Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Қай нысанды таңдау керек. Артықшылықтары


Шағын бизнестің немен айналыспауы керек?

Шағын кәсіпкерлік субъектілері кейбір бизнес түрлерімен айналыспауы тиіс. Нақтырақ айтқанда, егер шағын бизнес субъектісі төменде көрсетілген қызмет түрлерімен айналыса бастаса, онда ол бірден өзінің «шағын бизнесмен» мәртебесін жоғалтады.

Бұл қызмет түрлеріне мыналар жатады:
1. есірткі заттары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты қызмет
2. акциздеуге жататын өнімді өндіру және (немесе) көтермелеп сату
3. астық қабылдау орындарындағы астықты сақтау жөніндегі қызмет
4. лотерея өткізу
5. ойын және шоу-бизнес саласындағы қызмет
6. мұнай, мұнай өнімдері, газ, электр және жылу энергиясын өндіру, қайта өңдеу және сату жөніндегі қызмет
7. радиоактивті материалдар айналымымен байланысты қызмет
8. банк қызметі (немесе жекелеген банк операцияларының түрлері) және сақтандыру нарығындағы қызмет (сақтандыру агентінің қызметінен басқа)
9. аудиторлық қызмет
10. бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет
11. кредиттік бюро қызметі
12. күзет қызметі

Егер сіз осы бизнес түрлерімен айналысуды шешсеңіз, онда шағын бизнес субъектілеріне белгіленген жеңілдіктер сізге қолданылмайтын болады.

Енді жеңілдіктердің өзі жайлы. Әрине, бұл жеңілдіктер айтарлықтай маңызды емесе болып көрінуі мүмкін, алайда өз ісін нөлден бастағандар, бастапқы капиталы жоқ немесе қаражаты шектеулі тұлғалар үшін мұндай жеңілдіктер өз ісіне жарату үшін қандай да бір қаражаттарын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, бұл жеңілдіктер мемлекеттік органдармен байланысты белгілі бір процедураларды жеңілдетуге, сонымен қатар оларды жылдамдатуға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік тіркеу мөлшерлемелері туралы

Өз бизнесін енді ғана бастағандар үшін өз ісін тіркеуге қажет болатын шығындар сомасы маңызды болып табылады. Тіркеу мөлшерлемелері ҚР салық кодексімен айлық есептік көрсеткіштермен (АЕК) белгіленген. Сондықтан нақыт соманы анықтау үшін жай ғана тиісті АЕК санын тиісті жылға республикалық бюджет туралы Заңмен белгіленген АЕК мөлшерлемесіне көбейту керек (2013 жылы ол 1731 теңгені құрайды).

Сонымен, заңды тұлғаны тіркеу үшін шағын бизнес субъектісі 2 АЕК, ал орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектісі – 6,5 АЕК жұмсайды.

Шағын бизнесті жүргізетін үшін жылжымайтын мүлікті тіркеу сондай-ақ арзанға түседі. Мысалы, тұрғын үйдің ішіндегі тұрғын емес жайды (мысалы, дүкенді) немесе тұрғын емес ғимаратты (қойма, ТЖО ғиамараты және т.с.с) тіркеу үшін шағын кәсіпкерлік субъектілері тек 1 АЕК төлесе, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері 8 АЕК төлейтін болады.

Бұл жерде соңғылары үшін тұрғын емесе нысандағы мүліктік кешендерді тіркеу үшін алынатын тіркеу алымының мөлшері тіркелетін объектілер санынан байланысты болады (2-ден 5-ке дейін объектілер – 15 АЕК, 6-10 объекті – 20 АЕК және т.с.с.), ал шағын бизнес субъектілері үшін бұл мөлшерлеме әрдайым тұрақыт болып қала береді – 1 АЕК.

Заңнамада көзделгендей, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін алымды төлеуден құрылған сәтінен бастап 3 жыл бойы кадрларды даярлау және оқытумен айналысатын шағын кәсіпкерлік субъектілері толық босатылады.

Шағын бизнес субъектілері үшін жеңілдіктер тіркеу мөлшерлемелерімен ғана шектелмейді. Заңнамада заңды тұлғаларды (шағын бизнес субъектілері) құру кезінде құжаттарды тіркеу және берудің айтарлықтай қысқа мерзімдері көзделген.

