Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Қаржыны басқару құралдары


Бизнестің қаржылық жоспары және оның түрлері

Қаржылық жоспарлаудың негізгі міндеті- — фирма үшін қаржы жоспардың (бюджеттің) ең тиімді және қаржылық-орнықты нұсқасын іздеу және таңдау.
Қаржылық жоспар — бұл кәсіпорынның құндық (ақшалай) түрде жұмыс істеуі және дамуы бойынша кешенді жоспар. Онда фирманың өндірістік, инвестициялық және қаржылық қызметінің тиімділігі мен қаржылық нәтижелері болжанады. Ол тауарлық-материалдық құндылықтарды, барлық құрылымдық бөлімшелерінің қаржылық ағындарын, олардың өзара байланысы мен өзара тәуелділігін қамтиды. Қаржылық жоспарды жасау үшін ақпараттық базасы ретінде бухгалтерлік құжаттама негіз болады. Бірінші кезекте, бұл бухгалтерлік баланс және балансқа қосымша.
Фирманың қаржы жоспарында көрініс табу қажет:
• кірістер мен қаражаттың түсуі;
• шығыстар мен ақша қаражаттарының аударымдары;
• несиелік қарым-қатынас;
• бюджетпен өзара қарым-қатынас.
Кәсіпорын балансы
Кәсіпорын балансы — бұл капитал көздері мен оны орналастыру құралдарын көрсететін жиынтық кесте. Кіріс бөлігінде әдеттегі қызмет түрлерінің кірістер, операциялық табыстар (түскен әртүрлі кіріс, бірлескен қызметтен түскен пайда және т. б.), өткізуден тыс табыстар мен төтенше кірістер (шаруашылық қызметте төтенше жағдайлар салдарынан туындайтын түсімдер) көрсетіледі. Сол баптар бойынша табыстар да көрсетіледі.
Кәсіпорын бюджеті
Кез келген іс-қимыл жоспары бюджет (кірістер және шығыстар сметасын) құрумен сүйемелдену тиіс. Ол жоспарлаңған мақсаттарға жету үшін ресурстар қажеттілігін анықтап және нақты кезеңде кірістер мен шығыстарды сипаттай отырып жоспардың сандық іске асуы болып табылады.
Бюджет жоспары бухгалтерлік есеп және орындау міндеттілігі тұрғысынан әлдеқайда асып түседі. Бюджет іске асқан жағдайда ғана мағынасы бар, себебі, кірістер мен шығыстар қарапайым сметасының ешқандай құндылығы жоқ.
Қаржылық жоспарлардың түрлері
Стратегиялық жоспарлар- ол бизнесті дамыту және ұзақ мерзімді құрылым ұйымдастыру жоспарлары. Қаржылық аспектіде стратегиялық жоспарлар ең маңызды қаржылық көрсеткіштерді және өсім пропорцияларын айқындайды, инвестициялық стратегияларды және қайта инвестициялау мен жинақтау мүмкіндіктерін сипаттайды. Мұндай жоспарлар кәсіпорынды бизнес – бірлік ретінде сақтау үшін қажетті қаржылық ресурстардың көлемі мен құрылымын анықтайды.
Анағұрлым жалпы түрде стратегиялық жоспарлар мынадай бөлімдерден тұратын құжатты білдіреді:
1. Кәсіпорынның инвестициялық саясаты:
2. Айналым капиталын басқару:
3. Кәсіпорынның дивидендтік саясаты.
4. Қаржылық болжамдар:
5. Кәсіпорынның есеп саясаты.
6. Басқарушылық бақылау жүйесі.
Ағымдағы жоспарлар стратегиялық жоспарларды нақтылау негізінде әзірленеді. Егер стратегиялық жоспар қаржы ресурстарының көлемі мен пайдалану бағыттарының үлгі тізбесін берсе, онда ағымдағы жоспарлау шеңберінде салымдар және олардың қаржыландыру көздерінің өзара келісуі жүргізіледі, әрбір қаржыландыру көзінің тиімділігі зерттеледі, кәсіпорындардың қызметі мен табыс алу жолдарының негізгі бағыттарының қаржылық бағалауы жүргізіледі.
Жедел жоспарлар —фирманың мақсаттарға жетуге тікелей байланысты қысқа мерзімді тактикалық жоспары, (өндіріс жоспары, материалдар мен шикізаттар сатып алу жоспары және т. б.). Жедел жоспарлар жылдық немесе тоқсандық жалпы бюджетке құрамдас бөлік ретінде кіреді.
Жедел қаржылық жоспарлар —ақша ағымдарын басқару құралы.
Қаржыландыру жоспарлы іс-шаралары түсетін қаражат есебінен жүзеге асырылады. Бұл қаржы ресурстарын қалыптастырудың күнделікті тиімді бақылауын талап етеді.
Жедел қаржылық жоспарлаудың қамтитыны:
- төлем күнтізбесінің жасалуы және орындалуы;
-  қысқа мерзімді несиеде қажеттілік есебі;
-  кассалық өтінімді жасау.

