Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

ЖК тіркеу


ЖК НЫШАНДАРЫ

ЖК тіркеу 2017 жылдан бастап хабарлама тәртібіне ауысты. Кәсіпкерлік кодекстен 37-бап алып тасталды және ендігі уақытта жеке кәсіпкерде ЖК ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі болуы міндетті емес. ЖК қайта тіркеу де хабарлама тәртібінде жүзеге асады. Хабарламаны мемлекеттік кіріс органдарына және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына тіркеу деректері өзгергеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде жолдау қажет. Өз кезегінде салық органдары қайта тіркеуді бір жұмыс күні ішінде жүргізуі керек.


Кәсіпкер бизнесінің табысы оның тауарлары мен қызметтер сапасына ғана емес, кәсіпкердің өзін қалай ұсынатындығы, оған деген клиенттердің көзқарастары қандай болатындығына да байланысты болады. Сондықтан да бизнестегі ұсақ-түйекке дейін шешуші мәнге ие болады.

Бұндай ұсақ-түйектерге (тексерген кезде әлдеқайда ұсақ емес болатындарға) мөрлер, мөртабандар мен кәсіпкерлер пайдаланатын бланкілерді жатқызуға болады.

Мөрлерден бастайық. Жеке кәсіпкерлік туралы заңда жеке кәсіпкер өз қызметін жүргізу барысында мөр мен мөртабандарды пайдалануға құқылы. ЖК үшін мөрлерді пайдалану міндетті болып табылмайды. Соның өзінде, құжаттарға мөрді басу кез келген құжаттың әрекеттілігі мен сенімділігіне қосымша кеплдік ретінде қарастыралатындығы қалыптасып кеткен.

Шынында да, көптеген біздің азаматтарымыз мөр бедері басылған құжатқа көбірек сеніммен қарайды. Біздің діліміз (менталитетіміз) сондай.

Бір кәсіпкер өзі сатқан тауарға ақша қабылдауы үшін өзінің қолы қойылған, мөрі жоқ (өйткені заң ЖК-ге осылай жасауға рұқсат береді) түбіртектер беруге әрекеттенді. Кәсіпкер берген түбіртектер сатып алушылардың күмәндерін туғызды. Ал олардың біреуі тіпті мұндай қағаздардың кім көрінгеннің бере алатындығы туралы тікелей айтты.

Сондықтан да әр адамға ЖК-дің мөрсіз де жұмыс істей алатындығын дәлелдегенше, мөрге тапсырыс беріп, оны кәсіпкерлік қызметте пайдаланған жөн болады.

Мөрлерді жасау арнайы шеберханаларда іске асырылады. Айта кететін бір жағдай – мөрлерді жаау да – бизнес түрі. Оларды жасау үшін арнайы (міндетті түрде қымбат емес) жабдық сатып алу керек, ал білімнің болуы мен ерекше тәжірибе мүлде міндетті емес.

Мөрді жасаудың құны мыңнан он мың теңгеге дейін тұрады. Барлығы сіздің қандай жабдықты (мөрге арналған тұтқаны) таңдауыңызға байланысты. Кейбір ЖК-ті тіркеуді жүргізетін фирмалар мөрлерді тегін дайындап беруі мүмкін.

Мөр үлгісін сізге шеберханада ұсынады. Қандай мөрлерді таңдайсыз – сіздің қалауыңыз. Мөр дизайнын да өзіңіз әзірлей аласыз. Мөр жасаудаға және мөрді әзірлейтін шеберге ескертетін ңң басты ереже – мөр мәтіні мемлекеттік және орыс тілдерінде болуы. Бұл талар ҚР «тілдер туралы» заңымен көзделген.

Мөр мәтінінде ЖК атауы (немесе аты-жөні) көрсетіледі, ЖК ойлар шығарған қандай да бір логотип болуы мүмкін, кейбіреулер мекенжайды көрсетеді.

