Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Глоссарий


ҚАЙТА САҚТАНДЫРУ ШАРТЫ

қайта сақтанушы мен қайта сақтандырушы арасындағы келісім, олардың өзара қатынастарын айқындайтын және құқтары мен міндеттерін белгілейтін заңды құжат. Қайта сақтандыру шарты бойынша бір компания (қайта сақтанушы) тәуекелді істі қайта сақтандыруға беруге, ал екінші компания (қайта сақтандырушы) оны қабылдауға міндеттенеді. Қайта сақтандыру шартында қайта сақтандыру әдісі, қайта сақтандырушы жауапкершілігінің лимиттері, оның шартқа қатысу үлестері, сыйлықақы мен залал бойынша есептесу нысандары, қайта сақтандыру комиссиясы, тантьема, т.б талаптар келісіледі. Бұл шара қайта сақтанушы мен қайта сақтандырушы арасындағы дауларды сот немесе төрелік жолымен талқылау кезінде қаралатын негізгі құжат болып табылады. Ол үйлесімді және үйлесімсіз Қайта сақтандыру шарты болып бөлінеді. Үйлесімсіз шарттарға үлестемелік және эксцеденттік шарттар, үйлесімсіз шарттарға көбінесе “Тоқтатым-лосс” (“Стоп-лосс”) деп аталатын залалдылық шарттары жатады.