Қаржылық менеджменттің 11 құралы

Қаржылық құрал - бір кәсіпорынның қаржы активтері мен басқа кәсіпорынның борыштық немесе үлестік сипаттағы қаржылық міндеттемелерінің бір мезгілдік ұлғаю келісім-шарты.

Қаржылық менеджменттің құралдары:

1.     бюджеттеу - ақша және қаржылық нәтижелерді жоспарлау, есепке алу және бақылау технологиясы;

2.     қаржылық талдау - кәсіпорынның қаржылық жағдайының объективті және нақты көрінісін беретін, пайда мен залалдарды, активтер мен пассивтердің құрылымындағы өзгерістерді, дебиторлар және кредиторлармен есепті көрсететін негізгі параметрлерін шығару;

3.     несиелі қаражатты тарту менеджменті - меншікті қаражаттың рентабельділігін арттыру мақсатында қаржылық тетіктің әсерін есептеу арқылы тартылатын қаражатты тиімді басқару;

4.     еркін қаражатты орналастыру менеджменті - тікелей және портфельдік инвестициялар, коммерциялық кредиттер және басқа да тәсілдердің көмегімен қосымша пайда алу мақсатында бос қаражаттың орналастыруын басқару;

5.     леверидж - пайданың өсуіне бағытталған активтерді басқару үдерісі, нақты айтсақ, осы фактордың шағын өзгеруі нәтижелі көрсеткіштердің елеулі түрде өзгеруіне әкелуі мүмкін;

6.     инвестициялық менеджмент - инвестицияларды басқару. Инвестицияларды басқару инвестициялық портфельді қалыптастыру көмегімен жүзеге асырылады. Портфельді қалыптастыру бірнеше кезеңмен жүзеге асырылады: құрылу мақсаттарын қалыптастыру және олардың басымдылығын анықтау; тәуекел деңгейлерін орнату мен ең төменгі пайда мөлшерін белгілеу; қаржылық компанияны таңдау; инвестициялық шотты жүргізетін банкті таңдау;

7.     капитал менеджментінің эмиссиясы - капитал қозғалысын басқару. Капиталды басқару ақша ағындарын және бағалы қағаздар портфелін басқаруды қамтиды;

8.     траст-операциялар - банктердің, қаржы компаниялардың, инвестициялық қорлардың клиенттің сенім білдірілген тұлғасы ретінде мүлікті басқару сенімгерлік операциялары;

9.     факторинг - айналым қаражатын несиелендіруге байланысты сауда-комиссиялық операцияның бір түрі. Факторинг сатып алушының дебиторлық берешегін өндіріп алуды (инкассациялауды), оған қысқа мерзімді несие беруді, операциялар бойынша кредиттік тәуекелдерден босатуды қамтиды.

10.                       лизинг - жабдықтарды, көлік құралдарды, жылжымалы және жылжымайтын мүлікті пайдалануға беруге байланысты ұзақ мерзімді жалға алу нысаны. Қаржылық лизинг жалға алушының келісім-шартта көзделген мерзім ішінде жабдық амортизациясының толық сомасын немесе оның үлкен бөлігін өтеуді, сонымен қатар, жалға берушінің пайдасын төлеуді қарастырады. Операциялық лизинг мүліктің амортизациялық кезеңінен аз уақытқа шартталады, сондай-ақ, келісім аяқталғаннан кейін лизинг объектісі иесіне қайтарылады немесе қайтадан жалға алынады;

11.                       сақтандыру - белгілі бір оқиғалар орын алған кезде қожалық субъектілер және азаматтардың сақтандыру төлемдерінен құрылған ақша қоры есебінен олардың мүліктік мүдделерін қорғауға бағытталған қарым-қатынас.

