Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Қалай ашуға болады


Өз бизнесін ашу үшін кәсіпкер заңды тұлға ашу керек.

Заңды тұлға келесі түрдерде ашылуы мүмкін :

  • ЖШС ( жауапкершілігі шектеулі серіктестік );
  • ӨК ( өндірістік кооператив );
  • А Қ (акционер лік қоғам ).

Өз бизнесіңізді ашудың ең лайықты түрі шағын, орта, ірі бизнес дәрежесімен ЖШС ашу болып табылады.

Шағын бизнес субъектісі ретінде ашылатын ЖШС-ны мемлекеттік тіркеу тәртібі хабарламалық сипатта жүргізіледі. Ол үшін кәсіпкер :

  • «электрондық үкімет» порталында хабарлама толтыру;
  • төлем картасымен алымды (алым мөлшері - 2 АЕК) төлеу

керек.

Мемлекеттік тіркеудің растамасы болып «электрондық үкімет» порталында бір күн ішінде электрондық нұсқада берілетін мемлекеттік тіркеу жөнінденгі анықтама болып табылады. .

Орта және ірі кәсіпкерлік субъетілері заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына келесілерді өткізеді:

  • белгіленген формадағы өтініш ;
  • мемлекеттік тіркеу үшін алым ( алым мөлшері – 6,5 АЕК ).

АҚ ашу үшін :

  • белгіленген формадағы өтініш ;
  • жарғы ;
  • құрылтайшылар жиналысының хаттамасы, немесе жалғыз қатысушының шешімі ;
  • мемлекеттің тіркеу үшін алым .

Өндірістік кооператив ашу үшін :

  • белгіленген формадағы өтініш ;
  • кооператив мүшелерінің тізімі ;
  • мемлекеттің тіркеу үшін алым .

Ескерту : «Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік электрондық қызметі www.egov.kz порталында көрсетіледі .

Осы қызметті пайдалану үшін алдымен өзіңізді электрондық сандық қолтаңба арқылы қуаттау қажет.

Одан соң, «Бизнесті тіркеу және дамыту» мәзірінде заңды тұлғаны құру үшін жасау керек қадамдардың бәрін сипаттайтын «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу» бағанын таңдау керек.

Жоғарыда көрсетілген шағын, орта, ірі бизнес субъектілеріне жататын заңды тұлғалар өз қызметтерін үлгілік жарғы негізінде асыруға болады.

Сонымен қатар, мемлекеттік тіркеу үшін алымды төлегені туралы түбіртекпен бірге мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нотариалдық куаландырылған үш данасы ұсынылады.