Колл-центр(Тегін қоңырау шалу):

«Қазақстан фермерлері одағы»


«Қазақстан фермерлері одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі фермерлер – Қазақстан Республикасының азаматтарының еріктілік, мүшелерінің (қатысушылар) тең құқықтылығы, өзін-өзі басқару, заңдылық, есептілік және қызметтің жариялығы негізінде құрылған ерікті бірлестігі.
Қоғамдық бірлестіктің қызмет нысаны: мемлекеттік және мемлекеттік емес ауыл шаруашылық тауар өндірушілері мен басқа да агроөнеркәсіптік кешеннің қатысушыларын қолдау жүйесін жетілдіруге жан-жақты көмек көрсету, сонымен қатар, техника мен құрылғылар лизингін дамыту, фермерлердің қаржы ресурстары мен жаңа технологияларға қол жетімділігін (шаруа қожалықтары) кеңейту болып табылады.
Қоғамдық Бірлестіктің негізгі мақсаты фермерлердің (шаруа қожалықтары) және агроөнеркәсіптік кешеннің басқа да қатысушыларының қызметін жүзеге асыру мен дамытуға ішкі және сыртқы нарықтардың тағам өнімдеріне, тауарлар, жұмыстар мен қызметтерге қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы қолайлы жағдай жасау.

Қоғамдық Бірлестік негізгі мақсатына қол жеткізу үшін жүзеге асырады:

1) Қоғамдық бірлестіктің мақсаттары мен міндеттері туралы ақпаратты тарату және түсіндіру;
2) Заң шығару қызметіне қатысу;
3) Қоғамдық Бірлестік мүшелерінің мемлекеттік билік органдарындағы, жергілікті өзін-өзі басқару және басқа да ұйымдардағы құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және өкілдік;
4) Қоғамдық бірлестік мүшелеріне әдістемелік, ұйымдастырушылық және басқа да көмек көрсету;
5) Қайырымдылық қызметі;
6) ҚР заңнамасына және Қоғамдық Бірлестік жарғысына қарсы келмейтін шаралар, конференциялар, семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізу;
7) Халықаралық ұйымдармен өзара әрекеттестік және халықаралық байланыстарды дамыту;
8) ҚР заңнамасы мен Қоғамдық Бірлестік жарғысына қайшы келмейтін басқа да қызмет.

сайт www.sfk.kz


Назад