұрмыс деңгейін үздіксіз көтеруге жағдайлар жасайды.

Еңбек өнімділігін арттыру еңбектің үнемделуін қамтамасыз етеді.

Еңбек өнімділігін арттыру ұлттық табыстың көбеюінің және өнеркәсіптік өнімнің өсуінің негізгі факторы болып табылады.

Еңбек өнімділігін өсіру жұмыс уақытын қысқартуға және жұмыскерлердің бос уақытын көбейтуге мүмкіндік береді.

Еңбек өнімділігі неғұрлым жоғары болса, әрбір адамның өмірі соғұрлым ауқатты да мазмұнды бола түседі, жасы ұлғайғандарды асырап – сақтауға, жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуға жұмсалатын қаржыны соғұрлым көп бөлуге болады.

Еңбек өнімділігін өлшеу өндірілген өнім көлемін еңбек шығынымен, еңбек нәтижесімен салыстыру арқылы жүзеге асады. Осы шамалардың тікелей немесе кері қатысына байланысты екі көрсеткіш қолданылады: өнімділік және еңбек сиымдылығы.

Өнімділік (сағаттық, күндік, айлық) - жұмыс уақытының бірлігінде (Т) өндірілген өнім саны (Q) немесе айдағы, тоқсан немесе жылдағы орташа тізім жұмыскеріне келетін өнім саны.

Өнімділік = Q/Т, яғни өндірілген өнім санының жұмыс уақыты шығынына қатынасы.

Кәсіпорындарда еңбек ресурстарының тиімді қолданылуы еңбек өнімділігінің өзгеруіне байланысты болады.

Сонымен, еңбек өнімділігі – өндіріс нәтижесінің тікелей жанды еңбекке қатысын білдіретін еңбек үрдісінің тиімділік көрсеткіші, өнімнің бір мөлшерін өндіруге жұмсалған уақыт мөлшерімен немесе уақыттың бір өлшемінде өндірілген өнім көлемімен өлшенеді.

Еңбек өнімділігінің негізгі көрсеткіші - өнім шығару көлемі, оны белгілеуде әртүрлі өлшем бірліктері қолданылады: табиғи өлшем бірліктері – тонна, метр, дана, дара, және т.б. Нормаланған жұмыс уақыты қолданылған кезде өнім шығару норма/сағат бойынша алынады, құндық әдісте ақшалай өлшемде есептеледі, өлшем бірлігі – теңге.

Кәсіпорындарда әрқашан да еңбек өнімділігін артырудың ұйымдық- техникалық шаралары қарастырылып отырылады.

Еңбек өнімділігін арттырудың факторларын былай топтауға болады:

Ғылыми-техникалық прогресс, жаңа техниканы үздіксіз енгізу және қолдану, өндірісте қазіргі ғылым жетістіктерін кеңінен пайдалану, прогресті технологиялық үрдістер, жаңа материалдар мен энергия түрлерін енгізу.

Жұмыскерлердің мәдени-техникалық деңгейлерін жүйелі түрде көтеру, жалпы және арнаулы білімді көтеру негізінде жұмыскерлердің біліктілігін, кәсіби шеберлігін арттыру, еңбекке деген саналы ынтаны дамыту. Жоғары мамандық қызметкерлерге жаңа техниканы, шикізатты, материалды неғұрлым тиімді пайдалануға, өнім сапасын жақсартуға және осының негізінде ең жоғары еңбек өнімділігіне жетуге мүмкіндік береді.

Еңбекті ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру, алдыңғы формаларды енгізу, өндірістің құрылымын жақсарту, еңбекке деген ынталаушы құралды барынша дамыту. Қазіргі уақытта бұл бағыт шешуші бағыттардың бірі болып отыр. Техника мен адамдарды бірыңғай технологиялық процеске ұтымды біріктіру, еңбектің, өндіріс пен басқару ісінің ұйымдастырылуын жолға қою.

Өндірістік қызметті оңтайландыру не үшін қажет

Ағымдағы қызметте өндірістік, экономикалық, психологиялық шығындарды төмендету. Оңтайландыру процесінің негізгі міндеті осы. Оны бастамас бұрын екі маңызды сұрақтың жауаптарын анықтау қажет: «Бұл тауарлар мен қызметтердің тұтынушыларына тиімді ме?» және «Шығындарды қалай ықшамдау қажет?».

