Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Табысқа жету жолдары


Бизнестің өсіп-өркендеуі үшін не қажет?

Әрбір кәсіпкер "Бизнесте табысқа қалай жетуге болады?" деп ойланады. Бұл туралы көптеген кітаптар жазылған, бірақ әрбір автордың өз көзқарасы бар және олар осы тақырыпты әртарапты ашады. Алайда, кейбір жалпы сәттерді белгілеуге болады.
1. Бизнес және бизнесмендер туралы әдебиет оқу
Кез келген жобаны тиісті әдебиетті оқудан бастау керек. Осы тақырып бойынша ең үздік авторлар– американдықтар, өйткені персоналды басқару және маркетингпен айналысуды бастаған солар. Сонымен қатар, бизнес-мектептер мен академиялардың ең көп  саны Америкада орналасқан. Мұнда мақсат қою, уақытты басқару, ынталандыру идеяларын білуге болады. Ал танысуға өз еліңнің бизнес ерекшеліктерімен отандық авторлардың кітаптары көмектеседі.
2. Өзгеше идея
Бизнесте тауашалардың көбі бос емес, сондықтан табысқа жету қиын болады. Сіздің еліңіздегі нарықты мұқият зерделеп шығыңыз. Осыдан кейін айналысқыңыз келетін бағыттарды белгілеңіз. Қажетті әдебиеті оқып, қажет болған ретте қосымша курстар мен тренингтерден өтіңіз.
3. Персоналды іріктеу
Сізбен бірге жұмыс істейтін адамдар, сізді табысқа жеткізуде үлкен рөл атқарады. Персоналды мұқият таңдау керек. Сараңсымаңыз, бірден жоғары білікті мамандарды таңдаңыз.
4. Инвесторлар мен демеушілер
Бизнесті дамыту үшін инвестициялар қажет. Әрине, сізде бастапқы капитал болу тиіс, бірақ одан әрі даму үшін бұл жеткіліксіз. Бұдан басқа, сізде міндетті түрде резервтік қор болу тиіс, себебі күтпеген жағдайды ешкім алып тастаған жоқ.
Тағы бір маңызды тармақ – жеке тұлғалық қасиеттерді дамыту. Табысты бизнесменде қандай жеке қасиеттер болу қажет?
- Үйрену қабілеті. Табысты болуы үшін жаңашылдықтар және өзгерістермен танысқан жөн. Бизнес тенденциялары үнемі өзгеріп отырады, оларға бейімделу қажет. Жаңа ақпарат пайда болған соң-ақ, оны бірден зерделеуге және меңгеруге кірісіңіз. Форумдарға қатысыңыз, мақалаларды оқыңыз, оқыту курстарынан өтіңіз, кітаптар алыңыз. Жаңа білім алуға асыққаныңыз дұрыс.
-  Дербестік. Табысты кәсіпкер мақсаттарды қойып, оларға қол жеткізу құралдарын дербес таңдайды. Ол не қалайтынын нақты біледі.
- Жауапкершілік. Бизнесмен өзіне ғана емес, барлық персонал үшін жауапкершілік ала білу керек. Табысты кәсіпкер – мән-жайларға сілтеме жасамайтын, оларға тез бейімделетін адам.
- Белсенділік. Бұл қасиет туралы Стивен Кови көп айтқан. Оның пікірі бойынша, кәсіпкер белсенді адам болу тиіс, яғни, ол өзін-өзі қолға алып, сыртқы мән-жайлардан алыстай алады. Ол өз бетінше шешім қабылдап, қандай әрекеттер жасау қажет екендігін біледі. Белсенділікті дамыту үшін сана-сезімді, қиялдау қабілетін, ар-ожданды және ерікті шынықтыру керек.
- Табандылық. Барлық ой бірден іске аса қоймайды. Бірінші сәтсіздіктен кейін түңілген адам жақсы бизнесмен болмайды. Табыс үшін тәуекелге бару керек.
- Кеудемсоқтық. Бұл қасиет ісін жаңа бастаған кәсіпкерге кез келген кедергілерді еңсеру үшін ауадай қажет. Бұл -  өзін-өзі жоғары бағалау, өзіне жоғары талаптар қою, өзіңе және ісінің жетістігіне деген мүлтіксіз сенім.
- Тұрақтылық. Жеке бизнес – бұл тыныш іс емес. Қайшылықтар мен күйзелістер жиі орын алады. Жақсы бизнесмен өзіне деген сенімді жоғалтпай, олармен күресу қажет. Тұрақтылық сияқты қасиет осындай жағдайларда көмектеседі.
- Сараптамалық ақыл-ой. Кез-келген ақпаратты бизнесмен мұқият зерттеп, оны талдай және қолдана білу керек.
- Ұйымдастырушылық. Бұл істе тамаша көмекші – тайм-менеджмент. Егер адам өз уақытын бақылауда ұстай алса , ол бизнесті де дөңгелете алады деген сөз.
- Сақтық. Шешім қабылдау алдында кез-келген ақпаратты мұқият зерттеген абзал.

