Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Қазақстандық өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағы


Қазақстандық өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағы қызметінің негізгі мақсаты одақта біріккен кәсіпкерлердің бірлескен мүдделерін қорғау және оларға қолдау көрсету болып табылады.

ҚӨКО Қазақстан Республикасында іскери ортаны жақсартуға, елде және әлемде қазақстандық бизнестің мәртебесін арттыруға, қоғам, билік және бизнес мүдделерінің теңгерімін қолдауға бағытталған, өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлердің күш-жігерін шоғырландыруға арналған.

Мақсаттары мен міндеттері

• өнеркәсіптік, ғылыми-техникалық және кәсіпкерлік әлеуетті даму мақсатында ҚӨКО мүшелерінің күш-жігерін біріктіру және шоғырландыру
• заңнамалық бастамаларда қолдау көрсету
• мемлекеттік органдарда, қоғамдық және басқа, соның ішінде шетелдік ұйымдарда, заңды тұлғалардың мүдделеріне өкілдікті жүзеге асыру
• халықаралық сапа стандарттарын, ноу-хау, корпоративтік басқару принциптерін және басқаларды енгізу бойынша қолдау көрсету және тәжірибе алмасу және басқа.
• заңды тұлғалардың – Одақ мүшелерінің жарғылық қызметіне қолдау көрсету, шикізат жеткізу, техника және жабдықтар сатып алу, іскери серіктестер іздестіру, шарттар жасау, өнімді сатуды ұйымдастыру (қызметтерді жүзеге асыру) сұрақтарын және олардың жарғылық қызметін жүзеге асырумен байланысты басқа сұрақтарды шешуде тәжірибелік және әдістемелік көмек беру;
• қазақстандық және шетелдік фирмаларға, ұйымдарға, олардың бірлестіктеріне, одақтарына, ақпараттық және консультациялық қызметтер ассоциацияларына Одақтың қызметі сұрақтары бойынша көмек көрсету;
• Одақ мүшелерінің қайырымдылық қызметін үйлестіру;
• насихаттау және ақпараттық қамсыздандыру мақсатында меншік мерзімді басылым және басқа да баспа материалдарын шығару;
• жоғарыда келтірілгендерге қосымша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кез келген басқа іс-қимылдар жасау
Одақтың басты функциялары
• Бизнестерін дамыту үшін анағұрлым жағымды жағдай жасау мақсатында, Одақ мүшелерінің мүдделерін білдіру және қорғау.
• Тұрақтылық пен экономикалық өсуді қамтамасыз етудің негізгі шарты болып табылатын, бизнес және билік арасындағы конструктивті, тең құқықты қатынастар орнату
• Ірі, орта және шағын бизнес өкілдері мен мемлекеттік органдардың диалогына қолдау көрсету
• Қазақстандық кәсіпорындардың өндірістік және ғылыми-техникалық әлеуетін арттыруға қолдау жасау және кәсіпкерлік мәдениетті дамыту
• ҚӨКО өңірлік бөлімшелері арқылы тиімді экономикалық өңірлік саясат әзірлеуде қолдау көрсету
• Әлеуметтік серіктестіктің дамуына қолдау көрсету
• Нарықтық экономика, әлемдік экономикалық кеңістікке интеграциялану, қоғам өмірін әрі қарай либерализациялау, адам құқықтарының мемлекет мүдделерінен басымдығы сияқты ұқсас құндылықтары бар қоғамдық бірлестіктермен серіктестік ету. Өнеркәсіпшілердің салалық одақтарында, шағын және орта бизнес одақтарында біз елдің тұрақты экономикалық дамуы мақсатында бірыңғай позиция қалыптастыру бойынша серіктестер көреміз.
• Қазақстан Республикасында қазақстандық болсын, шетелдік болсын, барлық кәсіпкерлердің қызметіне қолдау көрсету

Жарғылық құжаттар
«ҚӨКО» ЗТО Жарғысы
«ҚӨКО» ЗТО құрылымы

Бірінші деңгей – Қазақстандық Өнеркәсіпшілер және Кәсіпкерлер Одағы
• Мүдделерді шоғырландыруға арналған алаңды қалыптастыру
• Басқа құрылымдармен тікелей іс-әрекетте әрі қарай мүддесін білдіру және қорғау

Екінші деңгей – салалық одақтар және ассоциациялар, сондай-ақ дербес кәсіпорындар (салалық комитеттер бойынша)
• Салалық проблемаларды анықтау, шешу жолдарын әзірлеуге қатысу
• Одақ шеңберіндегі Өкілдігі

Қаржыландыру
• Коммерциялық емес бірлестіктің бюджеті кіріс және мүшелік жарналар есебінен, сондай-ақ нысаналы түсімдерден, гранттардан, өтеусіз көмектерден қалыптасады
• Сонымен қатар Жарғылық ережелерге сәйкес келетін қызметтен табыс табу мүмкін болады
Сайт: www.kazspp.kz

Назад