Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Заңды тұлғаны тіркеу бойынша нұсқаулық


ЖШС ТІРКЕУ

ЖШС-ті тіркеу мемлекеттік тіркеу туралы өтініш негізінде жүргізіледі. Оны толтыру кезінде айтарлықтай қиындықтар туындамауы керек, алайда ЖШС - ті тіркеуге өтініш берудің алдында білуге қажет кейбір тұстары бар. существляется на основании заявления о государственной регистрации.

Осы өтініштің барлық тармақтарын ретімен шолып шығайық.

1. Ұйымдастыру түрі (тиісті х ұяшығын көрсетіңіз):

1) заңды тұлға ______

2) филиал________________

3) өкілдік _____

Бірінші тармақта 1) «заңды тұлға» жолында белгі қою керек

2. Заңды тұлғаның , филиалдың (өкілдіктің) атауы _________________________________________________

Екінші тармақта сізге өзіңіздің ЖШС үшін ойлап тапқан заңды тұлғаның толық атауын көрсету керек. Мысалы, «Жұлдыз» жауапкершілігі щектеулі серіктестігі (әрине, «Жұлдыз» атауының орнына тырнақшаның ішіне өз атауыңызды көрсетесіз).

Бір маңызды нәрсе: ЖШС атауын көрсетудің алдында сізге Қазақстанда осындай атауы бар басқа заңды тұлға тіркелген жоқ па екендігін біліп алу қажет.

Мұны тексерудің екі жолы бар: — «Заңды тұлғалардың ұқсас атауларын тексеру » атты арнайы қызметі бар әділет министрлігінің сайты арқылы немесе тиісті әділет департаментінің заңды тұлғаларды тіркеу бөліміндегі болашақ ЖШС-тің атауы туралы ақпаратты «іздеп» көру арқылы.

Егер алдын-ала ЖШС атауын тексеруді жасамаса, сіз ойлап тапқан атауы бар ЖШС сәтсіз іс болып шығуы мүмкін. Өйткені осындай атауы бар заңды тұлға бұрынырақ жасалып қоюы әбден ықтимал, сондықтан да сізге ЖШС-ті тіркеуде рұқсат берілмеуі мүмкін.

3. Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) құрамына шетелдік инвесторлардың қатысуы (тиісті х ұяшығында көрсетіңіз): 1) иә_____________2) жоқ____________

Үшінші тармақты толтыру кезінде егер ЖШС құрылтайшыларының бірі болып шетелдік азамат немесе шетелдік заңды тұлға табылса, «иә» деп көрсетіледі.

4. Заңды тұлғаныңғ филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жері

Почталық индексі:____________________Облыс:________________________Қала, аудан, қаладағы аудан: ____________________________________Елді мекен (ауыл, кент): ________________________________

Көше, шағын аудан, квартал, тұйық көше, даңғыл: __________________

Үйдің нөімірі ________, пәтер, бөлме:______________

Телефон (факс) нөмірі:____________________

Бұл тармақта көрсетілетін ұйымның орналасқан жері өтінішке қоса тіркелетін ЖШС орналасқан жері туралы құжаттағы мекенжайға сәйкес болуы тиіс. Мұнын қандай құжат екендігі білу үшін сіз «ЖШС-ті қалай құру керек» атты бейнесабақтан толық біле аласыз.

5. Басшының Т.А.Ә. ____________________________________________ СТ Н (жоқ болған жағдайда СТН аналогы немесе елдің кодын көрсету керек)____________

Бұл жерде барлығы оңай – ЖШС-тің болашақ басшысының аты-жөні мен СТН-нін көрсетеміз.

6. Құрылтайшылар құрамы мен саны (тиісті х ұяшығында санды цифрмен белгілеп, көрсетіңіз): 1) заңды тұлға _________________

2) жеке тұлға _______________________________________

Заңды тұлғаның атауы ______________________________

СТН, СТН аналогы немесе ел коды (шетелдік заңды тұлға үшін) _____________________________

Жарғылық капиталдағы үлесі %________Салым сомасы (мың теңге) ____________

Жеке тұлғаның Т.А.Ә. _____________________________________________

СТН, СТН аналогы немесе ел коды (шетелдік жеке тұлға үшін)_____

СТН, СТН аналогы немесе ел коды (шетелдік заңды тұлға үшін) _______________

Бұл тармақта кімнің құрылтайшы болып табылатындығын (жеке немесе заңды тұлға), құрылтайшылар саны мен олардың толық деректерін көрсету керек. ЖШС құрылтайшылары — бұл серіктестікті құратын жеке тұлғалар немесе ұйымдар. Егер ЖШС-ті жалғыз ғана құрылтайшы құрса, онда «Жарғылық капиталдағы үлесі» деген жолда «100 %» деп, ал егер бірнешеу болса, ЖШС қосымша құрылтайшылар алдын-ала уағдаласқан қатысу үлесінің мөлшері көрсетіледі.