Бизнесіңіздің гүлденуіне қол жеткізгіңіз келсе – үнемдеуді үйреніңіз

Бизнесін ашқан әр адам өзін жетістікке бағыттайды. Ол даму жолдарын іздеп, бар күш-жігерін кәсіпкерлік ісінің өркендеуіне жұмсайды. Бірақ кейде ынтасы мен күш-жігеріне қарамастан, кірістердің қомақты үлесін шығыстар жейді. Қажетсіз жұмсауды қалай қысқартуға болады? Қажетті бірнеше ережелерді атап өтейік.

№1 ереже

Қандай да бір сатып алу туралы шешім қабылдау алдында, сіздің бизнесіңізге бұл нәрсе шын мәнінде керектігі жайында ойланыңыз. Егер ол расында да қажет болса, затты арзандау сатып алу тәсілдерін іздеңіз, мысалы, интернет арқылы тапсырыс беріңіз.

№2 ереже

Штатқа бірден көп қызметкерлерді жалдаудың қажеті жоқ. Кейбір мамандардың қызметіне бизнес, әсіресе жас бизнес, қысқа уақыт қана мұқтаж екендігін естен шығармаңыз. Мысалы, есепшіні аптасына бірнеше күнге жалдауға болады, тиісінше, оның қызметі сізге арзан түседі. Копирайтер, аудармашы сияқты мамандық иелерін фрилансер ретінде тартуға болады, өйткені, олар қашықтан тиімді жұмыс істей біледі. Егер қызметкерлердің жұмыс орнында толық күн болу қажеттілігі туындамаса, жұмыс сағаттарының санын өзгертуге болады. Мысалы, сіз заң компаниясын ашсаңыз, онда оның негізгі "жұмыс күші" - тәжірибелі, білікті заңгерлер. Әкімшілік-техникалық жұмысты хатшы немесе көмекші орындай алады. Әрбір заңгерге көмекші жалдаудың немесе жас заңгерлерді жұмысқа алудың қажеті жоқ, өйткені, жобалар көп емес, бірақ үлкен жауапкершілікті талап етеді. Себебі, олар сіздің беделіңіздің кірпішін қалайды.

№3 ереже

Техниканы немесе жылжымайтын мүлікті пайдаланған үшін бөгде ұйымдарға және жеке өкілдерге түрлі лизингтік және жалдау төлемдер санын төмендету керек. Ешқашан жеке мүлкіңізге айналмайтын жалдамалы заттарға төлеуден гөрі оларды сатып алуға тырысыңыз. Ғимаратты немесе кеңсе бөлмесін таңдағанда бос кеңістік көп болмауын ескеріңіз, себебі, ол үшін ақша төлеуіңізге тура келеді. Алғашқы кезде сізге үлкен офис қажет емес.

№4 ереже

Сақтық үшін іске нақты қажет сомадан тым артық қаржы-қаражат тартудың қажеті жоқ. Әйтпесе, бизнес кірістерінің басты бөлігі осы "қауіпсіздік жастығы", яғни жұмыс істемейтін ресурс, төлемдеріне жұмсалуы мүмкін.

№5 ереже

Егер жұмыс барысындағы кейбір мәселелерді шешу үшін біліміңіздің жеткіліксіздігін сезсеңіз, мамандардың көмегіне жүгінгеніңіз абзал. Бұл қадам мәселелерді дұрыс және уақтылы шешуге мүмкіндік береді және болашақта ақшаңыз бен күшіңізді үнемдейді.

Табыс факторлары

Табыс – қандай да бір мақсатқа жетудегі сәттілік, жұмыстағы жоғары нәтижелері үшін қоғам алдында қадірінің артуы. Кез келген кәсіпкер өз кәсіпкерлік ісінде табысқа талпынады. Кәсіпкерлік табысқа бірнеше фактордың ықпалымен жетуге болады:

  • сәттілік немесе бақ, «керек кезде керек жерде болу», «өз мүмкіндігін жібермеу»;
  • байқап көру және қателер тәсілімен белсенді іздену, әр түрлі нұсқаларды қолдану;
  • білікті есептеу және қолайлы нұсқаны таңдау;
  • өз қорларын пайдалану: білім, ептілік, қабілеттер жеке қасиеттер;
  • жоғары уәждеме, өз алдына қойған мақсаттарға жетуді қалау.

Сөзсіз, басты фактор болып өзі-өзі уәждемелеу болып табылады. Адамның дамуды қалауы, оны мақсатына жетелейтін ішкі күші. Уәждеменің күші мақсатқа жетудің жылдамдығын анықтайды.