Әкімшілік жауапкершілік

Кәсіпкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарту барысында салынатын айыппұлдар мөлшері де көбінесе кәсіпкердің қай санатқа жататынына дай байланысты болады. Айыппұлдардың аз мөлшері шағын және орта бизнес субъектілері үшін белгіленген, айыппұлдардың көп сомалары ірі кәсіпкерлік субъектілерге қатысты қолданылады.

Мәселен, еңбек заңнамасын бұзу шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалар үшін бестен онға дейінгі АЕК мөлшеріндегі айыппұлға әкелсе, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырмадан жиырма бес АЕК мөлшерінде қолданылады.

Есептелген (есептеп шығарылған) салықтар сомасы мен басқа да бюджетке міндетті төлемдерді төлеуден жалтару үшін жеке кәсіпкерлер (шағын немесе орта бизнеске жататындығына қарамастан) отыз бес АЕК мөлшеріндегі айыппұл төлейтін болады. Шағын немесе орта бизнес субъектліре болып табылатын заңды тұлғалар жүргізілген есеп айырысулардың (үстеме есептеу) сомасынан отыз бес пайыз мөлшеріндегі айыппұлды төлейді. Ал ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүргізілген есеп айырысулардың (үстеме есептеу) сомасынан елу пайыз мөлшеріндегі айыппұл салынады.

Осылайша, «шағын бизнес» санатына жату тиімді, өйткені кейбір әрекеттер арқылы уақыт пен ақша үнемдеуге болады. Алайда, өзіңіз байқағандайғ мұндай жеңілдіктер аса елеулі емес және өте шағын бизнес түрлері үшін мәнді болуы мүмкін.

ЖЕКЕ КӘСІПКЕР НЕМЕСЕ ЖШС МЕ? 8 АЙЫРМАШЫЛЫҚТЫ ТАБЫҢЫЗ

Өз ісіңізді тіркеуге баруыдң алдында-ақ өзіңіз үшін бір сұраққа жауап берген дұрыс болар. Қандай түрде жұмыс істеген жөн? Яғни, бизнесті жеке тұлға реінде ме, әлде заңды тұлға ретінде жүргізген дұрыс па?

Алдымен, заңды және жеке тұлға арасындағы айырмашылықты түсіндірейік, өйткені көпшілік бұл терминдердің нені білдіретінін біле бермейді. Шынын атйқанда, кейде заңды тұлғаның – заң білімін алған адам деп түсінетіндерді де кездестірген кез болды. Әрине, бұл олай емес. Заңды тұлға деп түрлі ұйымдарды атайды. ЖШС, ПИК (КСК), АҚ, ӨК, ҚҚ — мұның барлығы заңды тұлғалар, нақтырақ айтқанда, заңды тұлғаның формалары.

Жеке тұлға болып біздің әрқайсымыз табыламыз. Қазақстан азаматы, АҚШ азаматы, Ресей, Канада, Нигерия азаматы және т.с.с., сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлға – бұлардың барлығы жеке тұлғалар болып табылады.

Сонымен, меншік бизнесті жеке тұлға ретінде жүргізуге болады, яғни жеке кәсіпкер (ЖК) (1 нұсқа), немесе жеке тұлға құрған заңды тұлға (2 нұсқа) арқылы да жұмыс істеуге болады. Мысалы, Ахметов деген адам 1 нұсқа бойынша ЖК Ахметов деп істеуіне де, сондай-ақ, мысалы, «Супер спорт» ЖШС деген атауы бар, жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) құрып, осы бизнестің барлығын аталған заңды тұлғаға байланыстырып қоюяна болады.

Былай деуге де болады: ЖК = азамттың өзі. Ал заңды тұлға – бизнестегі өз бетімен әрекет ететін ойыншы және де оны осы заңды тұлғаны құрған азаматпен теңестіруге болмайды.

Заңды тұлғалардың кең тараған түрлерінің бірі болып ЖШС табылады. Неліктен ол кең тараған? Өйткені оны құру оңай, және ол біз осы мақалада қарастыратын бірқатар артықшылықтарға ие.

