Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Қаржыландыру көздері. Қолдау бағдарламалары.


Techgarden дербес кластерлік қоры бизнес, стартаптар және инвесторлардың өзара тиімді өзара әрекеттестігі негізіндегі бизнесті дамытуға қажетті кәсіби орта болып табылады. Қордың қатысушыларының инновациялық қызметін қолдауға арналған қаржы құралы болады, ол негізінен жер қойнауын пайдаланушылар салымдарынан құралады.
КҚКО – бұл бизнесті жүргізудегі өзекті мәселелер бойынша оқытулар, шеберлік сабақтары мен семинарларды «бір терезе» қағидатымен толық консалтингтік қызмет көрсететін пакет.
Және мұның барлығы - тегін!
Мемлекеттік гранттар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімін іріктеу байқауының қорытындысы бойынша бағдарламаның аймақтық үйлестірушілері арқылы тағайындалады, оның ішінде бастауыш жас кәсіпкерлерге, бастауыш кәсіпкерлерге, сонымен қатар әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан тұлғаларға.
"Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 09 қаңтардағы № 534-IV Заңының 20-бабының 3-тармағына сәйкес инновациялық гранттардың тоғыз түрі бар, олар мынадай мақсаттарға берілед
«Іскерлік байланыстар» құралы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың Бірыңғай бағдарламасындағы экономиканың басым секторларында жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жоғары және орта буын басшыларына ұсынылады.
«Жұмыс істеп тұрған бизнесті жүргізуді сервистік қолдау» бағдарламасының көмегімен Сіз заңгерлердің, маркетологтардың, сапа стандарттарын енгізу бойынша мамандардың кеңестерін тегін алу және бизнестің маңызды мәселелерін шешу мүмкіндігіне ие боласыз.
Субсиди ялау – Бұл бағдарлама Сізге ҚР Екінші деңгейлі банктері (ЕДБ)/Даму Банкі/Лизингілік компаниялары несиелері бойынша пайызды төлеу кезінде мемлекеттің көмегін пайдалануға мүмкіндік береді. (ЕДБ)/Даму Банкі/Лизингілік компаниялар сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жаңа инвестициялық жобаларды, сонымен қатар өндірістерді жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілген жаңа несие/қаржы лизингі шарттары бойынша жүзеге асады.
«Қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау» бағдарламасы, егер мүлік кейіннен сатып алу құқығымен алынған жағдайда, лизингтік төлемдер бойынша шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Сіздің әрбір жобаңыз бойынша мемлекеттік қолдау көлемі, жобаның жалпы құнына және Сіздің қаржылық лизинг бойынша жасасқан мәмілелердің жалпы көлеміне қарамастан, 4,5 млрд теңгеге дейін құрауы мүмкін.
Бұл бағдарлама Сізге 2010 жылдың 1 қаңтарына дейін алған несиеңізді өтеу кезінде банкке сыйақы төлеу шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Алайда сома бөлігін Сіз өзіңіз төлейсіз, бір бөлігін Сіз үшін мемлекет төлейді.
«Қаржы лизингі шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау» бағдарламасы лизингілік компаниядан кейіннен сатып алу құқығымен пайдалануға мүлік алғандарға және оны пайдалану кезінде сыйақыны төлеу шығындарын азайтқысы келетіндерге арналады. Бағдарлама шеңберінде Сіз қаржы лизингі бойынша мәмілелерді қаржыландыруға мемлекеттік субсидия ала аласыз. Сіздің әрбір жобаңызға мемлекеттік қолдау жобаның жалпы құнына және қаржы лизингі бойынша Сіз жасаған мәміленің жалпы көлеміне тәуелсіз 4,5 млрд теңгеге дейін соманы құрайды.

1 2 3 4 5 6 >