Кәсіпкердің уәждемесі, ең алдымен, оның өзіне тәуелді. Өзінің оптимистік бағытыңызды сақтай алу, ертеңгі күнді көріп, оған бүгін әсер ете алу үлкен шеберлік. Сіздің оптимизміңіз сіздің қызметіңіздің нәтижесіне тікелей әсер етеді. Ширақ және көңілді болыңыз, стратегиялық ойлануды үйреніңіз, болашақты көріп, болжалдап, жоспарлаңыз. Позитивтік бағыт – табыс кепілі.

Әзіл сіздің міндетті серігіңіз болуы керек. Кез келген келіссөздер немесе сатылымдар күлімсіреу, күлкі, әзіл болған жағдайда сәттірек өтеді. Бірақ есте сақтаңыз, сіз күлкінішті емес, жеңіл және көңілді болуыңыз керек.

Табыстың тек сізге ғана емес, сізді қоршаған адамдарға да тәуелді екенін ұмытпаған жөн. Отбасының, достарыңыздың, жақындарыңыздың қолдауы сізді қанаттандырып, кез келген қиындықтарды жеңуге күш береді. Отбасының әл-ауқаты мен саулығы – кәсіпкердің басты мақсаттарының бірі.

Кәсіпкерлік пайда – кірістің ерекше бір түрі, жеке бизнес саласында коммерциялық табыс алып келетін жаңа идеяларды жүзеге асыру, техникалық және ұйымдық жаңалықтар енгізумен байқалатын іскерлік, ерекше шығармашылық белсенділік және жаңашылдық үшін сыйақы.

Пайданы қуғындау кәсіпкерлерді өзінің қаражатын тәуекелге тігуге, қызметкерлерді жалдап, тауар өндіруге немесе қызмет көрсетуге қажеттінің бәрін сатып алуға итермелейді. Пайда табу – өте күшті ынталандыру болып табылады.

Бірақ, пайда табу адамдардың бизнеспен айналысуына түрткі болатын жалғыз себеп емес. Жеке тәуелсіздікке ұмтылу және ұнатқан жұмысын өзіне қолайлы уақытта істеу мүмкіндігі, өз қабілеттерін ашып, отбасылық дәстүрді жалғастыру да ынталандыру болуы мүмкін.

Байлыққа жеткізетін құнды 10  кеңес

 «Жеңімпаздар заңы» атты бестселлерін жазған Бодо Шефер есімі қазірде бүкіл әлемге танымал. Оның білімінің арқасында мыңдаған адам қаржылық тәуелсіздіктің не екенін ұғынды. Сондай-ақ ол әлемге танымал бизнес-кеңесші, шешен, табысты бизнесмен, 20 шақты кітаптың авторы, әртүрлі тренингтердің жүргізушісі.

 massaget.kz назарларыңызға Бодо Шефердің қаржылық тәуелсіздікке жеткізетін 21 құнды кеңесін ұсынады:

 1.      Жинаңыз. Табысыңыздың 25 пайызын жеке шотқа салып отырыңыз. Уақыты келгенде ол ақшаны инвестициялаңыз.

 2.      Үнемдеңіз. Миллионер болу үшін ақшаны үнемдеп, жинау керек. Ақшаны оңды-солды шашу байлыққа жеткізбейді.

  3.      Ақшаны жақсы көріңіз. Біздің басты қателігіміз – ақшаға деген жаман қарым-қатынас. Оларды сақтаңыз, қорғаңыз. Бірақ өзіңді қуантудан да бас тартуға болмайды.

 4.      7-10 жылға қаржы жоспарын құрыңыз. Неге ұмтылатыныңызды және белгілі бір уақытта қаншалықты ақша жинағыңыз келетінін анықтаңыз. Және сол үшін не істеуіңіз керек екенін жоспарлаңыз.

 5.      Ұлы ойлар. Армандарыңыз кішігірім, майда болмауы керек. Миллиардтаған ақша туралы армандаңыз, табыс туралы ойлаңыз. Сонымен қатар үлкен арманға жету үшін кішігірім мақсаттарға көңіл бөліп, соларға жету керек. Осыны ұмытпаңыз.

 6.      Байлар секілді ойлаңыз. Ойлау «мәнеріңіз» миллиардер не миллионерлердікіндей болуы керек. Ол үшін олардың сөздерін, дәрістерін тыңдап, кітаптарын оқыңыз.

 7.      Өзіңізге сенімді болыңыз. Осы сезімді әдетке айналдырыңыз. Адамдар мен ақша сенімді адамға қарай тартылады. Ісіңіз оңға баспай жатса да, табыс пен жетістігіңізге сенімді болыңыз. Бодо Шефер 26 жасында банкрот болып, бәрін жоғалтты, бірақ күш жинап, көтеріліп, қайтадан миллионер атанды.