Алайда бизнесті жүргізудің одан да жеңіл түрінің бірі болып ЖК табылады, оны заңды тұлғаны құрмай-ақ тіркеуге болады. ЖК жұмысы бірқатар даусыз артықшылықтарға ие болады, кемшіліктері де жоқ емес. ЖШС мен ЖК арқылы бизнес жүргізудің ерекшеліктерін салыстырайық.

1. Біріншіден, ЖК-ді құру процедурасы әлдеқайда жеңілдірек. ЖШС-ті тіркеу бірақ күрделірек (және ұзағырақ). Мысалы, ЖШС тіркеу үшін жарғы қажет – орыс және қазақ тілдерінде жасалған (бұл ретте егер ЖШС типтітк жарғы бойынша жұмыс істеуді таңдаса, онда жарғы қажет емес). Жарғыда көрсетілген бизнесті жүргізу шарттары өзгергенде, оған өзгертулер енгізу керек – ХҚКО-на бару, құжаттар дайындау және т.б. ЖК-дің жарғысы болмайды, демек, оған өзгертулер енгізудің қажеті жоқ.

2. Екіншіден, ЖК, әдеттегідей, аздаған көлемде салықтар төлейді, олардың корпоратвитік табыс салығы да жоқ.

Егер жалпыға бірдей белгіленген салық режімі шеңберінде жұмыс істейтін ЖК мен ЖШС салыстыратын болсақ, ЖК табысынан 10 % мөлшерлемесі бойынша салық төлеуі тиіс, ал ЖШС жеке табыс салығын төлмегеніне қарамастан, корпоративтік табыс салығын 20 % мөлшерлемесі бойынша төлейтін болады (кейбір жағдайларды қоспағанда).

Сонымен бірге, ЖК де, ЖШС те жеңілдетілген декларация бойынша жұмыс істей алады. Бірақ ЖК үшін табысының максималды мөлшері соны алғанға дейін жеңілдетілген декларация бойынша тоқсанына 10 000 000 теңгені құраса, ЖШС үшін – 25 000 000 теңгені құрайды. Сондай-ақ ЖК қызметкерлер штаты жеңілдетілген түрі бойынша 25 адамнан (ЖК құрылтайшысымен бірге) аспайды, ал ЖШС үшін – 50 адамды құрайды.

ЖК барлық салықтарды төлегеннен кейін пайданы өз мақсатында пайдалана алады, ал ЖШС құрылтайшысы пайданы 5% мөлшеріндегі жеке салықты төлегеннен кейін ғана билей алады.

Сондықтан да бизнес көлемдері тұрғысынан ЖК емес, өз ЖШС құрған тиімдірек.

3. ЖК бухгалтерлік есебі. ЖК үшін бухгалтерлік есепті тіпті жүргізбеуіне де болады, және де бұған егер ЖК арнайы салықтық режім шеңберінде патент немесе бір реттік талон негізінде жұмыс істейтін болса, бухгалтерлік есеп туралы заңмен рұқсат берілген. Заңды тұлғалар үшін бухгалтерияны жүргізбей жұмыс істеу мүмкіндігі жоқ. Сонымен, патент бойынша жұмыс істейтін ЖК бухгалтерді жалдамай-ақ, өз табысын үнемдейді.

4. Тағы сол сияқты әкімшілік жауапкершілік туралы да айтуға болады. Жеке кәсіпкерлерге салынатын айыппұлдар мөлшері заңды тұлғалармен салыстырғанда азырақ. Мысалы, ҚР ӘҚтК 206 бабы бойынша салық төлеуші салық органына ЖК салық есебін ұсынбауы үшін 30 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшеріндегі айыппұлмен жазаланады, ал заңды тұлғаларға (соның ішінде ЖШС) – 45-тен 70-ке дейінгі АЕК көлеміндегі айыппұл салынады. Сонымен қатар, заңды тұлғаға салынған айыппұлмен қатар, әкімшілік бұзушылық жасаған заңды тұлғаның қызметкеріне де айыппұл салынуы мүмкін.

5. Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың міндеттемелері бойынша жауапкершілігі туралы білу өте маңызды. Мысалы, егер жеке кәсіпкер өз серіктестерімен қарыздар бойынша төлем жасамаса, оның ақшасы жоқ болған жағдайда, қарыздарды өтеу үшін оның жеке мүлкіне (пәтері, саяжайы, автомобилі, тұрмыстық техника және өзгесі) мәжбүрлеп өндіріп алу шарасы қолданылуы мүмкін.

Ал егер сондай жағдай ЖШС-де пайда болса, қарыздар бойынша оны құрған құрылтайшысы емес, осы ЖШС есептесуі тиіс. ЖШС негізгі артықшылығы осы – оның құрылтайшысы - осы заңды тұлғаны құрған азаматтан ЖШС жауапкершілігін шектеу. Сондықтан егер сіз өз бизнесіңізді шығынсыз жүргізуге болатындығына сенімді болмасаңыз, немесе сіздің жоғалтқыңыз келмейтін мүлкіңіз болса, онда ЖШС құру, сол арқылы жұмыс істеу туралы ойланған жөн болады.

6. Сондай-ақ ЖК мәртебесі туралы имидж тұрғысына айта кету қажет. Дәстүрлі түрде ЖК арқылы кәсіпкерлікті жүргізуден гөрі ЖШС арқылы жұмыс істеу орнықты деп саналады. Дегенмен, шын мәніде, өзінің едәуір, кішкентай емес бизнестерін құрып, беделге формасымен емес мазмұнымен - өз тауарлары, жұмыстары мен қызметтерінің сапасымен қол жеткізген жеке кәсіпкерлер жетіп артылады.

7. ЖК-мен байланысты болуы мүмкін тағы да бір проблема – бұл өз бизнесіңді бірден, «әп-сәтте» сатуға мүмкіндіктің жоқтығы. ЖК бизнесін жеке кәсіпкердің мүлкі сияқты сатуға болады. Бірақ егер бұл мүлікті басқа тұлға сатып алса, алдыңғы ЖК беделі жоғалатын болады, өйткені жиналған беделді сатуға болмайды ғой.

ЖШС-те керісінше, бүкіл ЖШС (барлық мүлкі мен түк қалдырмай) сата отырып, бизнесті стауға болады. Яғни, оның құрылтайшысы жай ғана ЖШС-ті сата алады – оған қатысу үлесі еркін түрде басқа тұлғаға беру үшін иеліктен шығарылуы мүмкін. Мұндай операция нәтижесінде бизнесті жүргізу уақытынң ішінде жинақталған барлық нәрсе ЖШС-те қалады және ЖШС жинақтаған барлық беделі де сонда қала береді (егер серіктестік бұрынғыдай болса). Тек қана заңды тұлғаның менішк иесі ауысады (ол туралы тұтынушы біле бермейді немесе қызығушылық танытпайды).

8. ЖШС тағы да кім үшін пайдалы – бизнесті бірлесіп жүргізгісі келетіндер үшін. Бұл кезде бірнеше тұлға қатысатын ЖШС-ті жай ғана тіркеп, табыстарын ЖШС-ке салған үлестеріне сәйкес пропорционалды түрде бөлуге болады.

ЖК шеңберінде бизнесті бірлесіп те жүргізуге болады – бірлескен қызмет туралы шарт негізінде. Бірақ мұндай бірлесіп бизнес жүргізу түрі бірлескен ЖК жұмысын нақты реттеудің жоқтығынан әлдеқайда ыңғайсыздау болады. ЖШС қатысты «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» деп аталатын тұтас бір заң әрекет етеді. Онда бірнеше тұлғадан тұратын ЖШС жұмысының барлық ұсақ-түйектері толық жазылған.

ЖЕКЕ ЖК НЕМЕСЕ БІРЛЕСКЕН ЖК

Жеке кәсіпкерлердің жалғыз, немесе басқа жеке тұлғалармен бірлесіп те жұмыс істеулеріне болады. Мысалы, А. атты азамат айрықша түрде тек өзінің атынан жұмыс істей алады – ол өзінің атынан тауар сатып алады, қызметтер көрсетеді, қарыздары (міндеттемелері) бойынша өзі жауапты болады. Ол үшін ол барып, ЖК тек өзінің атына ғана тіркеуі тиіс.