Шығындардың негізгі түрлерін белгілейік:

  • Тауарларды артық өндіру, яғни өнім өндірілді, ал оған деген сұраныс әлі өскен жоқ.   
  • Өндірістік кезеңдердің арасында материалдар мен шикізаттарды сақтау.
  • Цехтардың ыңғайсыз орналасуына байланысты материалдарды қажетсіз тасымалдау.
  • Жобалау кезінде жіберілген кемшіліктер мен жабдықтардың жетіспеушілігімен байланысты өңдеудің қосымша кезеңдері.
  • Қоймалардағы шикізаттар мен материалдардың үлкен «сақтандыру» қорлары. 
  • Адамдардың тиімсіз орын ауыстыруы, мысалы бөлшектерді, құралдарды және шикізатты іздеп. 
  • Жарамсыз өнімнің өндірісінің жоғары үлесі.

Егер мекемедегі бұл шығындардың көбісі үнемі болып тұратын болса, өндіріске толық оңтайландыруды жүргізудің қажеттігін қарастыру қажет.

Өндірісті толық оңтайландыру деген не? Бұл өнертабыстық ұсыныстар «төменгі» жақтан, яғни өндірістің тікелей жұмыскерлерінен шығатын, олармен іске асырылып және бағаланатын басқару механизмін құру.

Оңтайландыру процесін іске қосу үшін жобаны іске асырудың нақты цехтарын немесе бөлімдерін таңдау қажет. Содан кейін құрамына цех қызметкерлері мен әкімшілік блоктан басқарушылар кіретін жұмыс топтарын құру қажет. Осыдан кейін «қысқартылатын» және «қысқартылмайтынға» бөліп, өндірістің бар шығындарын мұқият қарап шығу керек. Осының негізінде тиімсіз шығындардың азайтылуын жүргізу қажет.

Келесі кезең: жұмыс тобының ықтимал оңтайландыру жолдарын сындарлы талқылауы, олардың арасынан ең лайықтысы таңдалады. Содан соң қажетті инвестициялардың сомасы, экономикалық нәтижесі есептеледі, енгізудің бастапқы жоспары дайындалады. Әрі қарай ұсынысты оңтайландыру бойынша ұсынысты қабылдайтын немесе одан бас тартатын Басқарушы кеңес қарастырады.   

Сәтті оңтайландырудың қағидалары:

  • Мекеменің қызметкерлері тікелей өндірісті басқаларына қарағанда жақсы түсінеді, сондықтан оның нәтижелілігін арттырудың бағытын да олар анықтауы тиіс.  
  • Жобаларды талқылағанда ең ерекше пікірлерді де қарастырған жөн.
  • Қызметкерлердің қабылданған және іске асырылған ұсыныстары үшін сыйлықақымен немесе бонустармен ынталандыру және көтермелеу қажет.
  • Мекеменің басшылығы оңтайландыру процесін қолдауға және бақылауда ұстауға міндетті.
Қызметті «төменнен жоғары қарай» оңтайландыру қағидасы шығармашылық әлеуетті ынталандырады және мекеменің барлық қызметкерлерін қызықтырады. Мұндай жағдайда кешенді әсер болады: қызметкерлер оңтайландыру процесіне тартылғандықтан және өз еңбектерінің жағдайлары мен төлемін жақсарту мүмкіндігіне ие болғандықтан, бизнес нәтижелірек жұмыс істейді.

 

Инновацияны енгізу – бұл өнімділікті көтерудің нәтижелі құралы 

Инновациялар — бұл өндірістік процестердің нәтижелілігінің өсуі мен өнім сапасын көтеруге ықпал ететін жаңа енгізілімдер.  

Инновацияларды енгізудің негізгі міндеттері:   

  • Ұсынылатын тауарлар мен қызметтердің тұтынушылардың сұраныстарына сәйкестігі;
  • Өндірістің өнімділігін көтеру;
  • Өнімнің өзіндік құнын арзандату;
  • Түсімді көтеру.