Мөрлерді шеберханада дайындау үшін мыналар қажет:

1) ЖК тіркеу туралы куәлік – көшірмесі мен түпнұсқасы

2) ЖК-дің СТН көшірмесі

3) ЖК жеке куәлігінің көшірмесі немесе 3-ші тұлғаға берілетін сенімхат

4) Мөр нобайы (егер дизайнды өзіңіз әзірлеген болсаңыз)

ҚР заңнамасы бірнеше мөр ұстауға тыйым салмайды. Сондықтан да, егер сізге қажет болса, екі немесе одан да көп мөрге тапсырыс беруге болады. Бірақ, біз кәсіпкерлерге бір мөрден артық ұстауға ұсыныс бермейміз.

Өз мөрлеріңізді басқа тұлғаларға беруге болмайды. Басқа тұлғалардың қолына түскен мөрлер кәсіпкерлердің мүдделеріне қарсы пайдаланылуы мүмкін. Мөр бедері сіз білмейтін және сіз өзіңіз ешқашан баспайтын құжаттарға басылуы мүмкін.

Мөртабанға қатысты айтар болсақ, ЖК-дің сондай-ақ бір немесе бірнеше мөртабаны болуы мүмкін (мысалы, кіріс және шығыс хат-хабар мөртабаны, басқа да мөртабандар), бұл жерде аса ерекше тыйымдар жоқ. Мөртбандардағы мәтін мөрлердегі сияқты қазақ және орыс тілдерінде орындалуы керек. Мөртабандарды дайындау мөрлер жасалатын шеберханаларда жүргізіледі.

Мөрлер мен мөртабандарды сіз кез келген уақытта ЖК тіркегеннен кейін ала аласыз, салық басқармасы, полицияға және тағы да бір жерлерге қосымша хабарламалар жасаудың қажеті жоқ.

Фирмалық бланкілер. Олар міндетті емес, бірақ ЖК үшін болғаны дұрыс нышан. Әдеттегідей, бланкілерде ЖК атауы, мекенжайы, электрондық поштасы, телефондары және өзге де деректемелері көрсетіледі. Фирмалық бланкілерді жасау кезінде сіз фантазияңызды көрсете аласыз, бірақ мәтіннің қазақ және орыс тілдерінде жазылатындығын ұмытпаңыз. Қажет болса, басқа да тілдерді пайдалануға болады.

Фирмалық бланкіні әзірлей отырып, егер мәтіннің жазылуы көлденең жүретін болса, сол жағында қазақ тіліндегі, ал оң жағында орыс тілдеріндегі мәтін мөлшерлері бірдей әріптермен жазылатындығын ескеру керек.

Егер сіз мәтіндерді бірінің үстіне бірін орналастыруды шешесеңіз, онда үстіңгі жағында мемлекеттік тілдегі мәтін жазылып, астыңғы жағына – оры тіліндегі мәтін сондай-ақ өлшемдері бірдей әріптермен жазылады.

Кейбір кәсіпкерлердің өздерінің тауарлық белгісі болады. Тауарлық белгі дегеніміз – бұл сөздік, бейне, көлемдік немесе басқа да белгілеу, ол кәсіпкердің өзін, сондай-ақ оның тауарларын, қызметтерін немесе жұмыстарын басқа тұлғалардың тауарлары мен қызметтерінен ажыратып тұрады. Күн сайын біз тауарлық белгілермен кезедесеміз - Procter & Gamble, Food Master, D & G — мұның барлығы тауарлық белгілер.

Әрине, тауарлық белгіге ие болу міндетті емес. Барлығы сіздің бизнесіңіздің ауқымы мен ерекшелігіне байланысты.

Егер кәсіпкерлік іс шектелмеген тұтынушылар шеңберіне түйінделген болса, онда тұтынушылар санасында өзіндік орынды алу мақсатты болады. Қандай жолменЮ Өзіндік, бірегей тауарлық белгіге ие бола отырып, ақпарат, хабарландырулар, тауарлық белгінің бейнесі бар жарнама орналастыру арқылы клиенттерге өзіңіз туралы естеріне салуға болады.