Бірақ мынадай жағдай да болуы мүмкін – біздің А. деген мырзамыз басқа біреумен немесе біреулермен (достарымен, туыстарымен, жай ғана ниеттестерімен) бірлесіп бизнесті жүргізуді шешеді. Мысалы, А. өзінің Т. деген досымен бірге ТЖО ашуды ұйғарды делік.

Бұл жағдайда заң «жеке кәсіпкерлікті» бір адамға ғана емес, бірнеше тұлғаға, бірақ бір атаумен тіркеуге мүмкіндік береді. Мысалы біздің мысалымызда мынадай атау болуы мүмкін – «Супер мастер» ЖШС.

Жағдай біртүрлі болып көрінуі мүмкін, өйткені жеке кәсіпкер дәстүрлі түсінуде – бұл бір адам. Бірақ біздің заң ЖК тіркеу туралы бір куәлікке осы ЖК бірнеше тұлғаға тіркеп, ашуға мүмкіндік береді, оған жеке СТН береді (оның қатысушыларының СТн басқа). Кәсіпкерліктің мұндай түрі бірлескен кәсіпкерлік деп аталады. Бұл ретте «бірлескен ЖК» барлық қатысушылары, егер өзгесі олардың арасындағы шартпен көзделмесе, өздерінің коммерциялық әрекеттері үшін бірлесіп жауап береді.

Жалпы ЖК-тің бірлескен кәсіпкерлік түрінде құрылуының бірнеше жағдайлары бар. Егер сіз ЖК тіркеу туралы өтініштің бланкісіне қарайтын болсаңыз, онда бірлескен кәсіпкерліктің үш түрін құруға болатындығы көзделгенін көре аласыз:

1) жұбайлардың кәсіпкерлігі (жұбайлардың ортақ бірлескен меншіктері негізінде жүзеге асрылатын кәсіпкерлік)

2) отабысылық кәсіпкерлік (ортақ бірлескен шаруа (фермерлік) шаруа қожалығы меншігі немесе жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ бірлескен меншік базасында жүзеге асырылатын отбасылық кәсіпкерлік)

3) жай серіктестік

Осы жарияланым шеңберінде біз бірлескен кәсіпкерліктің екі-ақ түрін қарастырамыз – жұбайлардың бірлескен кәсіпкерлігі мен жай серіктестік. Отбасылық кәсіпкерлік туралы айтатын болсақ, оның шаруа қожалығы сияқты түрі ол туралы ақпараттың өте көлемді болуы себебінен жеке мақалада қарастыруды талап етеді. Жекешелендірілген тұрғын үй негізіндегі отбасылық кәсіпкерлік кең тарай қойған жоқ, сондықтан біз қарастырмаймыз.

Жұбайлардың кәсіпкерлігі. Мынадай мысал келтірейік. Некеде тұрған ер мен оның әйелі қандай да бір мүлікті сатып алды, Мысалы, пәтерді сатып алды. Бұл пәтердің жұбайлардың біріне ғана тіркелуі мүмкін екендігіне қарамастан, ол бәрібір олардың ортақ мүлкі болып саналады. Сонымен, біздің ерлі-зайыптыларымыз бизнес жасауды шешті – осы пәтерді жалға беруді. Ол үшін олар екеуіне бірдей жеке кәсіпкерді тіркеу туралы куәлікті алып, бірлескен кәсіпкерлікті жүргізе алады.

Бұл жерде жұбайлар іскерлік айналымда екі жұбайдың да атынан олардың біреуі ғана әрекет ететіндігі туралы келісе алады. Яғни, мысалы, пәтерді жалға беруде шарттағы жалға беруші (мүлікті жалға беретін тұлға) болып жұбайлардың біреуі ғана әрекет етеді. Айта кететін жайт, жұбайдың іскерлік айналымда басқа жұбайдың әрекет етуі туралы келісімі бірлескен ЖК тіркеу кезінде расталады.

Егер де жұбайлар келіспесе, онда бизнесте олар бірлесіп әрекет етеді, яғни, пәтерді жалға беру кезінде жалға берушілер ретінде екі жұбай да көрсетіледі. Бірақ біз бұл ережеден ауытқу деп болжайық, өйткені егер олар істерді кімнің жүргізетіндігі туралы келісіп алмаса, онда бірлескен бизнес туралы тіпті ұмытуға болатын шығар.