Басқарудың жаңа технологиялары мен құралдарын қолданумен байланысты тұрақты өзгерістерсіз компанияның ілгерілеуі мен табыстылығы мүмкін емес. Сондықтан бизнесте инновациялық жобаларды әзірлеу және енгізу әрдайым жүргізіледі. Олар жабдықты жаңартуға, өндірістік алаңдарды кеңейтуге және техникалық қайта өңдеуге, мекеменің ұйымдық құрылымын өзгертуге, басқару қызметкерлерінің жұмыс істеу әдістерін жаңартуға бағытталуы мүмкін.

Сонымен қатар,  мекеменің қаржы қызметінде, бухгалтерлік аудитте, баға белгілеу әдістері мен қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыруда өзгерістер болуы мүмкін.

Кез келген жаңа енгізілімдерді енгізудің алдында компания қызметіне толық аудит өтуі тиіс. Ол бар проблемаларды анықтайды және оларды шешудің лайықты әдістерін ұсынады.

Анықталған проблемаларды шешудің әдістері:

  • Тауарлар мен қызметтердің өндірісінің технологиясын жетілдіру;
  • Сапалырақ, инновациялық материалдарды қолдануға көшу;
  • Қолданылатын материалдар мен шикізаттарға шығындарды үнемдеу;
  • Өндірісті автоматтандыру;
  • Энергиялық шығыны төмен технологияларды қолдану;
  • Жұмыс уақытын айқын нормалау.

Инновациялық өзгерістердің негізгі нәтижесі: экономикалық әсері. Бұл жаңалықтарды енгізгеннен кейін өзгеріске дейінгі кезеңмен салыстырғанда  өнімнің бір бірлігінің өндірісіне кететін  жалпы шығындардың төмен болу керектігін білдіреді.   

Өндіріс процесіне инновацияны енгізу экономиканың секторына тәуелсіз, мекеменің бәсекеге қабілеттігін бір өңірдің, елдің, сондай-ақ оның сыртында арттыруға ықпал етеді.

Реинжиниринг: сіздің бизнесті жаппай қайта жүктеу

Реинжиниринг – бұл кәсіпорынды және оның маңызды үдерістерін іргелі қайта ойластыру және түбегейлі қайта құру .

Бұл әрекеттің басты мақсаттары: тұтынушылар сұранысының күтілетін өзгерістеріне икемді және жедел бейімделу: тиімді компьютерлендіру негізінде стратегияларды, технологияларды, өндірісті ұйымдастыру және басқаруды тиісті өзгерту.

Бизнес-үдерістер реинжинирингінің нәтижесі болып маңызды сандық өлшенетін көрсеткіштердің жақсаруы табылады, ал оның жемісі кәсіпорынды ұйымдастырушылық дамытумен тығыз байланысты.

Ұйымдастырушылық құрылымына ықпал ету деңгейі бойынша бизнес-үдерістердің эволюциялық және революциялық реинжинирингін ажыратады.

Эволюциялық реинжиниринг кезінде түрлі бизнес-үдерістердің ішкі біріктірілуі оңтайландырылады, бірақ ұйымның жұмыс жасауына елеулі өзгерістер енгізілмейді.

Революциялық реинжиниринг кезінде барлық бизнес-үдерістер қайта жобаланады және ұйымның қызметтің жаңа түріне қайта бағдарлануы жүреді.

Қайта құрудың шешуші факторы — орындаушылардың шығармашылық белсенділігі. Елестерін оятып, қиялдарына түрткі беру үшін, өз қызметкерлеріңізге келесі сұрақтарды қойыңыз:

1. Көз алдыңызға келтіріңіз, сізге жекеменшік кәсіпорныңыздың бәсекелесінің бейнесін жасау керек. Үздік нәтижеге қол жеткізу үшін, сіз оны қандай етіп жасайсыз?

2. Мінсіз үдеріс қандай болуы керек?

3. Егер сіз өз компанияңызды қайтадан жаңадан құра алсаңыз, ол ұйым және оның нақты үдерісі қандай түрде болар еді?

Тәсіл қолданудың таңдалған әдісіне қарамастан, мазмұнды ұсыныстар беру кезеңінде жасалатын соңғы іс-әрекет, — барлық бизнес-үдерісті түбегейлі қайта құру нәтижесінде ұсынылатын өзгерістер тізімін әзірлеу.