«Менеджмент» ұғымы біздің сөздік қорымызға латын тілінен енген. “management” латын тілінен аударғанда басқару деген мағынаны білдіреді. Сонымен қатар қаржылық менеджмент қаржылық ресурстар мен капиталдық басқаруы бар фирмаларда қолданылады. Бұл басқару жүйесі тиімді, себебі оның басты мақсаты – өндіріс көлемін ұлғайту және өзіне көп пайда түсіру болып табылады. Басқаша айтқанда қаржылық менеджмент дегеніміз бұл сіздің жеке кәсібіңізден қандайда бір мөлшерде ақша алу немесе керісінше өндіріске қажетті құралдардың орнын толықтыру. Сонымен қатар, қаржылық менеджмент өндіріске қажетті заттарды қайдан алуға болатынын және оның төлемі сізге немесе сіздің өндірісіңізге қаншалықты тиімді екенін көрсетеді. Сондай-ақ, қаржылық менеджмент жаңадан ойластырылған немесе жаңадан жұмыс жасап жатқан өндіріс орындары ақшалай түрде бағаланады. Кез-келген экономикалық қарым-қатынас пайда түсіруімен белгілі. Базарда бәсекелестіктің себебінен өнімге түсетін пайданың аз бөлігін түсіруге ұмтылады оның жартысы өз пайдаңа ал қалғаны тағы өндірістік зат алуға кетеді. Пайда тұтыну қызметінің қаржылық нәтижесі болып табылады. Сонымен қатар, бұл кәсіпорындардың қызметін бағалауының және жоспарының көрсеткіші. Пайданы арттыру екіге бөлінеді; шығарылым көлемінің және тауардың жүзеге асуымен және шығын көлемінің азаюымен сипатталады, сонымен бірге, жалпы түрде - бұл кірістің және өзіндік құнның арасындағы байланыс. Қаржылық менеджменттің мақсаты болып өндіріске қажетті құралдардың қажетті мөлшерін салу болып табылады.

Қаржы менеджментінің жалпы және негізгі мақсаттары компанияның акциясының нарықтық құнының көтермелеуі, пайданың өсуін, компанияның нақты базарда бекітілуі немесе нарықтың буынын кеңейту, құлдырауға ұшыраудан және қаржылық сәтсіздіктерден сақтау, жұмыскердің әл-ауқатын жақсарту болып табылады.

Ақырында қаржылық менеджмент басқарудың стратегиясын және тактикасын негізге алады. Стратегия негізінде қойылған мақсатқа жету үшін керекті әдіс-тәсілдердің барлық мүмкіндіктері қолданылады. Тактика - бұл қойылған мақсаттың табысы үшін нақты шарттардың нақты әдіс және әдіс-айлалар. Басқару тактикасының мақсаты қойылған мақсатқа жетуде барлық нақты әдістерді қолдану.

Қаржылық менеджмент тәжірибесінде - жеке экономикалық органның немесе маманның деңгейі, яғни ол кәсіпорынның басқару құрамына кіреді. Үлкен кәсіпорындарда ашық қоғамдарда басқарманың мынадай аппаратымен қаржылық директор немесе басты қаржы менеджерлері айналысады. Қаржылық дирекция түрлі бөлімшелерден құралады, айталық, қаржылық және экономикалық бөлімшелерден, бухгалтериялардан, зертханалық экономикалық анализдерден, секторлы валюталық операциялардан және т.б. Қаржы менеджері – компанияны басқаратын директорлардың басты буыны болады. Ол қаржының барлық қағидасы мен теорияларын білуі керек. Қаржы менеджері қаржы негізінде туындаған мәселені шеше білуі керек. Қаржылық менеджменттің функциясын жүзеге асуыруда нақты атқаратын қызметінің, мақсатының шешімінің әдістері кәсіпорынның, қаржы саясатымен анықталады. Біртұтас қаржылық саясатының басқарманың жоғарғы деңгейінде, фирманың ғаламдық көлемде қарастырылады. Қазіргі шарттарда фирманың қаржылық саясатының басты өзгешелігі қаржылық аспаптың, кешенді игерілуімен құралады. Қаржы аспаптың үш негізгі санаты: ақшалы ақы-пұл(ақы-пұлдар кассада және есептік есепшотта, валютада), несиелік құралдары (акция және жарналар) болып бөлінеді.

