Колл-центр(Тегін қоңырау шалу):
1408+7 (800) 080 18 90

Глоссарий


ҚАЗЫНА ЖИНАУ

жеке тұлғалардың қазына (қорланым) үдерісі. Толымды (металл) ақша атқарымының бірі.

Қазына жинау айналыстағы ақшаның мөлшерін өз бетінше табиғи реттеуші ретінде әрекет етеді. Айналыстағы толымды ақша мол болғанда ол өзінен-өзі қазынаға айналады, керісінше, қазынаның азаюы үдерісінде қолма-қол ақшаның айналысы толығады. Қаражаттың мемлекеттік деңгейде қорлануы босалқы алтын қоры (сақтаулы қор) ретінде көрініс табады, жеке тұлғалар үшін материалдық байлық болып табылады.[1]