Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Кімге/қайда бару керек (тіркеу органдары)


Орта және ірі дәрежедегі заңды тұлғаны тірке дәстүрлі түрде жүргізіледі, яғни кәсіпкер ХҚКО арқылы белгіленген үлгідегі өтініш * пен алым төленгені туралы түбіртекті өткізуі тиіс.

* - АҚ мен ӨК тіркеу үшін «Қалай ашу керек» бөлімінде көрсетілген басқа да қосымша құжаттар керек .

ЖШС-ті қалай тіркеу керек

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті (ЖШС) тіркеу үшін сізге келесі сатылардан өту керек :

1 -ші саты

Бірінші сатыда Сіз өз бизнесіңізді тіркеуден өткізіп, оны ЖШС формасын қолданып жүргізетініңіз туралы шешім қабылдайсыз.

2 - ші саты

Екінші сатыда Сіз ЖШС-ң құрылтай құжаттарын дайындауыңыз қажет :

1. ЖШС құру туралы шешім (е гер ЖШС-ны бір адам құрса) . ЖШС-ң құрылтай келісім-шарты ( егер ЖШС-ны көп адам құрса ), сонымен қатар, құрылтай келсім-шарты тіркеу оранына берілмейді .

3 -ші саты

ЖШС-ті мемлекеттік тіркеу үшін алым ( егер ЖШС шағын кәсіпкерлік субъектісі болмаса ) – 6,5 АЕК (2013 жылы 1 АЕК – 1 731 те ң ге), ол 11 251 те ң ге 50 тиын ға тең .

ЖШС-ті мемлекеттік тіркеу үшін алым ( егер ЖШС шағын кәсіпкерлік субъектісі болса ) – 2 АЕК ( 2013 жылы 1 АЕК – 1 731 те ң ге), ол 3 462 те ң ге ге тең .

Мемлекеттік тіркеу үшін алым ЖШС-ң тіркелу орны бойынша банк арқылы төленеді. Алымды төлеу үшін деректемелерді ЖШС-ң тіркелу орны бойынша салық басқармасынан ала аласыз.

4 -ші саты

Осы сатыда Сіз ЖШС-ті мемлекеттік тіркеу туралы өтінішты толтырасыз. Егер Сіз өз қызметіңізді Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Үлгілік жарғы негізінде асыруды шешсеңіз, Сіз ЖШС-ті Үлгілік жарғы негізінде мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті толтыруыңыз керек. Бұл өтініш байланған, нөмірленген, нотариалды куәландырылған түрде үш данамен өткізіледі.

5 -ші саты

1. ЖШС-ті мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті толтырып, оған заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін алымның төленгені туралы түбіртекті немесе құжатты қоса тіркеңіз.

Енді ЖШС-ң орналасқан жері бойынша халыққа қызмет көрсету орталығына құжаттарды өткізуіңізге болады.

Егер Сізде ЖШС-ті тіркеу туралы сұрақтар туындаса, Сіз мына телефонға хабарласа аласыз: 8-7172 58-00-58 ( Әділет министрлігінің кеңесі ). Көрсетілген нәмірге Қазақстанның кез келген аймағынан хабарласуға болады. Немесе ЖШС-ң орналасқан жері бойынша халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінуге болады.

6 -шы саты

Бұл сатыда құжаттарды халыққа қызмет көрсету орталығына өткізгеннен кейін бір жұмыс күнінен кеш емес (құжаттарды қабылдау және беру күндері мемлекеттік қызметті көрсету уақытына кірмейді) уақытта ЖШС-ті мемлекеттік тіркеу туралы анықтама аласыз.

Хабарламалық түрде көрсетілетін «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу» электрондық қызметі бойынша нұсқаулық:

- құрылтайшының ЭСҚ-сы (электрондық сандық қолтаңба) болуы керек ;

- интернет-мекенжай бағамына «Электрондық үкімет» порталының мекенжайын ( http://egov.kz ) енгізіп, өзіңізді авторизациялау керек ;

- қызметті пайдалану үшін «Бизнес» бөлімінде «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» қызметін таңдау керек ;

- белгіленген үлгідегі хабарламаны толтырып, заңды тұлғаның толық атауын қазақ және орыс тілдерінде енгізу керек; ұйымдық-құқықтық нысанын таңдау керек; басқару органдарының құрамын көрсету қажет ;

- құрылтайшылар туралы деректерді ат-атымен енгізу ( ЖИН – для жеке тұлғалар үшін , БИН – заңды тұлғалар үшін ), салым сомасы, басшы туралы деректер ( ЖИН ), заңды тұлғаның мекенжайы ;

- алымды «электрондық үкімет» шлюзы арқылы төлеу ( Салық кодексінің 456 бабына сәйкес алым мөлшері ШОК үшін - 2 АЕК );

- төлеу процесін бітіргеннен кейін құрылтайшының жеке кабинетіне кіріп мәртебесін тексеру бетіне ауысып, толық өтінішке қол қою керек ;

- қол қойылған сұрау автоматты түрде «Заңды тұлғалар» мемлекеттік базасына ақырғы өңдеуге жіберіледі ;

- 30 минуттың ішінде «Мемлекеттік тіркеу жасалды» деген жауап келеді (қызмет нәтижесі – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама рdf форматында ).