Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Глоссарий


ҚАЗАҚСТАНДА ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІҢ БАҒЫТТАРЫ

1.Кіші жекешелендіру (еңбеккерлердің саны 200 адамға дейін) 2. Жаппай жекешелендіру – орта және ірі кәсіпорындар (200-500) және халыққа жекешелендіру купондарының бөлінуіне негізделді; 3.Жеке жобалық жекешелендіру-ірі кәсіпорындар  мен мемлекеттің ерекше маңызды  кәсіпорындары. Кезеңдері:1)1991-1992 ж. мемлекет  меншігінің реформасы  кең көлемде  нарықтық  экономикаға  көшуге жағдай  жасау үшін; 2)1993-1995 ж. мемлекет иелігіндегі  мүлікті  халыққа қайтару арқылы  нарыққа  көшу; 3)1996-1998 ж. жеке сектордың басымдылығын күшейту  мен халыққа мүліктің қайтарылуының аяқталуы; 4)1999-2000ж. мемлекеттік меншікті  басқару  мен жекешелендірудің  заңдылық негізін жетілдіру және басқарудың тиімділігін көтеру. Мемлекеттік үлеске қатысы бар кәсіпорындар белгіленді.