 8.      Мәселелерден қорықпаңыз. Сәтсіздіктер мен проблемаларға қуануды үйреніңіз. Үлкен мақсатқа жету жолында әртүрлі проблемалар мен қиындықтарға кезігуіміз мүмкін. Құладыңыз ба? Тұрып, тізеңізді қағыңыз. Енді сіз екі есе мықтырақ болдыңыз!

  9.      Қаржылай шектеу. Қаржылық тәуелсіздік қаржылай шектеусіз мүмкін емес екеніне дайын болыңыз. Үлкен ақшаға жету жолында ақшаңызды құртуға тура келеді.

 10. БАҚ. БАҚ өзін билеуге шақырған адаммен ғана жұп құрайды. Сөздің астарында сәттілікті алыс, қол жетпес нәрсе етіп көрмеуіңіз керек. Ол үнемі сіздің жаныңызда.

Dell корпорациясының негізін қалаушы Майкл Деллдың 9 қағидасы

 Майкл Делл 19 жасында бірінші курс студенты бола отырып, Dell Computer Corp.. құрды. Фирманың алғашқы капиталы небәрі 1 мың долларды ғана құрады. Ал Майкл 40 жасқа толғанда, компанияның сату көлемі 45 млрд. долларға жетті. Нарықты капиталдандыру бойынша Dell әлемдегі компьютер өндірушілердің арасында бірінші орынға шықты.

1.     Нарықты мұқият зертте. Орындауға қажетті жұмыс көлеміне қатысты  әрқашан реалист бол. Алайда, тұрақты іздену, саралау және бизнесті кеңейту маңыздылығы туралы ұмытпа.

2.     Делдалсыз сат.  Ұқыпты болжамда. Қорларды басқару бойынша жоспар құрастыр, бірақ өндіруді және сатуды қорлар мүлдем болмайтындай ұйымдастыр.   Өнім айналымын бақылауда ұста.

3.     Өз жеткізушілеріңді сүй.  Компьютерлер өндірісіне зейін қойма –тұтынушыларға зейін қой. Жеткізу тізбегін өзіңнің тұтынушылық құндылықтары тізбегіне қос.  Бәрінен жақсы не істей аласың – соған назар аудар. Артық қиындықтардан сақ бол. Сапаны үнемі бақыла. Алдымен тапсырыс, содан кейін жеткізу.

4.     Өз қызметкерлеріңді сүй. Басшы қандай болса, компания да сондай. Сенің фирмаңның корпоративтік мәдениеті жақын, дайындалған адамдарды жұмысқа ал. Ешқашан материалдық және моральдық көтермелеуден аянба. Әйтпесе,  қызметкерлеріңді де, нарығыңды да жоғалтасың.

5.     Табысыңа тек сенің клиенттерің кепілдік береді. Жаппай клиентті ізде. Өз компаниянның жағымды имиджі жаса да, оны тұрақты түрде нығайтып отыр. Сатып алушыға бағдарланған корпоративтік мәдениетті жаса. Тұтынушылармен кері байланысты тиімді қыл. Стратегиялық байланыстарды орнату туралы ұмытпа, олардың қазір   беретіні мүмкін аз шығар, бірақ бір жылдан кейін олардың көмегімен әлдеқайда көп пайда алуға болады.

6.     Ешқашан жетілдіруден бас тартпа. Таңдаған бағыттан тайма, бірақ нарықта жеңілмеу үшін   үздіксіз инновациялар енгізу қажеттілін үнемі есте сақта. Кәсіпкерлік шығармашылықтың әдет-ғұрыптарын дамыт.  Мәселелерді шешуден жалтарма– олар өздерінен өздері жоғалмайды.   Ешкім қателіктер мен сәтсіздіктерден сақтандырылмаған. Тәуекел – игілікті іс.

7.     Жаһандық көлемде ойлан және іс-әрекет жаса. Әлемдік нарыққа бірте-бірте шық. Жаһандық масштабта өс. Қажет кезде бейімделе біл. Өз жеткізушілеріңе әлемдік нарыққа шығуға көмектес. Жергілікті мәдениет пен нарыққа бейімделуге дайын бол.

8.     Өз дарыныңа және өз-өзіңе адал бол. Қазіргі уақытта қоғамда беделді деп, саған тән емес іспен айналыспа.  Сенің дарының қоғам үшін жаңа беделді құруға қабілетті болатындай жаса.

9.     Құр өсуді  ғана мақсат қылма. Әрқашан түпкі нәтижесі болу керек. Есіңде болсын, өсудің өз тәуекелдері бар. Тиімді бол. Бәсекелестеріңді назардан тыс қалдырма.