Біз болжамдап отырған сұрақ оқырмандар да туындауы мүмкін: бизнестегі жұбайлардың жалпы пәтерін (немесе қандай да бір басқа мүлікті) пайдалану кезінде жұбайлардың екеуін де бірлескен кәсіпкерлік түрінде тіркеу міндетті ме? Жұбайлардың бірі тіркеліп, екіншісінің тіркелмей-ақ қоюына болмай ма?

Жауабы мынадай – иә, болады, яғни, ЖК жұбайлардың екеуіне де тіркеу міндетті емес. Олардың біреуі ғана тіркелсе, жеткілікті. Алайда, ортақ мүлікті пайдалану үшін егер өзге жағдай заңдармен немесе неке шарты, немесе жұбайлар арасындағы өзге де келісіммен көзделмеген болса, мұндай пайдалануға екінші жұбайдың келісімі қажет.

Ортақ мүлікке иелік етуге қатысты (мысалы, оны сату), бұл ретте осындай иелік ету үшін екінші жұбайдың келісімі қажет. Егер де, мысалы, өз қызметін жеке жүргізетін әйелі (яғни, ЖК тек өзіне тіркеген болса) ортақ мүлікті өзінің күйеуінің келісімісіз сатып жіберсе, мұндай сату-сатып алу шарты жарамсыз деп танылуы мүмкін.

Оның үстіне, жұбайы, егер ол бірлесіп жинақтаған мүлікке (пәтерге, базаға, дүкенге) немесе тіркеуге жататын басқа да мүлікке иелік еткісі келсе, екінші жұбайының келісімін нотариалды түрде растау қажет.

Көп жағдайларда бизнесте пайдаланылатын сатып алу-сату шарттарына бұндай келісімсіз қол қойылады, өйткені мәміле жасайтын жұбайы нотариусқа өзінің некеде тұрмайтындығын айтады. Нотариус мұндай мәмілелерді оның отбасылық жағдайын тексеруге өкілеттіктері жоқ болғандықтан, осы жұбайының сөздерінің негізінде куәландырады. Кейіннен сатушы жұбайының тарапынан жасалған осы бұзушылық мәмілені жарамсыз деп тануға негіз болып табылады.

Біздің ойымызша, бизнесте екеуіне бірдей ЖК тіркеусіз, жұбайлардың бірі ғана әрекет еткені тиімдірек болады. Бұл міндеттемелер бойынша жауапкершілік мәселесіне байланысты. Түсіндіріп кетейік.

Жұбайлардың атына бірлескен кәсіпорын тіркелген жағдайда олар жауапкершілікті де бірлесіп көтереді. Яғни, егер жұбайлардың бірі немесе екеуі де банкте бизнестері үшін қарыз алса, бірақ оны төлей алмаса, қарыздар бойынша олар барлық мүлкімен – жеке мүлкі, бірлескен меншіктегі мүлікпен де жауап береді, тіпті егер бизнестегі істерді күйеуі ғана жүргізді десек те. Мысалы, егер олардың меншігінде пәтер тұрса, өндіріп алу ла пәтерге толығымен салынатын болады.

Бірақ егер ЖК ретінде тек қана жұбайлардың біреуі тіркелсе, және осындай жұбайы, кредит алды, және төлей алмады делік, онда мұндай өндіріп алу тек осы жұбайдың мүлкіне ғана (мысалы, некеге дейін сатып алған машинаға) және ортақ мүліктегі үлеске, біздің мысалда – оған тиесілі пәтердің жартысына қолданылады. Пәтердің басқа бөлігіне меншік құқыққа ЖК ретінде тіркелмеген екінші жұбайы ие болады. Оның бөлігіне өндіріп алу қолданылмайды.

Осылайша, жауапкершілік көзқарасынан, бизнесте жұбайлардың ортақ мүлкін пайдалану кезінде ЖК ретінде бір ғана жұбайдың тіркеліп, әрекет еткені ұтымды, өйткені ол бірлескен емес, жеке кәсіпкерлікті жүргізеді.

Бірлескен кәсіпкерліктің тағы бір түрін қарастырайық – жай серіктестік түріндегісін.

