Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Серіктестерді іздестіру. Банк несиенін қалай алуға болады


Сенімді серіктес банк болатын банкті таңдау – әрбір кәсіпкердің өміріндегі негізгі шешімдерінің бірі.

Өзінің маңыздылығы жағынан банкті таңдау болашақ жар таңдаумен салыстырарлықтай. Дәл осы шешім сіздің бизнесіңіздің жақын жылдарда даму қарқынын анықтайды. Сіздің болашақ сәттіліктеріңіз бен сәтсіздіктеріңіз де осыған тәуелді.

Егер әлдекім сізге үйленгісі келсе, ол сізге көрсеткен алдын ала сенімділік. Дәл сол сияқты, банктен несие алу – кемелденуге тексеру, тек сіздің кәсіпорынның кемелденуіне ғана емес, сіздің кәсіпкер ретінде кемелденуіңізге. Сіздің серіктестеріңіз үшін бұл сіздің беделіңіздің жақсы бағаланатыны туралы маңызды белгі. Сіздің мінсіз төлемдік тәртібіңіз келесі белгі болып табылады. Мөлшерлемелерді уақытылы төлеу, қарызды уақытылы қайтару және жаңа несие алу сіз бен сіздің бизнесіңізге жаңа мүмкіндіктерге бірте жол ашады.

Осылайша қдам қадаммен сіздің банктермен қарым-қатынасыңыз – несие тарихы қалыптасады. Бұл сіздің беделіңіздің өте маңызды (бірақ жалғыз емес) құрамдас бөлшегі.

Бедел жылдар бойы қалыптастырылады. Дегенмен, оны бір-ақ күн ішінде және мүлде жоғалтуға болады. Несиені қайтармау, пайыздарды төлеуде кідірістер, тіпті келісім-шарттың қаржылық емес міндеттемелерін орындау кезіндегі сіздің олақтығыңыз сіздің жақсы атыңызға нұқсан келтіріп, қаржылауға жол жабылып, сізді бизнестің «тас дәуіріне» жөнелтеді.

Банктермен қарым-қатынасты Сізге несие қажет болардан көп бұрын орнату керек. Бұл әсіресе банкке сипаттамасы әрқашан тартымды болып көрінбейтін шағын бизнес үшін өте маңызды. Шағын кәсіпкердің көбінесе жақсы кепілзаттары да жоқ. Осындай жағдайда банк сізге несиені сіздің іскер және жеке қасиеттеріңіз үшін беруі мүмкін. Бірақ олардың бар екенін дәлелдеп, жақсы бедел жинаудың өзі бір күндік жұмыс емес. Егер сіз банктерден ешқашан несие алмаған болсаңыз, тезірек бастауға кеңес береміз, және шағын несиеден бастаңыз. Сіздің банкпен жақсы қарым-қатынастарыңыз алғашқы несиені алар алдында да басталуы мүмкін.

Өзіңіз ұнатқан банкте шот ашу арқылы сіз банкке өз төлем тарихыңызды көрсету мүмкіндігін аласыз. Біраз уақыт ішінде банк сіздің шотқа түскен қаражат туралы статистика жинау мүмкіндігін алады – қаражаттың серпінін, оның көздерін, маусымдығын бағалап, сіздің бизнесіңіздің көлемі мен даму перспективалары туралы жанама түйіндер жасайды. Сіздің бухгалтерлеріңіз банкпен қашықтан жұмыс істеу тәжірибесін алады – төлемдер жүргізіп, шот бойынша үзінді көшірмелерді кеңседен шықпай «банк-клиент» жүйесі арқылы жұмыс істей алады.

Мүмкін, біраз уақыттан кеін банк сізге өзі қандай да бір несиелік құралды ұсынатын шығар. Мысалы, овердрафт алу – төлемдерді (сіздің шотыңызға болжалды түсімдер есебінен) сіздің шотыңыздағы қалған ақшадан асқан жағдайда да төлеу. Немесе факторинг қызметін пайдалану, яғни сіздің тұрақты сатып алушыларыңыздың қарыздарын егер олар сізбен мерзімен ұзартып төлеу жайында келіскен болса, белгілі бір төлемақы үшін өтеу. Бұл сізге ақшаны тез арада айналымға қайтарып, жұмыс тиімділігін арттыруға көмектеседі.

Сіз банкке бірінші рет жүгінсеңіз де, банк сізге жақсы тегін кеңесші болатыны да өте маңызды. Банктер экономиканың әр түрлі салалрында жұмыс істейтін кәсіпорындардың қызметімен жақсы таныс. Сонымен қатар, көптеген консультациялық компанияларға қарағанда, банк өзінің кеңестерінің тікелей нәтижесіне қызығушылық танытады, яғни сіздің бизнесіңіздің экономикалық тиімділігі өссе, несиені қайтару мүмкіндігі де өседі.

Біраз уақыттан кейін сіз алғашқы нағыз несиеңізді алуды байқап көруіңіз керек. Оны кез келген жағдайда, тіпті қаражат керек емес болса да алу керек. Алғашқы несиеңіз шағын болсын. Бірақ сіз өзіңіз несие алу процесіне басынан аяғына дейін қатысып, бағалы тәжірибе аласыз.

Сәтсіздік болса, өзіңіздің банкке не үшін тартымсыз екеніңізді түсінесіз. Банктің белгілеген кемшіліктері мүкін сыртқы және уақытша жағдайлармен байланысты болар. Мысалы, несие беруден бас тартудың себебі сіздің бизнесіңіздің жағдайы мен даму перспективаларын көрсететін құжаттардың бейберекет дайындалуы шығар. Олай болса, сіз қателіктермен жұмыс жасап, кемшіліктерді жойып, дәл сол банктен несие ала аласыз.

Қосымша сіз бухгалтер, бютжетник сияқты өз қызметкерлеріңіздің жұмысына сырттай әділ баға ала аласыз, керек жағдайда дұрыс кадрлық шешімдер қабылдай аласыз.

Қандай қызық көрінсе де, сізге несиені өзіңізге қажет емес кезде алу оңай болып табылады. Банк қызметкерлері арасында «Сізге ақша керек емес екенін дәлелдеңіз. Сонда мен сізге оны беремін.» деген мәтел бар. Осындай жағдайда сіз өзіңізге жақсы шарртарды саудаласып, кент крек болып калатын несие желісін алып, өз несие тарихыңызды құра бастайсыз.

Сондықтан да банктермен жұмысты ертерек, «шағын айналымдарда» бастап, бизнеске «жедел несие керек» жағдайға жеткізбеуге тырысыңыз. Банк үшін сіздің бизнесіңіз түсінікті, және сауатты білгір банк қызметкері сізге қаржаттың қаншалықты қажет екенін тез бағалай алады. Банкке (сізді білмейтін банкке) «шұғыл жағдайда» келсеңіз, жайлы шарттармен несие ала алмайтыныңыз белгілі. Сонымен қатар, жағдайдың «қауырттығы» да банк қызметкері үшін сіздің сенімді емес екендігіңізді білдіретін белгі.

Есте сақтаңыз, несиені бере салатын уақыт баяғыда өткен. Қазір өз ережелері бар өркениетті несие қатынастары дәуірі қалыптасқан. Бұл ережелер түсінікті, қарапайым және әділ. Оларды білу керек. Осы бөлімде біз сізге банктермен қалай жұмыс істеп, несие алу туралы, осы оңай емес істе қате қадам жасаудан алып қалатын кеңестер бердік.