Қаржылық менеджменттің жүйесінің ақпараттық қамсыздандыруының қаржылық мінездемесі ретінде банктық жүйе, тауарлық, қорлық, валюталық биржалар туралы ақпараттары. Қаржылық басқарма жүйесінің кез-келген функциясы ретінде: заңдар, президенттің нұсқауы, үкіметтің жарлықтары, министрліктің бұйрықтары және жарлықтары, ведомстволар, лицензиялар, жарғының құжаттары, нұсқаулар, және т.б. Әдістемелік нұсқаулар шегінде қолданыстағы құқықтық және нормативтік қамсыздандыр жүзеге асады.


Бухгалтерлік баланстың құрылымымен динамикасын жалпы бағалау

 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау бухгалтерлік балансты, оның құрылымын, құрамымен динамикасын танып білуден басталады. Ол үшін келесі мәселелерді қарастыру керек:

 баланстың негізгі тұжырымдамаларын;

 баланстың мәнімен қызметтерін;

 бухгалтерлік баланстың құрылуын.

Бухгалтерлік баланс – бүл кәсіпорын мүлігінің құны мен қаржыландыру көздері құнын бейнелейтін белгілі бір уақыт кезеңіне шаруашылық бірліктің каржылық жағдайы туралы ақпарат.

Кәсіпорын балансында бухгалтерлік есептің неғізін құраушы тұжырымдамалар бар:

1. Ақшамен өлшеу тұжырымдамасы. Есеп беруде ақша тұрінде көріне алатын ақпарат ғана тіркеледі.

2. Жекеленген кәсіпорын тұжырымдамасы ұйымнаң шаруашылық қызметін есепке алу оны заңды тұлға ретінде тіркелген кезден бастап үздіксіз жүргізіледі.

3. Әрекет етуші кәсіпорын тұжырымдамасы кәсіпорын қызмет етіп тұратын уақыт аралығы белгісіз екендігімен жіберіледі.

Шаруашылық субъект әрекеттегі кәсіпорын болып табылады және одан әрі қызмет етуін жалғастырады.

4. Құны бойынша есепке алу тұжырымдамасы, кәсіпорын мүлкін алуға төленген баға бойынша есепке алу реестіріне еңгізіледі. Бүл активтерді келесіде есепке алу үшін негіз болып табылады.

5. Екі ұдайлық есеп жұргізу тұжырымдамасы, кәсіпорынның барлық активтері олардың иелерімен немесе кредиторлармен талап етілуі мүмкін және бұл талаптардың жалпы сомасы талап етіліп отырған активтер сомасынан арта алмайды. Бұл активтер мен пассивтердің тең екендігін білдіреді.

Негізін құрайтын тұжырымдамалармен қатар мәнділік,сақтық есеп ақпаратының зарарсыздығы және т.б. болады.

Бухгалтерлік баланс – кәсіпорын қаражаттарының олардың қаржыландыру көздеріне қатысы бойынша жағдайын орналастыруын және пайдалануын ақша нысанында бейнелеу тәсілі. Нысан боиынша баланс нәтежелері өз араларында тең сандардың екі қатарын білдіреді, сондықтан бухгалтерлік баланстың маңызды сыртқы белгісі екі жақтық тепе теңдігі қағидасын сақтау болып табылады.