Алдымен жай серіктестік деген не екендігін түсіндіріп кетейік. Жай серіктестік пен жауапкершілігі шектеулі серіктестікті (ЖШС) шатыстыруға болмайды. Егер ЖШС – заңды тұлға (ұйым) болса, жай серіктестік – табыс алу мақсатымен бірлесіп жұмыс істеу үшін бірнеше азаматтардың қосылған бірлестігі. Мұндай бірлесітк заңды тұлға болып табылмайды.

Бұл азаматтар бірлескен қызмет туралы шарт жасасу арқылы бірігеді. Мысалы, А. деген тұлға Б. деген тұлғамен бірлесіп қызмет ету туралы шарт жасайды және олар бірлесіп жұмыс істеуді шешеді. Егер сіз біздің екі досымыз – ТЖО иелері туралы мысалды ұмытпасаңыз, оларды дәл сол жай серіктестіктің мысалы ретінде келтіруге болады.

Мұндай жай серіктестікті құру туралы қажеттілік жалпы қай кезде туындауы мүмкін? Және де оны құру керек пе? Мысал келтіріп, түсіндірейік.

Сонымен, екі дос өздерінің ТЖО ашуды шешті. Біреуінің (А) қажет жабдықты қойып, автокөліктерге жөндеу жүргізуге болатын жекеменшік ғимараты бар. Екіншісінің (Б) А. азаматында жоқ автокөліктерді жөндеу тәжірибесі бар. Бұл жағдайда достар өздерінің арасында бірлескен қызмет туралы шартқа (немесе жай серіктестік шартына) қол қоюларына болады, онда олар келіс туралы уағдаласады:

- А. бірлескен қызметке ғимартты пайдалану құқығын салады;

- Б. барлық жөндеу процесін ұйымдастыруды жүргізеді;

- достардың әрқайсысы ортақ іске 1 миллион теңгеден салады;

- істерді жүргізу мен басшылықты олар А.-ға тапсырады (немес Б.-ға, келіскендеріне қарай);

- шығындар мен табыстарды бөлісу олардың арасында 50-ге 50 бойынша жүргізіледі (немес келіскендеріне қарай);

- шығындар 50-ге 50 мөлшерінде немесе өзге де мөлшерде жабылатын болады.

Бірлескен қызмет туралы шартты жасағаннан кейін жігіттер барып, бірлескен ЖК-ті тіркеулеріне, тіркеу туралы бірыңғай куәлік алуларына, және де кейіннен бірігіп жұмыс істеулеріне болады.

Мынадай сұрақ туындауы мүмкін – бірлескен қызмет туралы шартты жасау, екеуі де ақшаны бірге табуға ниеттенсе, екі серіктеске де тіркелу міндетті болып табылады ма?

Жоқ, мұны істеу міндетті емес.

Мысалы, мынадай да нұсқаны орындау мүмкін болады: А. ЖК ретінде жалғыз тіркеліп, жұмысқа Б.-ны басқарушы ретінде жұмысқа қабылдай алады.

Бұл жағдайда бұл бірлескен кәсіпкерлік болып табылмайды. Бұл жерде Б.-ның мәртебесі азырақ қорғалған болып көрінеді, себебі ол бизнестің ресми иеленушісі болып табылмайды, тек жалданбалы қызметкер болып, кез келген уақытта белгілі бір себеппен жұмыстан босатылуы мүмкін болады, ал бірлескен бизнеске барлық құқықтар (соның ішінде табылған ақшаға немесе ортақ ақшаға сатып алынған мүлікке) құқықтар А,-да қала береді.

Жалпы, айта кету керек, егер сіз бизнесті біреумен бірлесіп жүргізгіңіз келсе, сізге жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) құру туралы ойлану керек болады, онда бірлесіп бизнесті жүргізу тәртібі заңнамада нақтырақ және толығырақ жазылған. Ал жай серіктестік туралы ондайды айта алмайсың.

Сонымен, енді сіздер ЖК – бір-ақ тұлға емес, оның «бетпердесінің» астында бірнеше бірлескен кәсіпкерлік түрінде жұмыс істейтін бірнеше бизнес серіктестердің болуы мүмкін екендігін білесіздер.