Әртүрлі тауарлар өндірушілері үшін өзіндік тауарлық белгінің болуы маңызды болып табылады.

Біз айтып кеткендей, тауарлық белгі – бұл қандай бір жазба немесе сурет. Алайда, тауарлық белгінің дизайнын жай ғана әзірлеп қою жеткілікті емес. Яғни, әрине, сіз оны өзіңіздің қызметіңіздің барысында әзірле, пайдалана аласыз – мөрлерге, мөртабандарға, бланкілерге, маңдайша жазуларға, өндірілетін тауарларға баса аласыз.

Бірақ кез келген біреулердің сіздің тауарлық белгіңізді жай ғана көшіріп, оны өзінің мақсаты бойынша пайдалана алатындығын да ескерген жөн. Бұл ретте, мұндай алаяққа бір нәрсе жасаудың өзі қиынға соғады, өйткені сіздің бәсекелесіңіз емес, дәл сіздің осы белгіні бірінші әзірлегеңізді дәлеледеу ауыр болады.

Осындай жосықсыз бәсекелестерден қорғану үшін тауарлық белгіні тіркеу қажет.

Қазастанда тауарлық белгіні тіркеу туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 23 сәуірдегі «Өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғау кейбір мәселелері» №136 бұйрығымен бекітілген «тауарлық белгі, қызмет көрсету белгісін жасау, ресімдеу және қарастыру жөніндегі Нұсқауда» толық жазылған.

Жеке кәсіпкер ретінде қалай тіркелуге болады

Жеке кәсіпкер (ЖК) Сіз келесі 8 сатыдан өтуіңіз керек:

1 -ші саты

Бірінші сатыда Сіз жеке кәсіпкер ретінде тіркелуді шешесіз .

2 -ші саты

Екінші сатыда Сіз суретке түсуіңіз керек (сурет көлемі 3,5х4,5 см) . Сурет жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркелуі туралы куәлікке қажет.

3 -ші саты

Осы кезеңде ЖК орналасқан жері туралы ақпаратты растайтын құжайт дайындау керек. ЖК-ң орналасқан жерін растайтын құжат болып азаматтарды тіркеу кітапшасы (үй кітабы), немесе жылжымайтын мүлікке жекеменшіктік құқығын немесе оны пайдалану құқығын растайтын құжат табылады.

4 -ші саты

Жеке бас куәлігінің көшірмесін жасап, тіркеу барсында оның түпнұсқасын өзімен бірге алып жүру .

5 -ші саты

ЖК мемлекеттік тіркеу үшін алым – 2 АЕК (2013 жылы 1 АЕК 1 731 те ң ге ні құрады ), ол 2 826 те ңгеге тең.

ЖК мемлекеттік тіркеу үшін алым ЖК орналасқан жері бойынша банкте төленеді . Алымды төлеу үшін деректемелерді ЖК-ң тіркелу орны бойынша салық басқармасынан ала аласыз.

6 -шы саты

На данном этапе Вам необходимо заполнить налоговое заявление о регистрационном учете ИП. Форма налогового заявления в приложении.

7 -саты

Сіз салықтық тіркеу туралы өтінішті толтырып, оған келесі құжаттарды тіркеп, ЖК тұрғылықты жері бойынша салқ басқармасына тапсырасыз:

  1. ЖК-ді мемлекеттік тіркеу үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат (алымды төлегені туралы түбіртек) ;
  2. Жеке бас куәлігінің көшірмесі (түпнұсқасын өзіңізбен бірге ала келуді ұмытпаңыз) ;
  3. 3,5 х 4,5 сантиметр лік суретіңіз ;
  4. ЖК орналасқан жерін растайтын құжат (үй кітабы, немесе жылжымайтын мүлікке жекеменшіктік құқығын немесе оны пайдалану құқығын растайтын құжат).

8 -ші саты

Осы сатыда Сіз салық басқармасына құжаттарды тапсырғаннан бері үш күннен кем емес уақыт ішінде ЖК мемлекеттік тіркеу туралы анықтама алады.