Нарықтық экономикада бухгалтерлік баланс – нгізгі ақпараттар көздері. Олардың көмегімен пайдаланушылардың кең шеңбері:

 Шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайымен танысу;

 Кәсіпорын әл – ауқатын анықтау;

 Ұйым үшінші тұлға – акционерлер, инвесторлар, кредиторлар сатып алушылар және басқалары алдында өз міндеттемелерін орындай алуы;

 Кәсіпорын жұмысының соңғы қаржылық нәтижелер аныктау мүмкіндігіне ие болады.

Бухгалтерлік баланстың құрылуы мынадай: баланстың негізгі бөлімдері мен олардың негізгі баптары белгілі бір түрде топтастырылған.

Бұл аналитикалық зерттеулерді орындау және активтер мен пассивтер құрылымын бағалау үшін қажет (Сызба

Активтер деп әдетте ақшалар салынған мүлікті айтады. Активтің баптарын мүліктің өтімділігі дарежесіне байланысты, яғни активтің сол тұрін ақша тұріне қаншалықты тез ауыстыруға болатынына байланысты орналастырады балнс активінің бөлімдері өтімділіктің өсу тәртібімен құрылады.


Қаржыны басқару – бизнесті басқарудың басты құрамдас бөлігі

Ақша — бұл ресурсты сатып алуға, оны құндылыққа айналдыруға және тұтынушыға беруге мүмкіндік жасайтын әмбебап тауар. Бизнес — бұл осы құндылықты ақшаға айналдыратын жүйе. Ақша басқарылмаса, жүйе тоқтап қалады. Осындай басқару бойынша қатынастар жиынтығын қаржылар деп атайды.

Компанияда қаржыларды басқару қажет. Үлкен компанияда бұл іспен қаржылық департамент, орта сегментте — қаржылық директор, шағын бөлікте —меншік иесі айналысады.

Шағын және орта бизнесте қаржыны қалай басқару керек

Қаржылар үшін жауаптының мақсаты - өсіп келе жатқан бизнесті дамуы үшін ресурспен қамтамасыз ету, және, әлбетте, табыстың нысаналы көрсеткішін қадағалау.

Көп жағдайда, кәсіпкер-меншік иесі ақшаның есебін дәптерде жүргізеді, онда бәрі дұрыс көрінеді. Бизнес кеңейеді, және ол қаржылық директорды жалдайды. Бірақ қаржылық директор есептер мен үдерістерді енгізген кезде, ал меншік иесі оларды түсінбесе, басқару жолдан шықты деп санауға болады. Мұндай жағдайдың алдын алу үшін, кәсіпкерге базалық қаржылық тұжырымдамалармен және аспаптармен жұмыс жасауды үйрену қажет. Сонда ол жалданған қаржылық менеджерді тиімді бақылай алады.

Сонымен, кәсіпкердің нақты мәліметі болуы тиіс, қаржылар туралы базалық түсініктер:

Ø капиталдың құны

Ø қауіп және табыстылық арақатынасы

Ø табыстың ақша ағынынан ерекшелігі

Ø бизнестің табыстылығы және активтердің айналымдылығы

Ø кірістер мен шығыстарды бюджеттендіру

Ø амортизация мәні

Ø қаржылық есептілік нысандарын қалай тексеру керектігін түсіну

Шағын және орта бизнес үшін қолданатын болса, бұл концептілер күрделі емес.

Сонымен қатар, кәсіпкер бес көрсеткішті түсінуі және бақылауы қажет:

-    Табыстылық — біздің бизнес тұтынушылар үшін құндылықтарды жеткілікті түрде жасай ма.

-    Ақшалай ағын — төлемдерді қамтамасыз ету үшін бизнестің өтемпаздығы жете ме.

-    Активтердің айналымдылығы — команда айналымдағы жабдық пен ақшаны қаншалықты жақсы пайдаланады.

-    Қауіптер және резервтер — команда бизнес қауіптерін басқара ала ма және кәсіпорынның мықты резервтері бар ма.

-    Дамытуға инвестициялау — команда инновациялар мен өсуге инвестициялай ма.

Қаржы сұрақтарын түсінетін кәсіпкерде дұрыс шешім қабылдауға көп негіздеме болады, және жалпы алғанда, ол өз бизнесін тиімді басқарады.