Егер құрылтайшылар саны біреуден артық болса, алтыншы тармақта көзделген солар туралы мәліметтерді өтінішке жеке парақта тіркеу қажет.

7. Экономикалық қызметтің негізгі түрінің кодын көрсетіңіз:_________________________

Бұл тармақта ЖШС-тің негізгі қызмет түрінің қандай болатындығына байланысты берілетін ЭҚЖЖ деп аталатын код көрсетіледі. Бұл кодты ХҚКО-да немесе статистика жөніндегі кез келген басқармадан білуге болады.

8. Жарғылық капитал мөлшері ___________________________________________

Бұл тармақта сіздің өзіңіздің жарғыңызда көрсеткен және өзіңіздің ЖШС - не салым ретінде енгізуді жоспарлап отырған жарғылық капиталдың мөлшері көрсетіледі. Заңнамада жарғылық капиталдардың ең аз мөлшерлері белгіленген. Мәселен, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін ең аз жарғылық капитал шын мәнінде аз және бар жоғы 100 (!) теңгені құрайды. Орта бизнес субъектілері болып табылатын ең аз жарғылық капитал 100 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) кем болмауы тиіс.


9. Филиал (өкілдік) құрушы заңды тұлға туралы мәліметтер

Заңды тұлға (резидент емес) Атауы ___________________________________________

СТН (жоқ болған жағдайда СТН аналогы немесе ел кодын көрсету керек) ________________________________________________________

ЖШС-ті құру кезінде өтініштің 9 тармағы толтырылмайды, өйткені ол ЖШС-тің өзі емес, оның филиалы, немесе өкілдігі тіркелген жағдайлар үшін көзделген.

10. Жұмыс істейтін адамдардың күтілетін (шамаланған) саны ___________________

Бұл жолда ЖШС-те жұмыс істейтін қызметкерлер санын көрсету керек. Әрине, ешкім бұл жерде нақты дәлдікті талап етпейді және ЖШС-ті құрғаннан кейін оның қықзметкерлерінің саны түбегейлі өзгеруі мүмкін.

Алайда, мысалы, шағын бизнес субъектілері үшін қызметкерлер саны 50 адамнан аспауы керек екендігін ескерген жөн. Соныдқтан да, егер сіз өзіңізде 60 адам жұмыс істейді деп көрсеттіңіз делік, онда өтініштің 11 тармағында (төменірек қараңыз) сіз өзіңіздің ЖШС шағын бизнес субъектісі болып табылады деп көрсете алмайсыз. Дәл солай орта бизнес субъектілеріне де қатысы болады. Олардың саны 250 адамнан аспауы тиіс, кері жағдайда ұйым орта бизнес субъектілеріне жатқызылмайды (ол ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылады).

11. Жеке кәсіпкерлік субъектісі (тиісті х ұяшығында көрсетіңіз):

1) шағын кәсіпкерлік субъектісі _______________________

2) орта кәсіпкерлік субъектісі _____________________

3) ірі бизнес субъектісі _________________________________

11 тармақта сіз өзіңіздің ЖШС-ді қандай кәсіпкерлік түріне жатқызатындығыңызды көрсету керек. Бұл ретте, мәртебесін анықтау үшін болжамдалатын қызметкерлер саны мен құрылатын ЖШС активтерін негізге алу керек.

12. Заңды тұлғаны құрудың алдында қайта құру жүргізілді (тиісті х ұяшығында көрсетіңіз):

1) қайта құру _________________________________

2) бірігу ________________________________________

3) бөліп шығару _____________________________________

4) бөлу____________________________________

12 тармақ егер серіктестікті сіз осы тармақта көрсетілген төрт операциялар нәтижесінде емес, «нөлден» бастасаңыз толтырылмайды.

«____»________________20_жыл

Өтінішке қоса тіркеледі ___________________________________________

Өтініш берушінің Т.А.Ә.

Өтініштің барлық тармақтарын толтырғаннан кейін датаны қоясыз, содан кейін өтінішке қоса тіркелетін ЖШС-тің барлық құжаттарын көрсетесіз. Өтінішке болашақ ЖШС-тің құрылтайшысы (құрылтайшыларының бірі) қол қояды.