Қаржыны басқаруды бағалау

Басқарудың тиімділігін бағалау кезінде бөлу тиіс: әдістеме және бағалау объектілері, сондай-ақ,  қолданудың талаптары мен бақылау объектілері тиімділігін.

Негізгі бағалау объектілеріне және тиімділік белгілеріне жатқызуға болады:

1. Айналым қаражаттарын және капиталды басқару. Рентабельдікпен,  қызмет құралдарының пайдалану кезеңінін өсуімен, өндіріс шығындарының төмендеуімен, сапалы есептік әдістерді қолдануымен  сипатталады.

2. Қаржылық тәуекелдерді басқару. Қаржылық тәуекелдерді азайту тетіктері ескеріледі – компанияның қызмет спектрін кеңейту, салымдарды әртараптандыру, сақтандыру, қаржылық шығындардың төменгі шекараларын төмендету.

3. Қолма-қол ақшасыз төлемдер жүйесі. Орындаудың рәсімдері, кезеңдері мен формалары ел заңнамасына қаншалықты сәйкес келетіні,   кредиторлар және қызметкерлер алдындағы берешек дер кезінде жабылатыны, дебиторлар тарапынан төлемдер уақтылы  өткізілетіні бағаланады.

4. Бизнес-жоспарлау және бюджеттік қаражат жүйесі. Тиімділік туралы кәсіпорынның нарықта болып жатқан өзгерістерге бейімделу деңгейі, компания менеджерлерін жұмысын ынталандыру, ішкі құрылының қызметін үйлестіру сапасы, барлық қызметтер  мен бөлімдерді басқару бойынша айтуға болады.

5. Компанияның ақшалай қаражат құрылымын басқару.  Капиталдың мінсіз құрылымында компанияның жалпы бағасы максималды параметрге келтірілуі тиіс, ал капитал құны, керісінше, ең төменгіге. Бұдан басқа, шешімдер қабылдау процесінде барлық жұмыс ерекшеліктері ескерілуі тиіс- құрылымының стратегиясы, өсу қарқыны, капитал құрылымы, аумақтық және салалық ерекшеліктері.

6. Инвестицияларды тарту жүйесі. Ұзақ мерзімді салымдарды тарту - неғұрлым перспективалы бағыт, өйткені, ликвидті тәуекел әлдеқайда төмен. Өз кезегінде, берешек деңгейі ең төменгі деңгейде болуы тиіс. Егер компанияның қарыздары бар болса, онда олар уақтылы, нақты белгіленген мерзімде төленуі тиіс.

7. Жұмысты ұйымдастырудың тиімділігі және оның іскерлік белсенділігі.

8. Қаржылық табыстардың динамикасы мен деңгейі. Осы параметр бойынша ұйымның жалпы табыстары, тауарларды сатудан көретін табыстың ұлғайуы, өнім шығару шығыстарына шақталғанда табыс көлемі туралы айтуға болады. Критерийлер мынадай – пайданың капиталдандыру дәрежесі және оның сапасы. Сонымен қатар, оңды динамика туралы капиталдың айналым жылдамдығы мен рентабельділігі бойынша айтуға болады.

Қаржыны басқаруды бағалау мынадай алгоритм арқылы жүргізіледі:

1. Басшыларымен әңгіме жүргізіледі, персоналдан сұхбат алынады, құжаттама жиналады және талданады. Негізгі міндет –ішкі және сыртқы факторларды,сондай-ақ, мақсаттары  мен стратегиясын анықтау.

2. Барлық кредиттік құжаттар  (кредиттік өтінім, шарттар, келісімдер және өзге де), есепке алу нысандары (басқару және қаржы), сондай-ақ, есеп беру түрлері (бизнес-жоспарлар, бухгалтерлік есептер, бюджет және тағы басқа) талданады.

3. Қаржылық саясатты жүзеге асыруды бақылау. Соның ішінде, компанияның нәтижелері, басқару құрылымының ерекшеліктері, инвестицияларды тарту саясаты, капиталды және  айналым қаражатын басқарудың қыр-сыры, дұрыс бизнес-жоспарлау және бюджеттеу, сондай-ақ, қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың жұмыс істеу дұрыстығы бағаланады.